Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы негізгі бағыттары мен бағыттары мен болашағы дипломдық жұмыс

Мазмұны
АНЫҚТАМАЛАР, МАҒЫНАЛАР, ҚЫСҚАРТПАЛАР
КІРІСПЕ

I.БӨЛІМ. ЖАҺАНДАНУ ПРОЦЕСІНІҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ АЙМАҚҚА ӘСЕРІ
1.1 Тәуелсіз Орта Азия аймағының интеграцияға тартылу жолдары
1.2 Орталық Азия елдеріндегі экономикалық ынтымақтастығының қиыншылықтары мен даму жолдары

II.БӨЛІМ. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҚТЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ, ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
2.1 Энергетикалық қауіпсіздік – халықаралық қатынастар тұрақтылығының шешуші факторы
2.2 Орталық Азияда ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі Қазақстанның саясаты
2.3. Орталық Азия: жаңа геосаясат шеңберіндгі экологиялык жағдай және су ресурстары стратегиясы

III.БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЫНТАМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның қосқан үлесі
3.2. Орталық Азияда Қазақстанның саясаты: екі жақты және көпжақты ынтымақтастық

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе 

     Тақырыптың өзектілігі. Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасу кезеңі жалпылай аяқталды. Бірақ оларға әлі де болашақта жаңа жаһандық қауіптердің пайда болуы мен жаһандану жағдайында ұлттық даму мен қауіпсіздіктің маңызды мәселелер қатарын шешуі алдыңғы мақсатта тұр. Дамудың объективті заңы жаһандану процесінің  пайда болуына әкеледі деп белгілеу қажет. Сонымен қатар, маңызды әлемдік әлеуметтік кеңістікті құрастырушы ретіндегі трансконтиненталды құрылым көбінесе белсенді және ерекше рөлде бола бастады.

Орталық-Азиялық мемлекеттер Одағын құру бастамасы Қазақстанның Орталық Азия аймағында жүргізетін саясатының мәнін анықтайды. Біздің мемлекеттеріміздің егемендікті иеленуі аймақтың дамуына жаңа серпін береді. Қазір Орталық Азия қайтадан әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналып отыр. Мұнда 56 миллион адам өмір сүреді, тұтас алғанда, ІЖӨ жылына 60 миллиард долларды құрайды. Қазіргі сәтте Орталық Азияның одан әрі дамуында екі жол бар. Бірінші жол — өзінің әлемдік экономикадағы шикізат көзі ретіндегі ролін бекіту. Оның үстіне — әлемдік геосаяси және геоэкономикалық бәсекелестіктегі қолжаулық ролі. Екінші жол – интеграция. Халықаралық нарық процестеріне тең деңгейде қатыса алатын аймақтық мықты бірлестік құру жолы. Бұл — тұрақтылық, экономикалық өрлеу, әскери және саяси қауіпсіздік жолы. Орталық Азиялық елдердің тәуелсіздік жылдары, бұл елдердің мүдделерімен ешқашанда сәйкес келмейтін, тек қарама-қарсы болатын, Батыс және Шығыс мемлекеттер қатарының назарының орталығында болды.Сонымен қатар, сыртқы күштер арасында Орталық Азиядағы геосаяси және геоэкономикалық ықпал сферасы және оның табиғи ресурстары үшін күрес айналысы пайда бола бастады.Жақында аймақ арқылы аймақтағы шарасыз экономикалық процесімен қоса саяси процесті қарқындатын, «Оңтүстік-Солтүстік» және «Шығыс-Батыс» транспорттық коридоры өтуі керек. Орталық Азия аймағына тек мемлекеттер мен шетелдік компаниялар ғана көңіл аударған жоқ. Орталық Азиялық елдері және халықтары, тағы да ауқымды қарама-қайшы жоспарының жүзеге асыруы мақсатында, осы жерде  өзінің стратегиялық плацдармдарын құруға үміттенген, түрлі экстремистік исламдық ұйымдардың шабуылына ұшыраған еді.

