Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру

Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқару органдары тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен бірге тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне : аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру т.б жатады.

Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін және Конституцияны орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады.

Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын талдайтын және оны орындайтын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады.

Жергілікті атқару органдарының өкілеттігі «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 42-46 баптарында жете мазмұндалған.

Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар.Жергілікті өкілді орган облыстың, ауданның, халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шаралар белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Бірінші белгі – бұл сайланбалық. Бірақ сайланбалық жергілікті өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды.

Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.Мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркін білдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған (біріккен, қосылған, қайта қүрылған, бөліп шығарылған немесе бөлінген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жүмысы басталғанға дейін мәслихат депутаттары өз өкілеттігін сақтайды және қүрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта үйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.

Тиісті мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында — елуге дейін; қалалық мәслихатта — отызға дейін; аудандық мәслихатта — жиырма беске дейін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы. белгілеген оның депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледі.

Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар қүрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жагдайда, мәслихат түрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратьш және қайта үйымдастыра алады.

Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілеиді. Түрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.

Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледі.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге  асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың (селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.