Фразеологизмдер мен сын есім кмпонентті фразеологизмдер туралы, олардың зерттелуі курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе……..3-4
1 Фразеологизмдердің зерттелуі……5-8
1.1 Сын есімдердің зерттелуі…………….8-12
1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы…….12-13
1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі……..13-19
1.4 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары…….19-26
2. Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары
Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу………27-29
Сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер түр – түсті білдіретін фразеологизмдер……29-44
Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер…………….44-45
Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер……………45-46
Дәмі мен ісін білдіретін фразеологизмдер………………………46-48
Қатыстық сын есім компонентті фразеологизмдер………….48-50

Қорытынды…..50-52
Пайдаланылған әдебиеттер……53-54

Кіріспе

Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн байлығымен  көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ішінде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.

Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құрылыс материалы. Фразеологиялық тіркестер қай – қайсысы болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.

Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным — көзқарасын тілінде түйінге сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперементті – эмоционалды бояуы мен көзге түсетін фразеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фразеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.

Қазақ тілінде есім мағыналы фразеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фразеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.

Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті фразеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:

l  Фразеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;

l  Есімді фразеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;

l  Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексика семантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.

Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.

Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:

l  Компонет құрамына талданды

l  Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды

l  Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фразеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фразеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.

Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалары бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.

Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланады яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.

Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.

Зерттеудің құрылысы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Сілтеме көрсетілген, пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.

 Курстық жұмыс / 53 бет