Баланың ойлауының дамуы

            Баланың ойлауының дамуы туралы қазақша реферат

     Баланың ақыл ой дамуының тарихын зерттеу, әрине,  үлкен теориялық және практикалық қызығу туғызады. Ол ойлаудың табиғатын және оның дамуының заңдылықтарын терең тануға апаратын негізгі жолдардың бірі. Баланың ойлауының даму жолдарын зерттеу практикалық педагогикалық қызығуды білдіреді.

Ойлауды түпкілікті зерттеу оның әр түрлі процестерін, жақтарын, кезеңдерін яғни абстракциялар және жалпылаулар, түсініктер және ұғымдар, пайымдау және ой қорытындыларын арнайы талдауды, бөліп алуда талап етеді. Алайда ойлаудың шынайы процесі осы барлық жақтар мен кезеңдердің бірлігі мен өзара байланысын қосады. Ойлаудың дамуының нақты тарихы, әсіресе оның алғашқы қадамдары, оның пайда болуын,-ол қалай болуы керектігін, мүмкін әлі жазылмаған шығар–адамда ойшылдық қалай дамиды, кішкентай бала қалай ойлаушы тірі жанға айналады деген тарихтың маңызды заңдылықтары ашылуы керек.