Акционерлік

Акционерлік қоғам немесе кәсіпорын дегеніміз – жарғылық капиталдың акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: ашық және жабық.
    Ашық акционерлік қоғамның қатысушыларына барлық азаматтар кіреді, олар қоғамның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз акцияларын сата немесе басқа біреуге бере алады. Акцияларды сату немесе басқа біреулерге беру тек осы акционерлік қоғамның мүшелерінің қабылдау процедурасынан өткен қоғамның жаңа мүшелерінің, онда да бұрынғы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.
Ашық типтегі акционерлік қоғамда оның мүліктік және қаржылық капиталы одан әрі осы қоғамның акцияларын ашық және еркін сату жолымен құрылады және қалыптасады. Бастапқыда акциялар оларды шығарғаннан кейін құнның өз бағасымен, одан соң оларды қайта сату қалыптасқан сұраныс пен ұсыныстың негізінде нарықтық бағамен – акция бағасымен жүргізіледі.
Ашық типтегі акционерлік қоғам- бұл тұрғындардың ішінара меншік иесі болуына мүмкіндік беретін ұжымдық бизнесті ұйымдастырудың барынша кең тараған және өркениетті тәсілі.
Акция дегеніміз – оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқан және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқы бар акционер екендігін дәлеледейтін құжат. Сонымен бірге акционерлік кәсіпорынның ісін басқаруға құқық береді. Акцияны еркін сатуға немесе сатып алуға, сыйлауға немесе кепілдікке қалдыруға болады.
Қазіргі заманғы жағдайда барлық елдерде ірі кәсіпорындар акционерлік
қоғам және компания түрінде жұмыс істейді.
Акционерлік кәсіпорындар барлық елдерде ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам және компания түрінде жұмыс істейді.
Акционерлік кәсіпорындар барлық міндеттемелері бойынша заң алдында жауап береді, бірақ барлық акция пакетінің құнынан аспайтын шектеулі мөлшерде тәукелге бара алады. Сонымен қатар акционерлік қоғамдар жеке жағдайда қабылданған кейбір аз акционерлерінің мүлікті міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акционерлік қоғам пайдасының белгілі бір бөлігі акция иелеріне процент түрінде беріледі. Ол дивидент деп аталады. Акционерлік қоғам өз қызметін тоқтатқан жағдайда акционерлер жою квотасын (мөлшерін), яғни кәсіпорын мүлкін сатудан түсетін құнның бөлігін алуға акция иелерінің құқы жоқ. Сондықтан әрбір акционер өздерінің акцияларын бағалы қағаз ретінде еркін ұстай алады, ал мүлікті акционерлік қоғамның басқару ұйымдары өз құздарында ұстайды.
Акция да екі түрлі болады. Біріншісі – кәдімгі жай акциялар. Екіншісі – дивидендтің нақты процентін алуға құқық беретін акциялар.
Акция өзінің иелеріне акционерлік кәсіпорынды басқаруға, қатысуға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция – бір дауыс деген принцип басшылыққа алынады. Акционердің акциясы көп болған сайын оның акционерлік кәсіпорынның істеріне әсері де соншалықты мол болады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруды акциялардың бақылау пакетін қолына алған акционер шешуші роль атқарады.
Ашық акционерлік кәсіпорын мүшелерінің құрамы акцияларды сату және сатып алу нәтижесінде еркін ауысып отыруы мүмкін. Бірақ, мұндай акционерлік меншіктегі өз үлестерін осы қоғамның басқа қатысушыларына немесе оған қатысушыларының келісімімен үшінші тұлғаларға сатуына немесе аударуына болады.