Айқын болатыны, ол Орталық Азияның қатыстық изоляциядан үзілді-кесілді және тез түрде шығады және бұдан барлық жағымды және жағымсыз нәтижемен шығатын әлемдік саясатқа тікелей қосылады.

Аймақ елдері  әлемдік интеграциялық процеске, аймақішілік өзара қарым-қатынас сипатындағы, сонымен қатар , өзінің жақын көршілестерімен басқа да мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында мүдделі болып табылады. Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық формуласын іздеуін және танылуын талап етті. Сонымен қатар, егерде бұрын КСРО құрылымында ортаазиялық кеңестік республикалардың ұлттық даму мен қауіпсіздік мәселесі күшті жоғарғы державалық одақтас мемлекеттері шеңберінде шешілсе, онда тәуелсіздік алғаннан кейін және қажетті ресурстардың жоқ болуында көрсетілген мәселелер ерекше өзектілігіне  ие болады және өз бетінше сонымен қатар, жаһанданудың өзгешелік күштерінде жаңа қауіптің пайда болуына әкеледі. Орталық азиялық мемлекеттердің әлеуметтанушылары мен саясаттануышулары, аймақ мемлекеттерінің қазіргі сыртқы саясатын қалыптастырылуы әлемдік пен аймақтық ауқымды күштер орталығы арасында балансталған және дамудың сыртқы шаралары өте қиын жағдайда өтіп жатыр деп белгілеген.  Өз кезегінде, бұл аймақтық ынтымақтастыққа себепші болады. Аналитиктер ең алдымен, қауіпсіздік үшін құрылымдық ынтымақтастыққа мемлекеттердің дайындығы мен қажетілігіне шартталған, аймақішілік диологтың дамуында бірқатар позитивті қозғалыстарды белгілейді. Қауіпсіздік идеясы Орталық Азияның жас мемлекеттерінің интеграциясына түрткі болған дәлел бола бастады.

    Тандалған тақырыптың  практикалық маңыздылығы КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азияның жаһандану процесінде белсенді кірісе бастағанында, сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы өзінің экономикалық және геосаяси жағынан қатысуының кеңеюіндегі Шығыс пен Батыстың түрлі елдерінің мүддесінің пайда болуының байқалуында. Сонымен бірге, Орталық Азия елдеріне деген идеологиялық ықпалдастықтың активазациясы өтіп жатты. Түрлі мақсатты көздейтін, түрлі саяси күштері-Орталық Азия халықтарының мүддесімен санаспай, тек өзінің мүдделеріне сәйкес жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу процесіне өзінің ықпалын көрсетуге үміттенеді. Бұл күштердің арасында экстремистік мағынадағы күштер бар, сонымен қатар әскерленген террористік ұйымдар ретіндегі күштер де бар. Аталғандардың барлығы жиналған сыртқы саяси тәжірибемен жария етілген, барлық аймақтың басты мәселелерінің анализін және белгілеуін өзекті етеді.

Әскери-саяси одақтар мен ұлы державалардың дөрекі қол сұғушылығы мен бәсекелестіктің нәтижесінде әлемдік саясаттың күн тәртібінде әлі де тұрған, аймақтық шиеленістер қатарының пайда болуына және күшеюіне  әсер еткен, көршілес жатқан таяу Шығыс пен Ауғанстанның жолын қайталамауы маңызды болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу барысында автор мына әдебиеттерге сүйеніп жазған. Негізінен бұл тақырып, әсіресе батыс ғалымдарының  зерттеулерінде ауқымды түрде қарастырылған. Зерттеу барысында ТМД елдерінің атақты саясатшылар мен халықаралық-әлеуметтанушылардың еңбектеріне сүйенді: Біріншіден, аталған мәселелер Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткерлерінің, яғни ҚР Президенті Н.Назарбаевтың, Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Орталық Азиядағы геосаясат, оның ҚР қауіпсіздігіне ықпалы мәселесі Н.Назарбаевтың «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства» (1992), «Казахстан: взгляд на мировой порядок, развитие и демократию» (1994), «Пять лет независимости» (1996), «На пороге ХХІ века» (1996), «Қазақстан — 2030» (1997), «Евразийский Союз» (1997), «Бейбітшілік кіндігі» (2001), «Сындарлы он жыл» (2003) және басқа еңбектерінде [1]кеңінен талданды.

