Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін — өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару — «… шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады».
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару Еуропалық Хартиясының негізінде субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы деңгейлеріне жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде жергілікті өзін өзі басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі — әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір жалпымемлекеттік функцияларды да жүктеуі мүмкін.
Жергілікті өзін — өзі басқару органдары өздерінің билік (компотенция) шегінде шешім қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін — өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін — өзі басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.
Жергілікті өзін — өзі басқарудың құрылымдарына – азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.
Жергілікті өзін — өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай –ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін — өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін — өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін — өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары жатады.
Жергілікті өзін — өзі басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік – мәдени, коммуналды – тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті өзін — өзі басқару органдары өздерінің жарғысын қабылдайды. Жарғыны өз бетімен дайындайды. Жарғы қабылдағаннан кейін жария етіліп күшіне енеді.
Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:
— жергілікті өзін — өзі басқару органының аты, құрамы, территориясының шекарасы, таңбасы;
— жергілікті өзін — өзі басқаруорганына қатысты мәселелер;
— халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу формалары, тәртібі және кепілдігі;
— жергілікті өзін — өзі басқару құрылымы, оны құру тәртібі, жергілікті өзін — өзі басқару органының және лауазымды тұлғалардың өкілеттігі, олардың өкілеттігінің мерзімі;
— жергілікті өзін — өзі басқару органының нормативтік құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау тәртібі және күшіне енуі;
— муниципалды қызметті ұйымдастыру шарты мен тәртібі;
— жергілікті өзін — өзі басқару өзін — өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық және қаржылық негізі;
— жергілікті өзін — өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері; [1. 15б]