Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР – дағы жергілілікті мемлекеттік бақсару мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді.
Жергілкті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру тарихи, этникалық, географиялық және басқа жағдайларға байланысты объективтілік және субъективтілік фаткорлардың негізінде жүреді.Осы себепті мемлекеттерде жергілікті басқаруды ұйымдастырудың және тиісінше осы құбылысты заңдық реттеудің сан алуан түрлі практикасы бар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Констиуциясы жергілкті органдардың жаңа үлгісін бекітті. Ол оларды жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға: жергілікті өкілді органдар, 2)жергілікті атқарушы органдар.
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілкті мемлекеттік басқаарудан бөлінді.
Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік аумақтық бөлік тұрғындарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. ҚР Конституциясы «Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзі-өзі басқару» туралы бөлімінде 8 – бабында жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89 бабы бойынша «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындардың тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзі-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі заңда көрсетліген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен білгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді.Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслиахттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әртүрлі болуы мүмкін.
Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып келеді.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
— жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар;
— Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады.
— Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың (селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мiндеттерi:
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
— Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
— жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
— бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
— Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
— қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;
— жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
— өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
— жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы:
Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.