Қ.Тоқаевтың еңбектері [2] негізінен Қазақстанның сыртқы саясатына арналған. Олар күштердің геосаяси орталықтары қатарына жататын мемлекеттермен ҚР-ның байланыстарына қатысты мәселелерді терең қамтуымен ерекшеленеді. Қ.Тоқаев Қазақстанның ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, КҚКҰ және басқа да көпжақты қауіпсіздік ұйымдары мен жүйелеріне қатысуына ерекше көңіл бөледі.

А.Ақаев, Б.Ақаеваның, А.Асанованың, А.Г.Арбатов, Е.П.Бажанов, А.В.Бурсов, К.С.Гаджиев, А.Д.Джекшенкулов, А.Г.Задохин, М.Иманалиев, Н.Исингарин, Г.Г.Қадымов, К.Н.Құлматов, Д.Н.Назарбаеваның, В.Ф.Ли, В.В.Наумкин, Г.А.Рудов, Ж.Сааданбеков, Э.Салахитдинов, К.К.Тоқаев, Т.Тоқтомушев, К.Шыналиев, А.Д.Шутов, Г.С.Яскинаның,Р. Мукимджанова ,         М.Т. Лаумулиннің  және тағы да басқа.

Р.Мукимджанованың «Страны Центральной Азии: Азиатский  вектор внешней политики.»(2005)  атты еңбегінде ,Орталық Азия оңтүстік шек периметрі бойынша ынтымақтастық және тату-көршілес аймақ құру – бұл аймақтағы елдердің саясатындағы азиялық вектордың приоритетті міндеттері болып табылады. Кітапта Орталық Азияның бес мемлекеттерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,Түркіменстан,Өзбекстан) Қытай және шектес Орта Шығыс елдерімен қатынасының эволюциясы қарастырылды. Жақтастардың геосаясат саласындағы мүдделерінің  қайшылықтары қарастырылады.

Орталық Азияға арналған геосаяси сипаттағы басылымдар арасында М.Лаумулиннің «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология» (2000) атты монографиясы, С.Көшкімбаевтың «Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность» (2002) атты  еңбектері ерекше орын алады.

С.Л.Көшкімбаевтың  «Центральная Азия на путях   интеграции: геополитика,этничность,безопасность»( 2002) атты ұжымдық еңбегі келесі мәселеге  негізделеді: анализ үшін негізгі критериі аймақ елдерінің өзара және сыртқы ортамен экономикалық және саяси байланыс сипатында болуы мүмкін. Қызық болатын жайт, сыртқы экономикалық серіктестермен жетекшілік ететін Қазақстан және Өзбекстан сияқты аймақтың ір елдері аймақтан тыс елдері бола бастайды. Бұл тенденция әлі де Түрікменстанға да қатысты. Аймақ елдерінің өзара сыртқы сауда көлемі жалпы айналымның 10%-н жоғарыламайды[3],бұл әрине аймақ елдерінің экономикалық интеграциясының өсуіне өте аз болып табылады. Мысалы, көршілес Қырғызстанның  Сыртқы саудасындағы Тәжікстанның бөлігі өте аз. Мысалы, АҚШ-ң немесе  Қытайдың бөлігінен бірнеше есе аз. Бұл аспектілер көбінесе геосаяси  фактор қатарында негізделген аймақтағы интеграциялық тенденцияның ерекшелігін көрсетеді.

Бұл факторлар біріктіру үрдісін негіздейді және белгілі бір шамада шектейді. Шектеу ретінде оларды бөлу құралы немесе сыртқы ойыншыларға қысым ретінде қолдануында айтуға болады.

Қазақстан үшін жетекші сыртқы серіктесі болып Ресей, Қытай және АҚШ болып табылады.

