Тауар айналымы және тұтыну құны

Тауар айналымы және тұтыну құны туралы қазақша реферат

Тауар айналымы белгілі бір уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және сатып алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өткізудің (сатудың) жиынтық қүнын бейнелейтін экономикалық көрсеткіш.

Айналыс аясындағы тауар қозғалысы, тауардың өндірушіден түтынушыға ауысу үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен жөне өндірістен тұтынуға етуімен байланысты үдеріс. Ол көтерме сауда және белшек сауда айналымы түрінде болуы мүмкін. Тауар айналымытранзиттік және қоймалық түрлеріне ажыратылады. Транзиттік тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды жеткізушіден (өндірушден) өз қоймасына апармай, тауар алушыға тікелей жөнелтіп, сатады. Қоймалық тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды өз қоймасына қабылдап, қоймалық өңдеуден өткізеді, кажет болған жағдайда тауарларды жиынтықгайды, со-нан соң белшек саудаға жөнелтеді немесе өңдірістік үдерістің кезекті сатысына жібереді.

Тауар-ақша қатынастары — маркстік саяси эко­номияның нарықтық қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі. Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып алу-сату, айырбастау арқылы көрініс табады.  Нарықтық қатынастардың тауар белгісі — бір заңды немесе жеке түлғаның тауар-ларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды не-месе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.

Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген Тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, келем және басқа таңбалар немесе олар-дың күрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қыскэртылған немесе толық атауларын; ресми бақьшау таңбаларын, кепілдікті жөне сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да. айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін. Тауар белгісі заңмен корғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір белігіне қа-тысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі (ли-цензиар) Тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бо-йынша басқа тұлғаға (лицен-зиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын онімге смсс, шыгаруіпы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған ла-тынша К. әрпімен — ® таңбаланады. Тауар таңбасың иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады. Тауар белгісі (сауда таң-балары) фирмалық тауарларға, орамаларға (тоғанақтарға), сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, зат-белгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жагдайда айналым-нан тыс активтердің күрамында есептеледі.

Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арна-луы), ал статистика мақсаты үшін — есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болі.ш табылады, тауар — нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және тұтынушылық құны (немесе құндылыгы) бар, белгілі бір сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы болады, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады.

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:

1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.

2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.

3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.                                                                                 Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап өткенедей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.