Кооперативті Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі

Кооперативті Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі туралы қазақша реферат

  1. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту шаралары.
  2. Тұтыну рыногын тәртіпке келтіру.
  3. Нарықтық қатынастарға негізгі бағыттары.

1.Өтпелі  кезеңде экономикалық тұрақтандыру, басқару өнерін көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республикалық  экономикалық тұрақтандыру мақсатымен өкімет 1990ж  6-желтоқсанда  қазақ  жоғарғы кеңесінің жарлығы бекітілген арнайы бағдарламалар жасаған.

Осы бағдарламаларға  сәйкес тұрақтандыру шарттарының бірі – мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту. Бұл үшін Республикалық, жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қысқарту ревизиясы жасалады.

Бюджет  шығысын келесі баптар бойынша қарастырады:

    • Өндірістік  құрылысқа күрделі қаражатты  азайту. Мемлекеттік жоспарлау практика ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы  объектінің даму қағидасы сақталған. Бұл  қағида экстенсивті экономикаға  және оның әкімшілдік — әміршілдік шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер  шығаруды күшейтуге көп көңіл  бөлінді.
    • Жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттарын жоғалтқан қосымша шығындар мерзімінде игерілмеген  бөлінбеген қаражаттар.
    • Бұрын қабылданған барлық инвестициялық бағдарламалардың күшін жою.
    • Тиімсіз шығындарға жасалатын мемлекеттік ұйымның тексерісі.

 

Бюджет  кірісін жоғарлатуда  үлкен роль атқаратындар:

    • Мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер.
    • Жергілікті өндіріс өнімдерінің кең айналымынан алынатын салықтарды енгізу.
    • Еркін бағалар бойынша импорттық тұтыну бағаларын, тауарларын сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.

Одан  басқа тұрақтандыру шаруашылық жиынтығын, үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған  саясатын жүргізу әрекеті кіреді. Дайындығы төмен объектілердің  құрылысы уақытша тоқталады, отын және шикізат кен орындарын ұзақ мерзімді жалға беру, тұрғындарына сатуға және мұраға қалдыру құқығымен тұрғын үйлерді сатуды күрт жандандыру кәсіпорын  акцияларын өткізу жатады.

Тұтыну  рыногын тәртіпке келтіру экономикалық басқару жүйесіндегі негізгі  объектілердің бірі нарықтық неізгі элементтерін басқару, яғни тұтыну нарығының  қалыпты қызмет етуі. Өкімет тұтыну нарығын толтыру шаралар кешенін  ұсынады және жүзеге асырады.

Заттың  логикасы бойынша бұл мәселені  шешудің басты қайнар көзі- барлық тауарлық ресурстардың ішінде басты  орынды  алу меншікті орынды алу. Осыған байланысты көптеген мәселелерді  шешуге болады.

    • бірінші кезекте, тапшылық және техникалық күрделі бұйымдарды шығаратын мамандандырылған кәсіпорындарды құру негізінде тұтыну тауарлар өндірісінің қуатын тездетіп өсіру.
    • республикалық  айырбасты дамыту.
    • Үкіметтің халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың республикалық қорын құру.
    • Сәйкес тауарлар тобы бойынша республикалық және жергілікті тауарлар резервін құру.

Қазақстан экономикасын басқарудың қалыптасып келе жатқан жүйесіне бірқатар өндірісті  тұрақтандыру шаралары кіреді. Олар:

    • республика кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан байланысты және республикааралық келсім шарттарды сақтау
    • мемлекеттік тапсырыс жасау жолымен шаруашылық байланыстарды тікелей мемлекеттік реттеуді қамтамассыз ету
    • өз кінәсіз қиын жағдайдағы кәсіпорындарға уақытша қаржылық көмек көрсету үшін арнайы тұрақтандыру қорларынқұру. Тұрақтандыру қорлары бюджеттік қаражаттардан, сонымен қатар облигация сатудан қалыптасады.

Нарықтық  қатынастарға өтудің негізгі бағыттары. Республиканың тиімді шаруашылық жүйесін  құруға қажетті негізгі шарт болып  жаңа меншік қатнастары табылады.

Бұл қатынастар келесі  мәселелерді  қамтиды:

— экономиканы мемлекет иелігінен  алу және меншікті жекешелендіру.

Мемлекет  иелігінен алу және жекешелендірубірінші кезекте меншікті орталықсыздандыруды  ұйғарады. Өтпелі кезеңде экономиканы  мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендірудің негізгі нысандары (форма)

    • кәсіпорындарды, ұйымдарды және халық шаруашылық обьектілерін акционерлендіру
    • мемлекеттік меншікті жалға және коллективтік меншікке беру
    • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар базасында жергілікті  және халқаралық кәсіпорындар құру
    • мемлекеттік меншікті заңды және жеке тұлғаларға сату

Өтпелі  кезеңнің ірі бағыттарының бірі болып  экономикада кәсіпкерліктің және бәсекелестіктің  дамуы болып табылады.

Нарықтық  экономикаға өту өзінің обьективті шарты ретінде өндіріс сферасындағы монополизімді жеңу, бөлу және тауар  айналымындағы республика аймақтарының тұйықтылығы қарастырылады.

Қазақстан Республика үкіметінің монополияға  қарсы саясаты келесі негізгі  бағыттары бойынша жүргізіледі.

    • нарық инфрақұрлымының қалыптасуын тездету
    • шағын және орта кәсіпорындардың дамуы