Түрікменстанның ұқсастығына қарай, Астана ірі экспорттық бағытты дәл осы аталған екі еуразиялық державамен байланыстыруды жоспарлап отыр. Олармен бәсекелес елдер қатарының қысымына қарамастан, (біріншіден, АҚШ) басқа жобалардың маңызды саяси және экономикалық қолдауын , Қазақстанға объективті түрде геосаяси және экономикалық жағдайда түбегейлі түрде басымдылық етуін олар жасай алмады.

ҚХР мен энергоресурстар саудасын кеңейту және энергоресурстарын транспорттаудағы «ресейлік» маршруттың жүзеге асыру жоспарының жетістікті түрде қозғалуымен дәлелденеді.

Өзбекстан Ресеймен тығыз қатынаста, бірақ экономикалық әлсіздік арқасында, Мәскеу ТМД-дан Өзбекстанның белгілі дистанцияға әкелетін әскери- стратегиялық ықпалдың экономикалық механизмнің жетіспеушілігінінің орнын толтыруға үміттенеді.

ТМД-ң ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Келісімшарттан шығуындағы ірі индикатор Ташкенттің көбінесе тәуелсіз ойынды жүргізетінің көрсетеді. Білуімізше, Ташкенттің екінші ірі серіктесі , сондықтан аймақтық баланста белгілі тұрақсыздық жағдайын туғызады. Мүмкін, Ташкенттің өзінің стратегиялық мүдделердің бағыттанушылығы үшін Вашингтон, Тегеран және Пекин бәсеке болады.

Қырғызстанның бес бағыты бар, олар;- Қазақстандық, Өзбекстандық, Қытайлық, Ресейлік және шартты түрде батыстық (американдық)  бағыттар. Соңғы вектор Бишкектің технологиялық серіктестікте және Вашингтонның қатысушылығы арқасында баланстаудың нүктесін ұлғайту мүмкіншілігінің үмітімен байланысты. Бұл баланстың болашақта өзгеруі мүмкіндігі төменгі дәрежеде деп болуын сипаттайды.

Тәжікстан ТМД-да маңызды стратегиялық серіктеске ие, ол Ресей болып табылады. Елдің тұрақты түрде дамуына, әрине бұл жеткілікті емес. Душанбе басқа державалармен өзінің байланыстарын маңызды түрде кеңейтеді деген үлкен мүмкіндік бар.Тәжікстанда тағы да бір немесе екі серіктестің пайда болу мүмкін. Бұл орын үшін Иран, Қытай белгіленген шамада АҚШ бәсекелесетіні айқын болып табылады.

Түрікменстанның приоритетті серіктесі ретінде Тегеран және Мәскеуді жатқызамыз. Субаймақтық деңгейде олардың позицияларын кеміту, сәйкесінше өзінің позициясын кеңейтуге Астанадан гөрі, мүмкіншілік қатарына ие болатын Ташкент үміттенуі мүмкін. Түркімендік экономикалық энергитикалық секторында инвестициялар ірі хаттары арқылы Вашингтон Ашхабадтың сыртқы- саяси стратегиясына ықпалын тигізеді.

Сонымен, геосаяси үстемнің лидері Ресей болып табылады. Барлық бес орталық азиялық елдерінде осы «Ресейлік» фактор маңызды болып табылады.

Евразияның бұл аймағында геосаяси конфигурациясының аяқталмауына қарамастан, екінші фактор «Қытай» факторы болуы мүмкін дейді, бұл фактор нақты түрде Қазақстан мен Қырғызстанда көрсетілген «Қытайлық вектор» потенциалы өзінің ықпалының ұлғайту тенденциясына ие, Пекинді Тәжікстандағы шиеленістік жағдайға қобалжытады. Континенттік державалардың ішінен аймақ үшін үшінші күшті полюс ретінде Иран болуы мүмкін. Тегеран маңызды түрде алдыңғы екі державалардан қалуда, бірақ өзінің қызметін айқын түрде белсендіруде. Иран Түркіменстанда нақты түрде көрсетілген сонымен қатар Тәжікстанның жетекші серіктестерінің бірі болуына үміті бар.

Этникалық жақындық  факторы бұл жерде белгілі рөлді атқарса да, бірақ иран -тілдес мемлекеттердің және Орта Шығыстық халықтарының ішінен лингвистикалық негізде альянс құру мүмкіншілігінің  аздығында.

