Тауарды өткізудегіжарнаманы жоспарлау

Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау туралы қазақша реферат

Жарнаманы жоспарлау тауарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да, мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тиімділігін дәл анықтау ешқашанда мүмкін болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады.

Дегенмен, жарнама бюджетін анықтауда мынандай тәсілдер анықталады:

1.айналым процессін анықтау;

2. бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;

3. өзінде жұмсалған жарнама қаржыларын бағалау.

Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама құралдарының жалпы сомасы, ал екіншісімен — бөлінісі анықталады. Жоспарлар резервтерді ескере отырып жасалады.

Жарнама шараларының жоспарына жататыны:

1. күнделікті жарнама шараларын өткізу жоспары;

— жарнама құралдары бойынша;

— жекелеген шараларды өткізу уақыты бойынша;

2. көрмелер мен экспозициларға қатысу жоспары;

3. жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, бұған резервтер де жатады.

4. арнайы жарнама науқандарын өткізудің жеке жоспары.

Ірі американдық фирманың қожайыны жарнама бюджетін талқылаған кезде былай деген көрінеді: осыған жұмсалған ақшаның жартысына жуығы желге ұшқанын білемін, бірақ оның неге тектен – тек жұмсалғанын білмеймін. Көп жағдайда мұы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Өткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, жарнама шараларымен бір мезетте кәсіпорын имиджін (мәртебесін) сақтау және жақсарту мақсатында шаралар жоспарын қабылдау қажет. Мұның өзі өкілеттік шығындарға байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен журналдарға хабарландырулар жіберу, т.б.). Осының барлығының қоғамдағы байлансы қызметіне («паблик рилейшнс») тікелей қатысы бар.

Батыс рыноктары ауытқуын бағалағанда байқалатыны, фирмаларда баға үнемі өсіп, тұрақтанған, коньюктурасы жоғарылаған сайын, олар жарнамаға ақшаны аямай жұмсайды, ал тоқырау кезеңінде, үнемдей мақсатында жарнама бюджетін әдетте қысқартады. Мұны циклды жарнама деп атайды. Дұрысында төмен коньюктура кезеңінде жарнама қызметін жандандыруы, яғни оны антициклы ету қажет еді.