Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жылдар) туралы қазақша реферат
Ғылыми басқару Ф.У.Тейлордың, Френк пен Лилия Гилбреттің және Генри Ганттың еңбектерімен тығыз байланысты.
Ғылыми басқару мектебінің негізін қалаушылар қол еңбегінің көптеген операцияларын бақылап, өлшеп, логика және оның негізгі компоненттерін анықтады. Мысалы, Тейлор адамның әртүрлі көлемдегі күректерімен көтеретін темір рудасы мен көмірдің көлемін өлшеген. Гилбреттер прибор ойлап тауып, оны микрохронометр деп атаған. Олар белгілі бір операциялар кезінде қандай қозғалыстар орындалатындығын анықтау мақсатыңда кинокамераны қоса қолданған.
Басқаруға қызығушылықтың алғашқы ұшқыны 1911 жылы көрінген. Американ инженері Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) «Ғылыми басқару принциптері» кітабын жарыққа шығарды. Бұл басқаруды ғылым ретінде танудың басы болып саналады.
«Тейлор жүйесі» еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізін қалады, автор «жеке жұмыскердің ой-пікірін әртүрлі ережелер, заңдар, формулалармен алмастыруға және оларды тиімді қолдануға болады» деп санады. Мысалы, өте маңызды өндірістік мәселелердің бірі еңбекақыны жоғарыдағы жүйе былай қарастырады:
• еңбекақы орынға емес, адамға төленеді;
• еңбекті нақты біліммен сараптап бағалау қажет;
• нақты білімге негізделген бағалар бірдей болуы қажет;
• осындай бағалауларға сәйкес тауар өндіру арзаңға түседі де, жұмысшылардың еңбекақысы жоғарылайды;
• нақты білімге негізделген еңбекақы үздік жұмысшыларды туындатуға мүмкіндік береді, олардың қызығушылығын оятады.
Тейлор, сонымен қатар, өндірістік процестерді жекелеген элементтерге бөліп қарастырып, олардың ең жақсыларын таңдап алып, қызметкерлерді үйрету керек деп санайды. Осыған байланысты жұмысшылардың қабілеттілік қасиетін арттыруға болады.
Тейлор жүйесін қолдану басқаруды жаңадан ұйымдастыруды, басқарушылардың жаңа міндеттерін талап етті. Ең бастысы таза сызықтық басқару мен функционалдық жүйе алмастырылды. Жоспарлау функциясына аса мән берілді. «Зауыт директормен емес, жоспарлау бөлімімен басқарылуы қажет. Зауыттың күнделікті жұмысы директор, басқарушылар және жоспарлау бөлімінің құрамына енбейтін басқа жұмысшылары бір ай бойы жұмысқа келмесе де тоқтап қалмайтыңдай жоспарлануы керек, жақсы директордың уақытша жүмысқа келмеуі байқалмауы қажет» деген ұғым бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ.
Тейлор жүйесінің де өз кемшіліктері бар. Олардың бірі дара басшылықтың әлсіреуі. Бірақ осы түрде ол жоғары нәтижелі болды: осы жүйе енгізілген Филаделыриядағы «Тейбор» зауыты шығынды кәсіпорыннан гүлденген кәсіпорынға айналды, өндірілген өнім көлемі жұмысшылар санын өсірмей-ақ үш есеге өсті.
Тейлор идеясы XXғасырдың бірінші жартысында ірі американ капиталисі Генри Фордтың кәсіпорындарында дамытылып, жүзеге асырыла бастады. Фордтың басқарудың ұйымдастыру-техникалық принциптерінің мәні төмендегідей болды:
1. Кәсіпорынның тікелей басқару аппараты қатаң ұйымдастырылды және соңғы мақсаты автомобиль дайындау болды. Өндірістің барлық бөлімдері каучук плантацияларынан, рудниктерден, металлургиялық зауыттардан бастап жинақ конвейерлеріне дейін бір орталықта басқарылды.
2. Бұйымның өзіндік құнын төмендетуде қамтамасыз ететін және тұтынушылар сұранысын қанағаттандыратьш жалпылама өндіріс қажет деп санады.
3. Автомобильдің жаңа модификацияларын көп шығынсыз жасауға көшу үшін дамыған стаңдарттау қажет,
4. Жүздеген және мыңдаған операциялардан тұратын терең еңбек бөлінісі болды. Бұл өндірістің үздіксіздігін арттыруға көмектеседі.
5. Өндірісті басқаруды тұрақты жетілдіріп тұру. Жұмыскерлерді төменгі біліктілік пен жоғары еңбекақымен қамтамасыз ету мүмкіндігін иелене отырып, ол өзін әлеуметтік кикілжіңдерден сақтандырады. Бірде біреу Фордтты мысқылдамақ болып, одан: «Ұлы рационализатор өзінің кәсіпорындары цехтарының зәулім терезелерін қолмен жууды қалай ғана жібереді екен, оған ақша қимастық болмай ма?» — деп сұрапты. Әрине қимаймын, бұл жерде механизация да қолдана алмаймыз. Бірақ та бұл жуу өзін толығымен ақтайды, өйткені таза шынылардан менің жұмыскерлерім қақпаның аржағында тұрған жүмыссыздардың үлкен тобын анық көре алады депті Форд.
Жалпы ғылыми басқару тұжырымдамасы маңызды өтпелі кезең болды, соның арқасында басқару ғылыми-зерттеудің өзіндік облысы болып таныла бастады. Бірінші рет практик басшылар мен ғалымдар ғылым және техникада қолданылып жүрген әдістер мен амалдарды ұйымның мақсатына жету практикасында тиімді қолдану мүмкіндігін кµрді.