          М.Т. Лаумулиннің  «Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике:Центральная Азия и Казахстан в современной политологии» (2005)  атты еңбегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы үстемдігі қарастырылады. Қазақстанның сыртқы  саясаты және  ірі  державалардың қызығушылығы  қарастырылады.

Орталық Азия елдеріне қатысы бойынша  батыс мемлекеттерінің саясатының қисының түсіну мақсатында Батыс елдер авторларының басылымымдары зерттелінді. Батыс ғалымдарының еңбектерін ТМД ғалымдарының зерттеулерімен салыстырғанда, автор мынадай қорытындыға келеді, Орталық  Азиядағы Батыс мемлекеттерінің қазіргі таңдағы саясаты тек-қана өз пайдасын көздейді және  ірі ұлттық бизнес қолдауына бағытталған.Қытай мен Иран сияқты көршілес екі елдің ғалымдарының тәмілдері қызықты болып көрінеді. Барлығына мәлім болғандай, осы екі ел орта азиялық мемлекеттерге ерекше мүдделері бар,және көп басылымдары бойынша,бұл аймақты зер салып зерттеуде. Қытай мен Иран     өз мүдделері бола тұра,орталықазиялық бағытында АҚШ-тың және басқада батыс мемлекеттерінің белсенділігін сақты түрде қабыл алуда.

Бұл тақырыпты зерттеуде  автор алғашқы зерттеулерге сүйенді,олар- БАҚ және ақпараттық басылымдарда жарияланған орталықазиялық мемлекеттердің түрлі ведомстваларының кезекті және ресми материалдар мен құжаттарға сүйенді. Сондай-ақ,РАН-ның  Шығыстану Институтында , РФ-ның  СІМ  МГИМО мен Дипломатиялық академияларында ,Орталық Азия елдерінің басқа да институттарында,сонымен бірге  Таяу және Орта Шығыстың  бірқатар   елдеріндегі институттарында    өткізілген,  қазіргі  таңдағы    дамудың  теориялық  мәселелеріне қатысты  бірқатар конференциялардың мәліметтерімен  танысу мүмкіндігіне  ие болды.Қорытындылар,  гипотезаның  түрлі  бағыттары мен  теориялық жағдайы,  жай ғана  пікірлердің  бір-бірімен  алмасуы  жаңа  мыңжылдықтың  басында  Орталық  Азия  елдерінде  жүріп  жатқан  процестерді  түсінуге үлкен  көмегін  тигізді.

 Деректік негізі. Зерттеудің деректік көзін,  Орталық Азияның  сыртқы саясатының, оның халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасының басылымдары ,сөз сөйлеулер,жобалар мен жолдаулар құрайды. Мұндай басылымдар Орталық Азия елдерінің  тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жариялана бастады.

Олардың қатарында, Орталық Азияның аймақтық  қауіпсіздік және сыртқы  акторлардың  мүдделер  мәселесі бойынша З.Чуланованың «  Социальный

аспект глобализационных процессов в развивающихся странах» (2004),Д.Каушиктың «Проактивная политика президента В.Путина в Центральной Азии» ( 2004), К.Сыроежкиннің «Синьцзяньский производственно-строительный корпус СУАР КНР: настоящее и будущее» ( 1998),Б.Сұлтановтың  « Приоритетные направления внешней политики и политики безопасности РК в условиях
глобализации» ( 2004),Г.Киссинджердің « Нужна ли Америке внешняя поли-
тика» ( 2002),М.Лаумулиннің  « ЕС как новая геополитическая сила» (2001),

М.Лаумулиннің « Центральная Азия и Запад: новые геополитическне реалии»  ( 2004),З.Бжезинскийдің  «Геостратегия для Евразии» (1997),С. Строканның      « Шанхайская грамота — начало нового этапа в истории Центральной Азии» (2001), Чэнь Циминнің «Центральная Азия: политические процессы и региональная безопасность» (2002), З.Бжезинскийдің «Геостратегия для Евразии» (1999) атты басылымдарын  атауға  болады.

