Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын  өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

—         өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;

—         алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс

іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды           әлеуметтік дамытуға жұмсалады.

Монополды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне — әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.

Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж) ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.

Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.

Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды,  сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай,  нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.

Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:

—         масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;

—         кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық  кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық  фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды  кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс

орындарының  60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады.  Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бищнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен  келісім арақатынастары арқасында жұмыс

9

істейді.  Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы  монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың  32%, Италияда — 29%,    Францияда  — 21% құрады.

Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

Демек, шағын және орта бизнестің ролі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.

Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай биқнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60%    және жаңа жұмыс

орындарының   70-80% келеді.

Бесіншіден,  атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар).

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі  бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.

Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

70-80ж дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік «бум» ғалымдар мен практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан – шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1990-2000ж) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай ролі бар.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

—         еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;

—         оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);

—         бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;

—         шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;

—         ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар

туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы  қаулысының үлкен ролі бар.

Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

2001ж басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің  348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыпен қамтылғандардың жалпы санын  500мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер  40%-на жеткізу міндеті қойылды.

 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.

Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы

экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың  стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985ж толық шаруашылық есепте болжы, яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын  табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.

Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ.

Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады.  ТМД және шығыс Европаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары жылжу үшін  үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды.

Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді.

 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау.

Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.

Экономикадағы қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің территориясында қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны жылдан-жылға өсуде. 2004 жылдың 1 қаңтарда тіркелген кәсіпорындардың саны 5444 болды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. 2004жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген кәсіпорындардың ішінде:

ірі кәсіпорындар саны –191;

орта кәсіпорындар – 206;

кіші кәсіпорындар – 5147.

Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.

Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген санын 3-кестеден көруге болады.

Кесте – 3: Қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны

   

2002 ж

 

2003 ж

 

2004 ж

 

Қазақстан Республикасы

Кіші

Орта

Ірі

2738

2505

163

70

3731

3472

190

69

5444

5147

206

91

 

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман өсірушілер

Кіші

Орта

Ірі

 

48

45

3

 

79

75

2

2

 

112

100

10

2

Балық өсіру және балық аулау кәсібі

Кіші

Орта

Ірі

1

1

3

3

7

7

Тау-кен өнеркәсібі

Кіші

Орта

Ірі

88

55

20

13

97

64

16

17

131

93

20

18

Өндіру өнеркәсібі

Кіші

Орта

Ірі

511

427

49

35

674

581

61

32

910

814

59

37

Газды, суды, электроэнергияны өндіру және бөлу (үйлестіру)

Кіші

Орта

Ірі

 

26

17

2

7

 

31

25

5

1

 

27

22

3

2

Құрылыс

Кіші

Орта

Ірі

211

197

14

301

284

15

2

562

541

18

3

Үй бұйымдарын және автокөліктерді жөндеу, сауда

Кіші

Орта

Ірі

 

1050

1023

24

3

 

1511

1474

33

4

 

2214

2175

30

9

Қонақжайлар және мейрамханалар

Кіші

Орта

Ірі

71

62

6

3

84

75

5

4

93

84

5

4

Көлік және байланыс

Кіші

Орта

Ірі

201

185

12

4

266

239

23

4

353

326

23

4

Қаржылық қызмет

Кіші

Орта

Ірі

70

62

8

76

68

7

1

89

77

9

3

Қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операциялар

Кіші

Орта

Ірі

 

336

319

14

3

 

449

438

11

 

657

639

15

3

Білім беру

Кіші

Орта

Ірі

21

19

2

35

31

3

1

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

Кіші

Орта

Ірі

 

25

24

1

 

37

34

2

1

 

40

37

1

2

Басқа да коммуналдық және жекелеген қызмет көрсету

Кіші

Орта

Ірі

 

77

67

8

2

 

88

81

7

 

46

41

4

1

Үй шаруашылығы жүргізу жөнінен қызмет көрсету

Кіші

Орта

Ірі

 

 

 

203

191

9

3

Экстерриториялық ұйымдардың қызметі

Кіші

Орта

Ірі

 

 

 

Кестеде көрсетілген деректер бойынша, Қазақстан Республикасында тіркелген кәсіпорындардың 2214-і үй бұйымдарын және автокөлікті жөндеу, сауда саласында, 910-і өндіру өнеркәсібінде, 657-ы қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау кәсіпорындарында қызмет етеді. Кестедегі деректерге сүйенсе, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың саны жылдан-жылға өсуде.

Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары саналады. Облыстар бойынша кәсіпорындардың тіркелген санын 4-кестеден байқаймыз.

Кесте – 4: Облыстар бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны

   

2002 ж

 

2003 ж

 

2004 ж

Қазақстан Республикасы

Кіші

Орта

Ірі

2738

2505

163

70

3731

3472

190

69

5444

5147

206

91

Ақмола

Кіші

Орта

Ірі

20

17

2

1

57

47

9

1

92

82

9

1

 

Ақтөбе

Кіші

Орта

Ірі

59

44

10

5

97

77

15

5

166

147

12

7

 

Алматы

Кіші

Орта

Ірі

110

93

12

5

148

127

15

6

203

187

12

4

 

Атырау

Кіші

Орта

Ірі

75

65

8

2

123

112

7

4

236

216

16

4

Шығыс Қазақстан

Кіші

Орта

Ірі

79

66

7

6

117

105

7

5

189

178

6

5

 

Жамбыл

Кіші

Орта

Ірі

27

21

3

3

29

23

3

3

36

30

4

2

 

