Тауар биржасындағы жарнама келесідей міндеттерді атқарады:
• Сұраныс пен ұсынысты зерттейді.
• Биржада нарыққа жаңа енген тауарлар, оларды қандай көлемде сату болатындығы туралы ақпарат береді.
• Сатып алушыларға өнімдерді, өнімнің тұгынушылық қасиеттерін таныстырады.
Биржалық жарнама белгілі бір экономикалық функцияларды жүзеге асырып, биржада ұсынылатын әртүрлі тауарларға сатып алушыларды дайындап, бейімдейді. Осыған байланысты нарықтық қатынастар жағдайында биржалық жарнаманың негізгі функциясы — сатылатын немесе айырбасталатын тауар туралы шынайы, объективті ақпарат беру.