Ал Орталық  Азиялық  интеграция жөніндегі мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының  президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации» ( 2005 ) жолдауын, Н. Назарбаевтың « О формировании ЕАС» (1994),  «О формировании Евразийского Союза Государств» Жобасы//Евразийское пространство: интеграционный потенциал и его реализация» (1994), «Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ғылыми және мәдениет қайраткерлерінің халықаралық кездесуіндегі Қазақстан  Республикасының  президенті Н.  Назарбаевтың сөз  сөйлеуін»(1999), Ф.Старрдың  «Партнерство для Центральной Азии» ( 2005), О. Сидоровтың «Центральноазиатское фианкетто США» (2006) атты басылымдарды атауға болады.
          Геосаясат классиктері Х.Дж.Маккиндер, А.Мэхэн, В.Де ля Блаш, Н.Спайкмен,  К.Хаусховер, К.Шмитт, П.Н.Савицкий еңбектері зерттеудің маңызды дерек көзі болып табылады. Олардың мәтінімен А.Дугиннің, И.Г.Усачевтің, А.Панариннің, В.Дергачевтің, Ю.Тихонравовтың, К.Гаджиевтің аудармалары [4] арқылы таныса аламыз.

         Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысын жасаудағы автордың алға қойған мақсаты – көптеген зерттеу жұмыстарын қарап,жинай отыра Орталық Азия аймақтық ынтамақтастығы оның шешілу жолдары мен болашағы. Орталық Азияның тәуелсіздік алғаннан бастап халықаралық аренаға шығуы жөнінде толық мағлұмат беру.

Аймақтың  ынтымақтастығының жолында Қазақстанның орны мен ролі.

Орталық Азияның жаһандану үрдісіне тартылуы,қазіргі таңдағы Ұлы державалардың Орта Азиядағы саясаты және ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия жөнінде баян ету.

—   Содықтан да, осы мақсатқа байланысты зерттеу барысында бірнеше міндеттер  туындайды: Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығының қалыптасуы;

—  Орталық Азия аймақтық қатынастар;

—  Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығының перспективалары;         

—  Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық үрдістерді анықтау;

—  Орталық Азия елдеріндегі экономикалық интеграцияның негізгі бағыттарын анықтау;

—  Энергетикалық қауіпсіздік – халықаралық қатынастар тұрақтылығының шешуші факторы;

—   Орталық Азияда ядролық қару таратпау мәселесіндегі Қазақстанның саясаты;

—   Орталық Азия ынтымақтастығындағы  Каспий мәселесі;

—   Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның қосқан үлесі;

—   Орталық Азия елдеріндегі зкономикалық ынтымақтастығының қиыншылықтары мен даму жолдарын анықтау;

  Зерттеудің хронологиялық ауқымы 1991 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды

Зерттеудің нысаны .

Сонымен осыдан зерттеу объектісі мен пәні туындайды. Зерттеу объектісі ретінде  Орталық Азияны негізге алады.

Ал зерттеу пәні ретінде Қазіргі таңдағы  Орталық Азияның аймақтық интеграциялануы, оның жолдары мен туындап отырған проблемалар , мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси, гуманитарлық, мәдени  баланыстар орын алады.

    Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері.Жұмыстың зерттелу әдістемесінде   жалпы  ғылыми  зерттеу  әдістемелері:талдау  және  синтез  әдісі, салыстырмалы  тарихи әдіс, сонымен қатар,  эскликативті  әдістер(конент —  анализ,мәтіннің  ауызша  және  жазбаша  мәнін, онда жиі кездесетін  оқиға  желісінің  дамуын  жүйелеп зерттеу, когнитивті  суреттеу, белгілі-бір  саяси мәселені   сол  немесе  басқа  саясаткердің  қалай  анықтағаны  жөнінде   анализ  жасау)  қолданылды.

