Шыңғыс Айтматов дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Ш. Айтматовтың әлемдік аренасы

2. Ш. Айтматов пен Ә. Кекілбаев шығармаларындағы адам мен аңыз проблемаларының үндестігі.
2.1 Жазушы Ш.Айтматов түйген ой-толғамдар.
2.2 Жазушы Ә. Кекілбаев түйген ой-толғамдары

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

         Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзасттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың, өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті.

Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуге екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғаыср мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің (жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.) [1,40б].

Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отыр. Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінде қабылдауымен қатар, жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірде тән ерекше қасиет – ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады [1,40б].

Ш.Айтматов шығармаларында өзінің шығармашылық позициясы мен өмірге көзқарасын жаңа бір биіктен танытып, адамгершілік негіздерін зерттеуде, адамның табиғи қасиетін танытуда шебер жазушы екенін дәлелдеген жазушы. Көркем шығармада аңыздық желіні пайдалану үрдісі қай кезең, қай дәуір әдебиетінде де мол кездесетіні белгілі. Бұған қазақ әдебиеті тарихынан да көп мысал келтіруге болады. Бәрін тізіп жатпай-ақ Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Иса Байзақов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, т.б. поэмаларын еске түсірсек те жеткілікті. Келтірген мысалдар арасында ой жүгіртсек жаңа жазба әдебиетінің қалыптасу, даму барысында көркем бейне жасау, өткен тарих шындығын бейнелеу поэзия жанрында көріну және аңыздық желіні пайдалану тағы да еске түсетіні рас. Осы бір үрдіс өткен ғасырдың алпысыншы жылдары прозалық шығармаларда да молынан ене бастады [1,41б].

Осы бір құбылыс Әбіш Кекілбаевтың «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» тәрізді прозалық шығармаларында-ақ көрініс тапса, Ш. Айтматовтың «Боранды бекет», «Ақ кеме» шығармаларында Адам деген кім, ол өмірге неге келіп, неге кетеді, оның болмысының мәні неде деген сияқты философиялық проблемаларды қойып, соны керемет шеберлік деңгейінде шешеді.

Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма еді?! Бастауы мен қайнары көне- көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразалауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне сенеміз.

Осы мақсатта Ш. Айтматов және қазақ жазушылары қаламынан туған туындылары арқылы – барлық халықтардың өмір сүруі үшін лайықты, шын мәнінде адамға тән материалдық және рухани жағдай жасау, планетамыздың тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау екеніне тоқталамыз.

Сонымен бірге, қырғыз жазушысы өзінің ұстаз алдындағы бір парызын өтеу ретінде өз еңбегін де аямаған. Сондықтан М.Шаханов «М.Әуезовтің бір кезде идеологиялық жағынан қайшы, кертартпа шығарма деп бағаланып, саясаттың өткір қайшысына түсіп кеткен «Қилы заман» романын тоталитарлық жүйенің тұсында  араға үлкен беделіңізді салып, одақтық «Новый мир» журналына жариялаттырып  халықпен қайта қауыштырдыңыз. Осы ерен еңбегіңіз үшін де  қазақ елінің бұрынғыдан да өзгеше сүйіспеншілігіне бөлендіңіз» деп көрсетеді [2,2б].

Біз диплом жұмысымызды осынау көркем дүниелерге арқа сүйей отырып, жазушылардың тағдырынан елінің, жерінің тағдырын көруге ұмтылдық, жазушыны тебіренткен тану-тазару, айту-арылу үлгісіндегі өміршең ойлар кеңістігінен елдік қазынамазға ғана емес, ХХ ғасыр өркениетінің рухани қазанасына қосылар тұғыры биік көркемдік әлемді қайыра бір елеп-екшеуге тырыстық.

Диплом жұмысының мақсаты: Ш. Айтматов шығармаларын талдау. Ш. Айтматов пен қазақ жазушылары Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза аудармалары, Мұхтар Шаханов шығармаларындағы  байланысына тоқталып, олардың әдебиет процесіндегі орны мен қайнар бұлағын саралау, көкейкесті мәселелері аспектісінде қарастыру.

Диплом жұмысының міндеттері:

– Ш.Айтматовтың еңбектеріне шолу жасау;

– шығармашылығының әр түрлі саласы бойынша талдау жасай отырып, жазушының өзіндік қолтаңбасын айқындау;

– әдебиеттің теориялық мәселелері жайлы толғамдарын бүгінгі қазақ әдебиеті негізінде салыстыру;

– Абайтанудың негізін салудағы еңбектерін топтастыру.

Диплом жүмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: еңбектерді және ол туралы жазылған мақалаларды саралап талдау, өзара салыстыру, пікірлерді жинастыру.

Диплом жұмысының дерек көздері: зерттеу еңбектері, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, Ш.Айтматов шығармалары, естеліктер.

Зерттеудің нысаны: Ш. Айтматовтың әртүрлі тақырыптар бойынша жазылған шығармалары.

Жұмыс нәтижелілігі: жалпы жұмыс барысында Ш.Айтматовтың еңбектеріне талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:

  1. Ш.Айтматовтың шығармашылық арнасының ауқымы кең екендігі;
  2. Дүние жүзі әдебиетінде жаңаша ойлау, философиялық тереңдік таным үрдісінің негізін қалаушы екендігі;

 Дипломдық жұмыс / 38 бет