Батыс Қазақстан

Кіші

Орта

Ірі

44

36

7

70

65

5

130

119

9

2

 

Қарағанды

Кіші

Орта

Ірі

87

67

11

9

123

107

7

9

185

169

8

8

 

Қостанай

Кіші

Орта

Ірі

36

33

2

1

106

96

8

2

155

150

4

1

 

Қызылорда

Кіші

Орта

Ірі

14

9

4

1

18

12

4

2

24

19

3

2

 

Маңғыстау

Кіші

Орта

Ірі

48

44

4

99

89

8

2

148

139

8

1

Павлодар

Кіші

Орта

Ірі

38

30

2

6

45

38

5

2

67

60

4

3

Солтүстік Қазақстан

Кіші

Орта

Ірі

50

39

6

5

87

78

8

1

144

132

11

1

Оңтүстік Қазақстан

Кіші

Орта

Ірі

121

109

8

4

264

247

9

8

414

393

10

11

Астана қаласы

Кіші

Орта

Ірі

200

190

7

3

232

222

7

3

388

377

6

5

Алматы қаласы

Кіші

Орта

Ірі

1730

1642

70

18

2116

2077

73

16

2867

2749

84

34

Қазақстан Республикасында 2004 жылы 5444 кәсіпорын тіркелген болса, оның 53%-і Алматы қаласында қалыптасқан, яғни 2867бойынша қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны 2004 жылы – 2867 кәсіпорынды құраған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. Соның ішінде қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының шоғырланған орталығы Алматы, Астана қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл аймақтарда қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өсуі оңды тенленцияны көрсетеді. Ол оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 2003 жылы қызмет еткен біріккен кәсіпорындар төмендесе, 2004 жылы қайта көтерілу байқалады. Ол сол облыстардың инвестициялық ақуалының жақсарғанын көрсетеді.

Қазақстан территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың көбісі өндіру, сауда салаларына бағытталған. Біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың саны 2004 жылы 346072 жеткен (5-кесте). Кәсіпорындардың жұмысшыларының тізімдік құрамына, бір және одан көп күнге уақытша жұмысқа, маусымдық немесе тұрақты жұмысқа қабылданған барлық жұмысшылар жатады. Сонымен қатар бірге, нақты жұмыс істейтіндермен қатар, ресми жұмысқа тіркелгендер де есепке алынады.

Кесте – 5: Облыстар бойынша 2002-2004 жылдары  кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны мен еңбек ақы қоры.

Аймақ 2002 2003 2004
Жұмысшылар

дың саны, адам

Жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.тг Жұмысшылар

дың саны, адам

Жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.тг Жұмысшылар

Дың

саны, адам

Жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.тг
Барлығы 291672 115705.4 314690 144255.2 346072 180972.2
Соның ішінде: Ақмола 4422 673.5 4645 893.8 8119 2256.0
Ақтөбе 13479 5900.0 14041 6937.3 32979 16801.3
Алматы 6328 3055.6 6798 3673.5 7811 3224.9
Атырау 15871 15548.3 17497 19944.0 19740 30433.0
Шығыс Қазақстан 7274 2090.5 7832 2667.0 5768 1667.7
Жамбыл 210 14.1 272 20.8 2288 256.3
Батыс Қазақстан 12357 8788.8 16705 16314.5 13578 15119.0
Қарағанды 129874 34271.2 133901 37460.6 130273 40320.9
Қызылорда 1148 112.8 1086 140.8 1846 338.0
Қостанай 2542 2472.1 2848 2714.9 2515 2856.3
Маңғыстау 4655 3639.1 5988 4614.3 6380 5303.6
Павлодар 24058 8589.1 24985 9196.5 23785 9840.1
Солтүстік Қазақстан 4654 784,2 5011 909 5607 1064.8
Оңтүстік Қазақстан 9465 2975.3 9745 3305.4 9946 3134.5
Астана қаласы 5732 2169.9 6248 2422.1 12173 8183.2
Алматы қаласы 49603 24620.6 57068 33040.1 63254 40172.5

Қазақстанда кәсіпорындардың санының өсуі 33% қазақстандық азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне де алып келеді. Қазақстан бойынша 346072 адам біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейді, олардың алатын еңбек ақыларының қоры 2004 жылы 180972.2 млн.теңгені құраған. Тізімдік және қосымша жұмысшылардың еңбек ақы қорына табиғи формада жасалған төлемдер де кіреді.

Кәсіпорындардың қызметі мен құрылуын экономикалық қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте кәсіпорындарды қаржыландыру сұрақтарына тоқталамыз. Оған жататындар: қаржыландыру көздерін құру, жарғылық капиталдағы қатысушылар салымының арақатнасы, салық алу мәселелері және кәсіпорындардың тиімді қызмет ету көрсеткіштерінің есептері. Кәсіпорындарды қаржыландыру көздері болып жарғылық қорға салынған ақша салымдары, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның резервтік және басқа да қорлары, несиелер саналады.

Кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымына талдауды келесі сызбадан көруге болады (1-сурет).

Негізгі және айнымалы капитал құны бойынша жарғылық қорды құрайды. Жарғылық қорға ақшалай салымдар келесідей түрде салынуы мүмкін: үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың басқа да материалдық бағалардың құны, жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды, үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарды пайдалану құқы.

Кәсіпорынға қатысушылардың ақшалай қаражаттары. Кәсіпорын құрушылардың арасындағы келісім бойынша жарғылық қорға олардың салымының бағасы ұлттық және шетелдік валютада жүргізіледі.