Басқару ғылымы мектебі немесе мөлшерлік амал

Басқару ғылымы мектебі немесе мөлшерлік амал (1950 жылдан осы күнге дейін) туралы қазақша реферат

Математика, статистика, инженерлік ғылымдар және олармен байланысты білім облыстары басқару теориясына айтулы үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мөлшерлік әдістер басқаруда жеткіліксіз қолданылды. Ағылшындар немістердің әуеден үдемелі соққылау кезінде өз ұшақтары мен әуе қорғанысы қаруларының шектеулі мөлшерін сақтау үшін ең тиімді қолдану әдісін іздеуге мәжбүр болды. Кейіннен Еуропаға одақтастарды түсіруді әскери жағынан қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру әдісін іздеуге тура келді. «Операцияны зерттеу» деген жалпы атпен топтастырылған мөлшерлік әдіс өзіне сүңгуір қайықтар соғысын және жапон порттарын миналауды қосатын осындай және басқалай мәселелерді шешуде қолданылған болатын. Шын мәнінде операцияларды зерттеу – ғылыми-зерттеу әдістерін ұйымның операциялық мәселелерінде қолдану. Мәселе қойылғаннан кейін операцияны зерттеу жөніндегі мамандар тобы жағдайдың моделін жасайды. Модель — бұл шынайылықты елестетудің формасы. Жайшылықта модель шынайылықты қарапайым немесе оны абстрактілі түрде көрсетеді. Модельдер шынайылықтың қатпарлары түсінігін жеңілдетеді. Мысалы, жол картасы жергілікті кеңістікті көру мүмкіндігін жеңілдетеді. Бұндай модельсіз көзделген жерге жету едәуір қиын болар еді. Көру және қателесу әдісіне сүйенуге мәжбүр болушы едік. Дәл осылай операцияларды зерттеуде жасалған модельдер қарастыруға жататын ауыспалылардың санын басқарылу мөлшеріне дейін қысқарта отырып, күрделі мәселелерді жеңілдетеді.

Басқару ғылымы немесе мөлшерлік амал әсері бихевиористік амалдың әсеріне қарағанда өте әлсіз болды, өйткені көптеген жетекшілер операцияны зерттеу пәні мәселелерінен гөрі адамдық қатынастар, адамдық мінез-құлық мәселелерімен көп кездеседі. Сонымен қатар осы уақытқа шейін қиын мөлшерлік әдістерді пайдалана білуді түсінуге жететін білім тек аздаған жетекшілерде ғана болды. Бірақ та қазіргі кезде жағдай тез өзгеруде, өйткені көптеген бизнес мектептері мөлшерлік әдістер мен компьютерлерді пайдалану курстарын ұсынуда.