Ұғымдық ойлауды зерттеу туралы қазақша реферат
В.В. Холодная еңбегінде адам мәселесін танымдық әрекеттің субъектісі ретінде талдау, тұлға ойының белсенділігі құрылымында орталық орынды иеленетін ұғымдық ойлау сияқты, танымдық процесті психикалық ұйымдастыруды зерттеу қажет деп ұйғарады.
Ұғымдық ойлауды зерттеудің теориялық өзектілігі таным психологиясы үшін ұстанымдық маңызы бар бірқатар мәселелердің өзектілігімен байланыстырылған болып табылады. Бұл көбінесе дүние туралы объективті білімнің мүмкіндігін анықтайтын факторлар туралы, жаңа білімнің пайда болу феномендерімен байланысты өнімді ойлау әрекетінің механизмдері туралы, және бұл ақырында, парасаттылық сияқты адамның тамаша қасиетінің психологиялық негізі туралы мәселе болып табылады. Ұғымдық ойлауды зерттеу адам ойының жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеумен, танып жатқан субъектінің ойлау мүмкіндіктерінің деңгейін анықтаумен біртұтас болып табылады. Сонымен бірге, ұғымдық ойлау табиғатын танымдық әрекеттің ең жоғары формасы ретінде қарастыру бізді адам тұлғасын қалыптастырудағы когнитивті фактордың рөлі туралы мәселеге әкеп соқтырады.
Ұғымдық ойлауды зерттеудің практикалық өзектілігі оқыту процесін оңтайландыру мәселесімен тығыз байланысты. Шын мәнісінде, оқыту процесінің негізгі функцияларын тиімді жүзеге асыру, дәлірек айтқанда: оқушыларға негізгі білімдер жүйесін беру қажеттілігімен байланысты білім беру функциясы, оқушылардың ойлау қабілеттерін ынталандырумен байланысты дамытушы функциясы және, ақырында, тұлғаның кәсіптік– танымдық бағытын қалыптастыратын тәрбиелеу функциясы, шамасы, тек оқыту субъектінің танымдық әрекетінің психологиялық заңдылықтарын есепке алу негізінде ғана және бірінші кезекте ұғымдық ойлау сияқты жетекші танымдық процестің қасиеттері негізінде қамтамасыз етіледі.
Бұл еңбек теориялық–эксперименттік зерттеу болып табылады. Оның негізгі міндеті–автордың соңғы сегіз жылғы жұмысы барысында жинақтаған эксперименттік тарауларға теориялық тарау алғышарт болады, онда ұғымдық ойлау психологиясы саласындағы жұмыстардың жағдайын талдау жүргізіледі, ұғымдық ойлау табиғатын білуде зерттеушіге қажет болатын қарама–қайшылықтардың негізгі теориялық-әдіснамалық себептері анықталады; бұл кезде танымдық процестің психологиялық зерттеу саласын білу әрекеті жасалады. Еңбектің теориялық тұжырымдамасы Л.М. Веккердің соңғы жылдардағы кейбір идеяларының тікелей әсерімен жасалған.
Оның психологиялық талдауында ұғымдық ойлауды біз ойдың интегралды жұмысының формасы деп түсінеміз: бір жағынан, ұғымдық ойлау когнитивті белсенділіктердің көптеген түрлерінің интеграциясының әсері ретінде, екінші жағынан–адамның бүкіл ойлау сферасын интегралдау факторы ретінде қарастырылады. Мұндай тәсілдің негізінде ұғымдық ойлауды кешенді эксперименттік зерттеу әрекеті жасалады.
Ұғымдық ойлау–айтарлықтай күрделі зерттеу объектісі, сондықтан біз экспериментте пайдаланылатын әдістік процедуралардың шекті қарапайымдылығына ұмтыламыз. Сонымен бірге, әдістердің және алынған деректердің сенімділігін растау мақсатында біз жасағкан әдістік процедуралар (немесе белгілі әдістердің пайдаланылған модификацияланған тәсілдер) іріктеуі фронталды “көп фокусты” зерттеу принципі негізінде құрылды: зерттеліп жатқан объектінің бір сипаттамасы (мысалы, біздің жағдайда ұғымдық психикалық құрылымын әр түрлі деңгейде ұйымдастыру ерекшеліктері) әр түрлі әдістік құралдар көмегімен зерттелді, дәл сол уақытта біз бір әдістік процедураны әр түрлі эксперименттік материалда қолдандық (мысалы, пиктографикалық әдістің модификацияланған тәсілі көркем тілдің алты концептісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау үшін пайдаланылды).
Ұғымдық ойлауды зерттеуге психологиялық тәсілдің талаптары туралы, біздің түсініктерімізге сәйкес, эксперименттік материалды мазмұндау үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: 1) психикалық құрылымның эмпириялық сипаттамаларын табу; 2) ұғымаралық байланыстарды орнату процестерінің негізінде жатқан психологиялық механизмдерді зерттеу; 3) жеке ой құрылымында ойлаудың орнын талдау (ұғымдық ойлауды қалыптастыру деңгейінің, ой әрекетінің жекелеген түрлерімен және танып жатқан субъект тұлғасының кейбір қасиеттерімен байланыстары білінді).
Жүргізілген зерттеу біздің алдымызға ұғымдық ойлау табиғатына қатысты жаңа мәселелерді қойғанын айтып кеткн жөн, олардың пайда болу фактісі, бір жағынан, алға қойылған нәтижелердің толық жеткіліксіздігі туралы айтады; екінші жағынан, танымдық әрекет психологиясы саласында бірқатар теориялық және эксперименттік мәселелерді зерттеудің жалғасуы туралы ойлануға мәжбүрлейді.
Адам міндеттерді шешкенде және ұғымдарды қалыптастырғанда оған ойлау қатысады, ал міндетті шешуге ұғымдарды қалыптастыру қатысады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. Алматы ЖШС “Шұғыла” 2008 ж.
- Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант” баспасы 2006 ж.
- Жарықбаев Қ. Психология: арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, “Білім”, 1993 ж.
- Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
- Бап–Баба С.Б. Жалпы психология. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2005 ж.
- Бап–Баба С.Б. Жантану негіздері. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2003 ж.
- Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы: “Қазақ университеті” 1993 ж.
- Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
- Общая психология. Под ред. А.В. Петровского. 2-изд. – Москва, 1977 г.
- Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: “Білім”, 1996 ж.
- Немов Р.С Психология. -М., 1998 ж.
- Рубинштейн Л.С Основы общей психологии. -М., 1998 ж.
- Гамезо М.В. Атлас по психологии. –М., 1997 ж.
- Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., 1997 ж.
- Столяренко Л.Д. Психология. Алматы 2010 ж.
- Никандров В.В. Психология. Алматы 2009 ж.
- Петровский А.В. Психология. Алматы 2007 ж.
- Темірбеков А. А., Балаубаев С. Психология. Алматы “Мектеп” 1966 ж.
- Джемс У. Психология. М., 1991 ж.
- Реан А.А. Общая психология и психология личности. Алматы 2009 ж