Дипломдық зерттеудің объектісі белгілі бір кезеңмен шектеледі, Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасу кезеңі,Аймақтық интеграциялық процестер, кедергілер онымен күрес жолдары. Халықаралық аренаға шығуы қарастырылады,яғни қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі  Орталық Азияның орнын анықтауы нысанға алынғандықтан зерттеу жұмысында  тарихи және логикалык әдіс қолданылды.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде шетелдік, сондай-ақ отандық ғалымдардың теориялық зерттеулері мен тұжырымдары алынды.Жұмыстың өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдардың өзара пікірталастары ретінде ұсынылған материал дәлелдермен салыстырыла каралды да, бұл зерттеу тақырыбын ашудың әдістемелік негізін күрады.Зерттеу нысанын талдау барысында Орталық Азияның  халықаралық  қатынастар  жүйесіндегі  мәселеге  қатысты саясат,экономика  саласында  қарастырған ойшылдардың теориялық ұстанымдары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі  Орталық Азияның орны зерттелу  нысаны болғандықтан,оның интеграциясы, аймақтық  қауіпсіздігі,сыртқы  акторлардың ықпалы арнайы  мәселе ретінде талқыланып  келеді.

Зерттеу жұмысының жаңалықтарын төмендегідей ғылыми нәтижелерімен байланыстыруға болады:

— Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасуның  алғышарттары ашылып    көрсетілді,    оның   халықаралық аренада   қалыптасуының маңыздылығы мен өзектілігі анықталды;

-Орталық Азия интеграциясының  қазіргі  жағдайы мен перспективасы  анықталды;

-Ұлы  державалардың  Орталық Азия елдеріндегі қызығушылық мүдделері сарапталып,осы аймақта үстемдікке жету мақсатында Ұлы державалардың өзара  қарама қайшылықтары анықталды;

-Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде  орны  анықталды;

-Орталық Азиядағы ең беделді, ұлы державалар үшін аймақ елдерінің ішінен ең маңыздысы болып табылатын –Қазақстанның Орталық Азия  аймағындағы лидерлік орны  анықталды.

Зерттеудің тәжірибеде қолданысы. Зерттеу материалдарын геосаясат негіздері, тарих, халықаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бойынша дәрістерде және практикалық сабақтарда пайдалануға болады.

Сонымен қатар, зерттеу жұмысы Орталық  Азияның халықаралық аренада орнын қамтамасыз ету және ұлттық мүдделеріне табысты қол жеткізу мақсатында ұсыныстар жасақтау барысында қызығушылық туғызуы мүмкін.

Енді жоғарыда айтылған  мақсатқа , міндеттерге байланысты  диплом жұмысымның құрылымын ашып көрсетейік: жалпы дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.

Бірінші тарауда Жаһандану процесінің Орта Азиялық аймаққа әсері Орталық Азияның  жаһандану үрдісіне тартылуы қарастырылады.Осы бөлімнің мазмұны мынадай 3 бөлімше арқылы ашылады: біріншіден, Тәуелсіз Орта Азия аймағының интеграцияға тартылу жолдары

Ал екінші бөлімшеде  Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың  аймақтағы сыртқы саясаты көңіл бөлемін. Үшінші бөлімшеде АҚШ пен ЕО-тың аймақтағы қызығушылық саясатына тоқталдым.

Екінші  тарауда қазіргі таңдағы Орталық Азия аймақтық энергетикалық, ядролық қауіпсіздік мәселесі қарастырылады.Бірінші бөлімшеде Энергетикалық қауіпсіздік – халықаралық қатынастар тұрақтылығының шешуші факторы, екінші бөлімшеде Орталық Азияда ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі Қазақстанның саясатына, үшінші бөлімшеде Орталық Азия: жаңа геосаясат шеңберіндгі экологиялык жағдай және су ресурстары стратегиясы анықталды.

Үшінші тарауда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығының преспективалары деп қарастырылды. Үш бөлімшеден тұрады. Бірінші бөлімшеде Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның қосқан үлесі ,  Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі ұстанымы ,Орталық Азия елдеріндегі экономикалық ынтымақтастығының қиыншылықтары мен даму жолдары қарастырылды.

Зерттеудің сыннан өтуі.  16 мамыр 2009ж.

Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан,жеті тараушадан, қорытныдыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі бетті құрайды.

  Дипломдық жұмыс / 70 бет