Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары

Экономиканың негізінен екі фундаметалды ақиқат құрайды және олар шын  мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат : қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат : экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдықтар ресурстары.
    Олар : фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар, әртүрлі транспорт, байланыс құралдары, материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлікке қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық.
1. Жер. «Жер» деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады — өндірісте қолданылатын барлық «табиғи әншейін байлығы». Оған мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары тағы басқа.
2. Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» — барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жаблықтар, фабрика – зауыттар, қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді:
1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді;                                                                                                                             2. Тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
3. Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш, ақыл-ой қабілеттілігін бейнелейді.
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды : жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіру, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа фирмаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәукелге баратын кісі. Тәукелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысы не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәукелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өз серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәукелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Ресурстарға төлем. Жоғарыдағы көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2.Жер, су бергеніне рента алады.
3.Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиянды болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жете түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шағын — өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан «толық қамтылу» деген экономикалық терминді түсіндіріп кетерлік.
«Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмау керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады тағы басқа, яғни ел байиды, нарық тауарларға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Шын мәнінде, кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуде қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді; пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканың жеке меншік экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл-ой, парасатты, жұмысқа негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табысын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілетті, қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы керек. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.