Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы туралы қазақша реферат
Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық). Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан. Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.
Ел өзінің күшті жергілікті өзін-өзі басқаруына түрткі болған ұлы француздың революциясы болды. XVIII-ғ-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне ең алғаш рет 1790 жылы қадам басты. Француз саясаткері Турэмэн. Ол өзінің баяндамасында екі мәселеге көңіл аударды:
1. Өзінің тұрғын тіршілігін білу, ол яғни муниципалдық басқаруға бағыттайды.
2. Мемлекеттік тапсырысын қадағалау, сондай көзқарастар.
«Еркіндік теория қатынасы» деп аталып кетті. Еуропада ХІХ ғасырда кеңінен тараған. Бұл теорияның негізіне жүктелсек, ол өзінің табиғаты бойынша тәуелсіз, олар мемлекеттік тармағына қалыптаспаған. Одан бұрын қалыптасқан және өзінің жұмыстары мен еркінше мәселесін қабылдай алады. Кейінірек 1835 жылы Белинскийдің Конституциясына еркіндік теория қатынасын қалыптастырған. Сонымен қатар, муниципалдық билікті мойындаған және де оған арналған жеке тармақтары болған.
«Еркіндік теория қатынасынан» кейін жергілікті өзін-өзі басқару теориясы келді. Осы теорияға көп еңбек сіңірген ғалым Гирке және Шеффнер. Сонан соң өз бағытын «мемлекеттік басқару теориясы» орын алды. Оған еңбек сіңірген ХІХ-ғ-да неміс ғалымы Штейнам және Гнелстон болды. Бұл орталық басқармадан айырмашылығы бұл жерде шенеуніктер басқармайды, яғни, өз жерлерін жергілікті тұрғындары сайлайды. «Мемлекеттік теория басқармасына» ешқандай өзгерістер енген жоқ. ХІХ-ХХ ғ-да мемлекеттік теория жергілікті жердің басқармасы мынадай: Ресейлік ғалымдар арқылы кең қанат жайды: В.П.Безобразов, А.Д.Градовский, Н.И.Лазеровский т.б. Сонымен жергілікті жердің басқаруы мынадай сұрақтарды қарастырады:
а) жергілікті жердің басқарудың құрылуы;
б) олардың орталықпен қарым-қатынасы;
в) көлемі және істің мазмұны.
Бір ғалымдар жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықтан және мемлекеттік механизм элементі ұйымдастыру болып қалыптасқан [3].
Соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде кең таралған дуалистикалық теория муниципалдық басқарумен болып табылады. Дуалистикалық теорияға бағынсақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіне мыналарды алады: мемлекеттікті де және әлеуметтікті де дәл дуалистикалық муниципалдық концепциясы, сондай-ақ түсініктеме бойынша феномаға жергілікті өзін-өзі басқару жақын практикада байқауымыз бойынша бұл механизмге мыналар оын алады: халық жағынан жергілікті өзін-өзі басқару өзінің функцияларын орныдауға бұйрық береді және мемлекеттік орган жергілікті өзін-өзі басқару көптеген тапсырыстар жүктейді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдарға қаржы жағынан тәуелді болып келеді [6].
Шынайы демократия – бұл халық билігі, орындалуы халықтың қызығушылығымен атқарылады. Сондықтан барлық демократиялық мемлекеттерде конституцияның негізгі элементтері жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады. Бұл басқарудың түсінігі жергілікті халықтың тұрған жерінде шешімді өзі қабылдап, жауапкершілігін алады. Жергілікті өзін-өзі басқару билік пен халықтың жақындауы және тусінуіне жақындатады. Өйткені, бұл демократияның алғышарты, басқарудың осы шарты жергілікті басқарудың ерекшелігін көрсетеді. Адамзаттың демократиялық жолда тез бейімделіп, демократияның орнығуына әкеледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару феноменіне түсіну өте қиын. Ғылымда жергілікті өзін-өзі басқару осы күнге дейін реттелген жоқ. Қазіргі авторлар осы мәселені зерттеуде, бірнеше түсінік қалыптасты. Ғылымда көп таралған бір түсінік бойынша жергілікті өзін-өзі басқару азаматтың құқығы болып саналады. Сол халық жергілікті мәселелерді өздері шешу керек. Үкімет жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындай отырып, осымен жергілікті биліктің жұмысын қадағалай отырып, өзінің қызығушылықтарын реттеп отырады. Өте жиірек басқару формасын ұсынады, сол жүйеге сүйене отырып, тұрғындар өздерінің құқығын, сонымен қатар әдет-ғұрпын, тарихын қорғай алады. Олар сол жергілікті жердің салт-дәстүрлері, тарихы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы мемлекеттің ажырамас территориялық құрылымы. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару өздеріне мынадай жауапкершілікті алады:
- Муниципалды жұмыстар
- Мемлекеттік құрылым жергілікті өмірдегі сұрақтардың шешілуін белгілі дәрежеде қысқарта отырып қатысады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті халықы өз биліктерін өздері іске асырады, демократиялық мемлекет және азаматтық қоғамның жоғары дәрежелі дамуы адамдардың күнделікті өміріне қатысады. Сондай-ақ, адамдардың демократиялық бойынша өсуін, халықтың өркендеуін, өзін-өзі қалыптасуын, тануын, өзіндік қызмет жасауын қадағалайды.
Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл мақсат емес, тек халықтың өмірлік жағдайын көрсету, жергілікті бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті өзін-өзі басқару ең бастысы жергілікті сұрақтардың шешілу бағыттарына мән береді. Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі – сайлау жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру [5].
Қысқаша айтсақ, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл жергілікті жердің билігін орнату және халықтың өзіндік, яғни өз еркімен шешім қабылдауы. Басқа мемлекеттерде жергілікті ұжымдар мемлекеттің тікелей араласуына байыпталады. Жергілікті өзін-өзі басқару деген жүйе бұл жақта мүлдем қарастырылмаған немесе тағы да солармен қатар параллельдік мемлекетке бағынатын ұжымдар болуы мүмкін. Жоғарыда қарастырылған деректерде жергілікті деңгей мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік басқаруын айтады. Мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті жерде, жергілікті өзін-өзі басқару халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылады, яғни жергілікті сайланған ұжымдар мен (жергілікті өзін-өзі басқару ) немесе мемлекеттік басқару жергілікті жерде деген термин бір сөзбен «муниципалдық басқару» деп аталынады. Ғалымдар муниципалды басқаруға әр түрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, Ресейде негізгі жаңаша муниципалды басқаруды «муниципалдық басқару» деп белгіледі. Ал өз бағытымен жергілікті өзін-өзі басқарумен салыстырғанда кең тараған және де өзіне мынадай жүйелерді қосады:
а) Мемлекеттік басқару жергілікті жерде, яғни республикалық және аймақтық мемлекеттік басқару жергілікті жерде қаражат, салық, жер мәселесін, сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігін қадағалайды.
ә) Жергілікті өзін-өзі басқару халық билігіне бағытталады.
б) Муниципалды менеджмент арадағы қарым-қатынасты, экономикалық өсуін қадағалайды. Бұл деректерге сүйене отырып, әрбір мемлекеттің өзіндік «муниципалдық басқару» органдарының бар екендігін айта аламыз.
Жергілікті өзін-өзі басқару әлемдік тануы мыналардан белгілі:
а) Территориялық ұжым экономикалық, қоғамдық, саяси сұрақтарды шешкенде жалпы өзінің бостандығын алады. Осы жағдайда ұжымдар және оларды қалыптастырған жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жан-жақты мәселелерін қарастырады. Соның ішінде жергілікті бюджетті пайдалану, экономикалық және әлеуметтік жағынан өсуін, мал шаруашылығын өсіруді, жол құрылысын және көліктік қатынасын өркендетуге байыпталады. Оның ішіне кіретіндер: үй салу, балабақша, мектеп, аурухана, кітапхана және т.б. құрылыстардың салуын қалыптастыру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары айналаны қорғауға жауапкершілік жүктейді [7,9].
ә) «Муниципалды басқару» кезінде қалалық және аймақтық бюджетті өсіруге талпынады. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті бюджетті пайдалану құқығын алады.
б) Муниципалдық сайлау арқылы жергілікті органдар және сайлаушылардың пікіріне қарай қалыптасады. Жергілікті тұрғындардың қатысуы арқылы жергілікті мәселелерді шешу кезінде оларды саясаттың мемлекеттік деңгейне көтерілуін байқаймыз. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды айтқанда әрбір мемлекетте олар орталық экономикада өркендейді.
