МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 тарау. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері. 5
1.1 Локолитет түсінігі. 8
1.2. Әуе шабуылынан қорғауға арналған «Ашулук» полигоны. 9
1.3. «Байқоңыр» космодромы. 10
1.4. «Тайсойған» ракета полигоны. 17
2-тарау. Батыс Қазақстан облысындағы ракеталық-ядролық полигондардың географиясы және оның зардаптары. 27
2.1. Медициналық-химиялық және радиоэкологиялық зерттеулер және оның нәтижелері. 27
2.1.1. «Азғыр» ядролық полигоны. 27
2.1.2. Батыс Қазакстан облысындағы радиациялық аномалиялар. 28
2.1.3. «Капустин-Яр» полигонының маңайындағы экологиялық жағдай және халықтың денсаулығы. 34
2.1.4. Батыс Қазақстан облысындағы халықтың жалпы денсаулығының құрылымы және деңгейі. 38
2.1.5. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының өндірістік әрекеті және оның сыртқы ортаға жасаған зардаптары. 44
3 тарау. Семей полигонының локолитеттік ерекшелігі және оның зардаптары. 48
3.1.Семей полигонының локолитеттік орналасуы. 48
3.1.1. Семей полигонының қоршаған ортаға зардаптары. 49
Қорытынды 55
Қолданылған әдебиеттер. 57
Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан территориясының және оған жақын Ресеймен шекаралас жерлерде бірнеше әскери космостық кешендер құрылымы жұмыс жасады. Бірақ, жетпіс жылы бойы олардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саясаттық, этникалық және т.б. еліміздің қауіпсіздігі туралы ақпараттар, ғылыми еңбектер халыққа беймәлім болды. Әскери-космостық кешендердің табиғатқа, халықтың денсаулығына және т.б. зардаптары толығымен зерттелмеді, не болмаса жергілікті түрғындарға жария етілмеді. Мысалы, ракеталардың жанғыш токсикондарымен 80 млн. гектар жер ластанып, 1 млн-нан астам адамдардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Соңғы кездері (1999-2004 ж.) Рессейдің “Протон” ракеталарының бөлшектерінің Қазақстан территориясына құлауы (Қарқаралы ауданында Карбышевка селосы, Жаңарқа ауданының Атасу поселкесі аймағы) халықты одан сайын елеңдетіп отыр
Әскери-космостық кешендердің экологиялық зардаптары «Семей-Невада» сияқты қоғамдар, экологиямен айналысатын ғалымдардың еңбектері және т.б біртіндеп белгілі бола бастады. Оның ішінде С.Т.Тілеубергеновтың еңбектері: Полигоны Казахстана — Алматы: Ғылым, 1997 ж, Геоэкология —Алматы: Ғылым, 1996 ж, У.А.Кенесариевтің Батыс Қазақстандағы Әскери полигондар жайлы ғылыми еңбектері, Ж.А.Сұлтановтың Әскери-өндірістік кешендер туралы, У.М.Сұлтағазиннің еңбектері және т.б. жатқызуға болады.
Керекті ақпараттар мен мәліметтер жинау қиын болғандықтан, мен көбінесе баспадан жарық көрген ғылыми еңбектер мен мәліметтерге көп сүйендім. Оның ішінде Батыс Қазақстан, Қарағанды облысы экологиялық комитеттерінің мәліметтері және ‘»Семей-Невада» қоғамының ақпараттарын пайдаландым.
Дипломдық жүмыс жазуда мен өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
1. Әскери-космостық кешендер туралы мәліметтерді жинау және оларды бір жүйеге келтіру;
2. Әскери-космостық кешендердің жалпы жұмысына сипаттама беру;
3. Батыс Қазақстандағы әскери-космостық полигондардың медициналық, химиялық, радио-экологиялық зардаптарына баға беру;
4. Әскери-космостық кешендерге сипаттама беруді географиялық тұрғыда қарау және баға беру.
5. Қарағанды облысына Семей ядролық полигонның зардаптарына баға беру.
Дипломдық жұмыс / 60 бет