Тауардың мәні, түрлері, қызметтері

Тауардың мәні, түрлері, қызметтері туралы қазақша реферат

Тауар — экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуі үдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардын бәсекелес тауар-дан нақты қоғамдьщ тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кететін шығыңдар бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсеке қабі-леттілігіне ие болу керек.

Тауар:

1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі;

2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық кдтынастар нысаны. Әрбір тауардың түұынушылық кұны, яғни адамның қандай да болсын кажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол тауарды жасау-шының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас бары-сындағы сыртқы көрінісі бо-лыптабылады. Барлық тауардың құны сапалық жағынан бір-текті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шыгынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның қүнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мұмкін. Тауар атқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тар-тымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, т.б. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

Тауарлардың мынадай түрлері бар:

— Аукциондық  тауар,

— биржалық тауар,

— ақшалай тауар,

— тұтынушьшық тауар,

— қолда бар тауар,

— көпшілік колды тауар,

— арзанқол тауар,

— төменқол тауар,

— өтімді тауар,

— еркін айналыстағы тауар,

— стандарт­талған тауар,

— импорттық тауар,

— экспорттық тауар

— стратегиялық тауар,

отандық тауар,

шетелдік тауар, т.б. түрлерге бөлінеді.

Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;

3) кеден құқығында — мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықараралық жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткі-зілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерцерциялық, контрабан-далық тауар болып бөлінеді