Жарнама – туризм саласындағы тиімділікті жоғарлатудағы ең маңызды құралы туралы қазақша реферат
Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз тауарларды, қызметтердi, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез – келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектiсiне аудару үшiн орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.
Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмадым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.
Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
1.Тiкелей жарнама:
— пошта хаттары, баспа материалдары;
— пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
2.Баспа жарнамасы:
— анықтамалар, каталогтар;
— пресс – релиз, баспасөз хабарламасы;
— буклет;
— анықтама;
3.Баспасөз жарнамасы: газеттер мен журналдар:
4.Хабар жарнамасы: радиожарнама мен тележарнама:
5.Сыртқы жарнама;
— үлкен габариттi плакаттар;
— жарықдиодты құрылымдар;
— роликтер;
— мультивизиуалды плакаттар;
— билбордтар;
5.Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд –фильмдер;
6.Транспорт жарнамасы: Транспорт сыртындағы жарнама және транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар;
7.Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы , зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар («ай — стоппер”);
8.Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея.
Жарнаманың психологиялық әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейiмен анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерiстерiнiң шамалап бiлуге болады. Ал оны нақты есептеу шығару қиын.
Маркетингтік әрекетте жарнаманы қолдана отырып жарнаманы тұтынушыға әсер ететің өте күшті құрал екенің ұмытпаған жөн. Сондықтан жарнамаға қойылатын негізгі талап шындық. Жарнаманы жасау объектісіне байланысты тауарлық және престиждік жарнама деп бөлуге болады. Тауарлық жарнамаға қойылатын талаптар — туристік өнімге сұранысты құру мен ынталандыру. Бұндай жарнама потенциалдық клиенттерді өнімнің артықшылығы мен өнімді сатып алуға қызығушылық тудырады. Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған, ол бір жағынан адамның демалысқа құқығың мойындау болып табылады. Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді. Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу талдауына, мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек, туризмді мемлекеттің әлеуметтік, мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді.
Қазіргі кездегі туризм бұл әлем экономикасында құлдырауға берілмейтін сала. Мамандандардың есебінше, орта есеппен алғанда шетелдік бір туристтен түсетін кірісті алу үшін, әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна тас көмір, 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидай өнімін шығару керек. Бұл жерде әр шикізатты сатқанда мемлекеттің энерго сақтаушы орындары азаяды, ал туристік индустрия қалпына келу ресурстарында жұмыс істейді. Сұранысты ынталандыру іске асқан жағдайда тұтынушылардың, сатушылардың, делдалдардың назарын сіздің еншінізге аударып және оны сатып алуға ынталандыратын кызметтер түрі мен шаралар кандай? Жарнамамен катар олар сауда белсенділігін қолдайтын шараларды, баспасөздің түрін жариялауды, кауымдастармен байланыс жасауды және т.б. камтиды. Жарнама осы тұтас жүйенің ортаңғы буыны.
Жарнамасыз тауардың кең нарықта қалыптастыруға, ықтимал қажетiлiктердi сұранымға айналдыруға болмайды. Коммерциялық жарнаманың алып машинасы тұтынушыны қалыптастыруға, оған қысым жасап, керектi сенiм тәрбиелеуге арналған. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып, ықтимал тұтынушыны несиенi пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейдi.
Жарнама қызметiнiң жоспары көптеген факторларды нақтылы талдау және көптеген балама нұсқаларды бағалау негiзiнде жасалады.
Жарнама — нақтылы өндірушілерге, саудагерлерге, табыстырушың тауарына, қызметіне назар аударту және олардың шотынан, олардың маркасымен осы тауар мен кызметін сатып алдырту мақсатында ұсыныс, тауар мен кызметті сатып алдырту мақсатында ұсыныс, шақыру, кеңес және кепілдеме тарату.
Қазақстан Республикасында туристік саладағы жарнаманың сферасы қазіргі таңда өте актуальді және даму стадиясында орналасқан.
Туристік жарнаманы анықтау мен оны туристік фирмаларда дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама туристік кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
— туристік фирмадағы жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер;
— Қазақстан Республикасындағы туристік жарнаманың даму темпі
— Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.