Бұл муниципалдық жүйе жоқ дегенде бір-біріне қарама-қарсы екі бағытқа бөлінуіне әкеледі. Бұл елімізде жаңадан құрылып келе жатқан жергілікті өзін-өзі басқарудың қажеттілігінен туған.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәні, халықтың өз жұмыстарын басқаруына негізделген. Бірақ бұл мақсатты өмірге енгізу оңайға түспейді. Себебі жалпы әлеуметтік, ұжымдық, индивидуалдық мәселелерге байланысты сұрақтар тығыз шатасқан.
Бұның шындығы, түрлі деңгейдегі басқару субъектісінің қызыметімен анықталады.
Яғни жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы схемасын қайта өзгертпесе, жоғарыдағы айтылған мәселенің барлығы тек айтылған ой болып қана қалмақ.
Қандай бағыт болса да қайта құру мүмкіншілігі болу керек. Бұл бағыттағы ойлар әртүрлі ойлайды. С.И. Көлееваның айтуы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару ұғымында, өзін-өзі басқару ұйымының ерекше түріне жатқызуға болады. Өзін-өзі басқаруда жеке ұйым бет алысында тәртіптің жоғары болуы қолдау көрсетуге қатысты [1].
Бейімделген жүйені С.И. Көлеева сыртқы ортаның шартты әдісімен салыстыра анықтайды. Бұдан қорытынды ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне басқарылатын факторлардың қабылданбайтындығы байқалады.
В.В.Шекаренко жергілікті өзін-өзі басқару және басқару қатынасындағы мәселені қорытындылай келе, басқарудың алғашқы жеке жағдайы, басқарылатын объект бір уақытта басқаратын субъектімен шыққан кезде, оның басқару қызметтілігі өзіне бағытталғандығын көрсетеді.
Ол басқарудың негізінде өзін-өзі басқару қызметі жатқандығын айтады. Барлық басқару процессі, өзін-өзі басқару және жеке ұйымнан басталады. Ал, С.Сивова керісінше, басқарылатын ұйым құрылымы басқаратын ұйымға тәуелді екеніне сенімді [2].
Шынында да, толық объективті және субъективті қатардағы жағдайдың күшімен қоғам «таза» басқарудың уәкілеттік арақатынасын, қызметтілігін, соның ішінде маманданған – басқарылуға мамандар қарсы шыға алмай отыр.
Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару – маманданған – элиталық басқару, қоғамдық институт уәкілеттілігінің кемшіліктерін ғана емес, сонымен қатар белсенді функционалуында ұйғарып отыр. Негізінен жергілікті өзін-өзі басқару жоғарыда айтылған осы үш принцип бойынша құрылып отырған басқа басқару процессі.
И.В. Выдрин жергілікті өзін-өзі басқаруды, тура демократиялық емес институтпен уәкілеттік институттардың үйлесімді пайымдау принципінде деректелген, жергілікті өзін-өзі басқаруда тұрғындардың нақты сауалы саяси құқықтық байланыста болатын тұрғындардың төмендегі территориялардың қоғамдастығы деп қарастырады.
Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқарудың ұзақ қалыптасуын айта келе, біз оның астарындағы төмендегідей ерекше модельді түсінуміз керек:
1. Маманданған – уәкілетті басқару және жергілікті халық өзіндік шынайы мұқтаждығындағы жоғарғы арақатынас анықталды.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару қызметімен таныстырады. Берілген бағыт өзін-өзі басқарумен байланысты және саясаттану, құқық, басқару теориясының мәселелері бойынша отандық әдебиет орнықты жағдайын басқарумен алмастырады. Оның көзі болып К. Маркстың мынадай жорамалы көрсетіледі: «Өзін-өзі басқаруда халық арқылы халықтық басқару процесі бар».
3. Жоғарыда келтірілген анықтаулар демократиямен жергілікті өзін-өзі басқарудың бірігу қажеттілігін анықтайды. Олардың маңызды айырмашылығына тоқталсақ жергілікті өзін-өзі басқару мықтылықтың қасиеті ретінде — өзінің жұмыстарының басқара алу мүмкіндігінде ал демократия – осы мүмкіндіктің шын жүзеге асуын һқамтамасыз ететін ұйымдастырылған механизм. Өйткені «демократия» атты категориясының жиынтығын көрсетеді.
