Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіптің инфрақұрылымы туралы қазақша реферат
Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіптің инфрақұрылымы нашар дамыған. Фармацевтикалық машина жасау жоқ болып отыр. Өндірілген дәрілік препараттарды өткізу жүйесі қажетті деңгейде жасалмаған. Осындай жағдайда фармацевтикалық саланы тиімді басқару жүйесін құру оның жемісті қалыптаса бастауының маңызды факторларының бірі болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, фармацевтикалық өнеркәсіп өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде белгілі бір мемлекеттік жеңілдіктер жүйесі болмай дами алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа жолдауында Елбасы халықтың денсаулығы мен салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты бірқатар міндеттер қойды.«Әзірше денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі Қазақстан азаматтарының талаптарына сай емес. Денсаулық саласы басты мәселе болуы тиіс. Қолда бар инфрақұрылымда медициналық қызмет сапасын ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Аурухана салып, қондырғыларды сатып алып, мамандарды оқытып жатырмыз. Бірақ бұл салада да кейін қалып келеміз. Сондықтан да Үкімет алдағы уақытта денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру, дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Ауруды емдеуден гөрі, оның басымдығы ретінде алдын алып, алдын ала диагностика жүргізу мен анықтау, емдеу секілді бағдарламаны қабылдау қажет. Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті шаралар жүргізіп, медициналық қызметтің нақты жұмысын бағалау қажет», – деді Мемлекет басшысы [5]. Өз кезегінде кәсіпорынның көтерме сауданы қамтамасыз ету-өндірістік-технологиялық, инновациялық және қаржылық саясатты қалыптастыру үшін база қызметін атқаруы тиіс. Нақты жоспарланған және құжат түрінде бекітілген өнім өткізу саясаты кәсіпорынның өнім өткізу қызметін бақылаудың тиімді құралы болып табылады. Негізделіп қалыптасқан және өнім өткізу саясатын тиімді бақылау кәсіпорынды жоғары бәсеке қабілеттілікке ие етеді, осының арқасында кәсіпорынның ары қарай табысты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Осы тақырыптағы дипломдық жұмысты таңдауға- өндіріс көлемін ұлғайту үшін, аталған бағыттың қажеттілігі, сонымен қатар қазақстандық кәсіпорындардың микроортасына сәйкестендірілген жұмыстардың жеткіліксіздігі себеп болды.
Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың дамуын талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
— әрекет етуші фармацевтикалық өндірістер ескірген және модернизацияны талап етеді;
— мемлекеттің салықтық және инвестициялық саясатын жетілдіру жағында заң шығаратын базаны өзгерту қажет;
— салаға салынған инвестициялардың аз көлемдері оның дамуын тежейтін фактор болып отыр;
— мемлекет жағынан саланы нашар басқару;
— дәрілік препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігі;
— төлем қабілеттілігі төмен сұраныс халықты арзан және тиімділігі аз дәрілік препараттарды қолдануға бағыттайды.
Қазақстанның фармацевтикалық индустриясының қалыптаса бастауының кезеңіне қарай дәрілік препараттарды өндірушілерді қолдаудың оңтайлы жүйесін жасау қажет. Бұл жүйе тікелей дотациялардың есебінен емес, инвестицияларды тарту, несиелік жолдар және мемлекеттік тапсырыстар арқылы қалыптасу тиіс. Сонымен бірге республиканың фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуына шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін заң шығарушы базаны құру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР Президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық ” бағдарламасы бойынша Қазақстан халықна жолдауы.2010.29.01.
2.Голубков Е. П. Маркетинговые исследование: теория, методология и практика.-М.:Изд.“Финпресс”, 2000.-461с.
3. Ф. Котлер “Маркетинг негіздері.” Алматы ,2000.-550б.
4. Есімжанова С.Р. Маркетинг. Оқу құралы. – Алматы: «Эко» Баспа үйі, 2005. – 448 б.
5.ҚР Президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясының алғашқы онжылдығының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау бағдарламасы.
6.Баева Е. Основные составляющие потребительских предпочтений покупателей лекарственных средств // Аль Пари.,2006. – 237с.
7. Ормантаев Р.К. Формирование и развитие фармацевтического рынка в РК // Фармация Казахстана. – 2006. –347с.
8.Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования :Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2005. – 320 с.
9. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы: Оқу кұралы:Алматы, Қазақ университеті, 2002. – 411 б.
10. Фатхудинов Р.А. Стратегический маркетинг: Учебник. — М.: ЗАО «Бизнес-школа» Интел-Синтез», 2000. –498б.
11.Нысанбаев С.Н, Садыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ университеті, 2002. –321б.
12.А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы және практикасы. Алматы, 2009.-367б.
13. Жолдасбекова Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы: Экономика баспасы, 2002. –297б.
14. Поспелов А.Н. Маркетинг и коммерция. – М.: изд. Книготорговый центр «Маркетинг», 2003, — 399 с.
15.www.stat.kz.