Бюджет туралы түсінік

Бюджет туралы түсінік туралы қазақша реферат

Мемлекеттің бюджеттен тыс қорларының әлеуметтік-экономикалық мәні, мағынасы: Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы. Бюджеттен тыс қорлары мемлекеттік қаржылар болып табылады. Бюдеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады. Бұл қорлардың дұрыс құрылуы мен пайдалануықаржылық құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.Бюжеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін.

Мемлекеттік несиенің мәні, мағынасы, нысаны және әдістері:

Мемлекеттік несие-бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағында жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы-несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие нысандары: мемлекеттік займ шығару, тұрғындардың коммерциялық банктегі халық салымдарының бір бөлігін мемлекет займына айналдыру, қазыналық ссудалар.

Мемлекеттік қарыз түсінігі, түрлері, басқару: Мемлекеттік қарыз дегеніміз белгілі бір күнде немесе белгілі бір мерзімнен кеін пайыздарымен бірге өтелуі тиіс, бірақ өтелмеген, шығарылған мемлекеттік займдар сомасы. Мемлекеттік қарыз қаржы жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады ( Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қаржы министрлігінің құрамында мемлекеттік қарызды реттейтін органдар жұмыс жасайды). Мемлекеттік қарыздардың қызмет етуі  жаңа займдар мен қарызды өтеуге байланысты қатынастар жиынтығымен сипатталады.

Мемлекеттік және мемлекет кепіл берген займдар мен қарыздарының алдағы 10 жылдағы жағдайы мен болжамына жыл сайын баға  беріліп отырылады. ҚР қаржы министрлігі ҚР үкіметінің займ алу шарттары мен нысандарын, көлемін, үкіметтік қарызды өтеудің және қамтамасыз етудің көлемі мен шекетерін, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарының шегін анықтайды. Түрлері: 1. Займ алушыға қатысты: үкіметтің займы, ҰБ-ң займы, жергілікті атқарушы органның займы.2. Ссудалық капитал нарығы бойынша: ішкі мемлекеттік займдар, сыртқы мемлекеттік займдар. 3. Займ алу нысаны бойынша: мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы; займ туралы келісім шарт жасау болып бөлінеді.