4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңыздылығын анықтауда, оның биліктік факторлармен бөлінбейтін байланысын айтуға болады. «Жергілікті өзін-өзі басқару» ұғымында бұаралық билік және қоғамдық басқаруды біріктіреді.
5. Жоғарыда айтылған жергілікті өзін-өзі басқаруды териториялық деп қарастырады анықтаудағы тағы бір қорытынды, оның формальды- заңды институтпен сәйкес келуінде.
Конституциялық жағдайды анықтау және жоғарыда аталған тұжырымдар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі сызықтарын жобалауға мүмкіндік береді:
a) Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқығы азаматтарға беріледі. Бірақ азаматтар болғанда – бірінші тұрғылықты халық, содан кейін заң және саясатқа қатысты тұлғалар араласуы қажет. Сондықтан да – қала, акыл және басқа да аймақтың халықты тарихи, жерлілікті дәстүрлеріне сай, географиялық жағдайына байланысты ұйымдастырушылық шекарасын есепке ала отырып, ерекше субъективке бөледі. Яғни халық деп белгілі бір територияда адамдардың тұрақты немесе уақытша қоныстануының жиналуын айтамыз. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын кез-келген қалалық, ауылдық халықтың муниципалды жеке меншігі бар. Жергілікті бюжетпен жергілікті өзін-өзі басқарудың таңдалып алынған органдары мунципалды білім берудің — жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі бірлігін заң шығарушы ретінде мойындайды.
b) Жергілікті өзін-өзі басқарудың сферасында айрықша жергілікті мағыналы сұрақтары бар. Алдымен бұл сұрақтардың барлығы халықтың өмір сүру қызметтілігін тікелей қамтамасыз етуге арналады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының жалпы принцип туралы заңы таусылмайтын тақырып емес. Мунципалды құрамдастыру жергілікті аймақтағы субъектінің заңдарына қатысты сұрақтарды өзінің қарауына алуына құқылы, сонымен қатар жеке мемлекеттік өкілеттіктің орындалуы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңды түрде жүктелуі мүмкін.
c) Жергілікті өзін-өзі басқарудың- жергілікті немесе жеке мемлекеттік өкілеттік орындайтын, арнайы басқару қызметімен шешілмейтін сұрақтар – мунципалды қызметтің аясында шыңдалады. Бұл қызметтілік құқықтың және құқықтың емес формаларды қалбылдауы мүмкін. Себебі, бұқаралық- құқықтық озық мінездемесі бар, бірақ жеке құқықтық әдістің қолдану мүмкіндігі оған кірмейді. Мунципалды қызметтіліктің сипаты ретінде, оның атқарылатын және күн тәртібінің бастамасына жақын анықталуын жатқызады.
d) Мунципалды біліктіліктің жауаптылықтарға бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қызметтегі тұлғалары, яғни компетециялық сұрақтарға қатысты мунципалдық біліктілік, мемлекеттік құқықтық тұлғаларға халықтың алдында жауаптылықты мойындарына алады. Қазіргі жағдайда, жауаптылықтың тәртібі мен шарты мунципалды біліктіліктің жарғысымен анықталады. Жеке мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің тұлғалары, жауваптылықты іске асыруда қандай да бір үкіметтік қаржылық және материалдық құралы бар мемлекеттің органдары мен сәйкес қамтамасыз етіледі. Қоғамның құқылы мүшесі мен тұлғаларының алдындағы жауапты тәртіптілік республиканың заңды субъектісі республикалық заң мунципалды біліктіліктің жарғысымен орындалады.
e) Табиғи екі өкілеттіліктің болуы мунципалды билікте бір уақытта екі бастауы болады: қоғамдық және мемлекеттік [5] .
Муниципалды қызметтілік, жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері мен мемлекеттің биліктің мүшелері арақатынасындағы жергілікті және мем лекеттік сәйкестігіне байланысты құрылады. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару мүшелері, біріккен мемлекеттік саясатқа сәйкес әрекет етіп, жергілікті басқаруға қатысты сұрақтарды шешу барысында, заңды жеке мемлекеттік өкілеттікке бөлініп, мемлекеттік – биліктік сипаттағы толық комплексті өкілеттілікті бола алады. Осының барлығы жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бір уақытта мемлекеттік және қоғамдық институттардың элементтерін құрай алатындығын анықтайды. Екі құрылымды сипаттағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі, қазіргі уақыттағы мунципалды басқарудың концепциялық дуализм теориясына бағытталған.