Әртүрлі мектептердің негізінде қалыптасқан басқару әдістері

Әртүрлі мектептердің негізінде қалыптасқан басқару әдістері туралы қазақша реферат

Басқару объектісі — әрі техника, әрі адамдар. Басқару теориясында табысқа жету математика, инженерлік ғылымдар, психология, социология және антропология сияқты басқарумен байланысты салалардың табысына да қатысты. Бұл ғылым салаларының дамуына байланысты басқару облысының зерттеушілері, теоретиктері мен практиктері ұйымның табысқа жетуіне әсер ететін факторлар туралы мейлінше кең біле бастады. Бұл ілімдер мамандарға кейбір ертедегі теориялардың тәжірибе жүзінде неге төзбегенін түсінуге және басқарудың жаңа әдістерін іздеуге мүмкіндік береді.

Соның нәтижесінде, XX ғасырдың бірінші жартысында басқару туралы ой-пікірлердің төрт мектебі қалыптасты. Хронологиялық түрде оларды былай тізіп шығуға болады: ғылыми басқару мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасы мектебі, басқару ғылымы мектебі (сандық мектеп).

Соңғы уақыттардағы зерттеулер мен жоғары мектептердің теориялық жаңалықтарын тәжірибеге енгізгенде, басқару сұрақтарының көптеген жауаптары шектеулі жағдайларда ғана дұрыс болатындығы анықталған. Соған қарамастан, әрбір мектеп осы басқару облысына қомақты үлесін қосты. Тіпті ең прогрессивті қазіргі ұйымдардың өзі осы мектептерден туындаған концепциялар мен әдістерді қолданады.