Қазақстанның аймақтық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемелері

Жоспар
Кіріспе 3

І Бөлім. Аймақтық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемелері
1.1 Ғаламдану және аймақтық экономикалық интеграция түсініктері 5
1.2 Экономикалық теориядағы интеграциялық үрдістердің зерттелінуі 10
1.3 Аймақтық интеграциялық бірлестіктердің құрылуы мен даму тәжірибелері 20

ІІ Бөлім. ТМД кеңістігіндегі мемлекеттердің әлемдік ынтымақтастық үрдістерге кіруі
2.1 ТМД мемлекеттеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен даму ерекшеліктері 29
2.2 Қазақстан Республикасының аймақтық интеграциялық топтарға кіруінің алғышарттары 37
2.3 Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қалыптасуы 46

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының аймақтық интеграциялық топтардағы орны мен даму болашағы
3.1 ЕурАзЭҚ шеңберіндегі сыртқы сауданы дамыту жолдары 54
3.2 ЕурАзЭҚ қаржылық интеграциясы және даму болашағы 61

Қорытынды 67
Қолданылған әдебиет тізімі 70

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың таңдап алған тақырыбы көптеген себептермен түсіндіріледі, ол әлемдік шаруашылықтың қазіргі кезде дамуының күрделенуімен, оның ғаламдық сипат алуымен және аймақтану үрдістерінің кең таралуымен сипатталады.

Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты жедел түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің және табиғи ресурстарды, инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б.

ТМД елдерінің қатысуымен орын алған экономикалық интеграция қиын да күрделі, әрі көп жағдайда қарама-қайшылықтармен дамуда. ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы бұрынғы республикалардың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуларының бырыңғай болмауы салдарынан достастық ішінде әртүрлі қарқынды интеграциялық процестердің тууына әкелді, ал оның нәтижесі ТМД территориясында одақтар, блоктар және бірлестіктердің пайда болуымен көрініс тапты. Қазақстан үшін де бұл мәселе айырықша мәнге ие, өйткені, біріншіден,  Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияға қатысуы Қазақстан Республикасы егемендігінің экономикалық негіздерін құрудың, Қазақстанның жоғары экономикалық өсуін қамтамасыз етудің, толыққанды мүше ретінде оның әлемдік қауымдастыққа кіруінің шарты болып табылады.

1994 жылдан бастап Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынып келеді. Оның  айтуынша: «… Біз — өзінің жеке тарихи және өзінің жеке болашағы бар еуразиялық елміз. Сондықтан да біздің үлгі басқаларға ұқсамайтын болады. ол өзінің өн бойына әртүрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді».

Посткеңестік кеңістікте тарихи тағдырлары ортақ, жақын немесе геосаяси және экономикалық мүдделері сәйкес елдердегі интеграцияны жақтаушылардың күш-жігерлерінің нәтижесі ретінде 2000 жылдың 10 қазанында еліміздің бас қаласы Астанада Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы президенттері Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құру туралы келісім-шартқа қол қойды.

Әлем елдерінің аймақтық интеграциялануға деген жаппай бетбұрыстарын ескерсек, интеграциялық әлеуеттері өте жоғары ЕурАзЭҚ елдерінің аймақтық бірігуі – объективті қажет үрдіс  еді. ТМД елдері ұзақ уақыт бойына социалистік достастық елдері шеңберімен шектеле отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан тыс қалып қойды. Әлемдік экономикалық кеңістікке кіру кезінде нарықтық бағытты таңдай отырып, ТМД-ның барлық елдері үшін әлемдік қауымдастыққа ортақ экономикалық блок ретінде ену тиімді және қауіпсіз болар еді. Ол ТМД мемлекеттерінің тең құқықты серіктестер ретінде басқа экономикалық және саудалық одаққа қатысуының маңызды шарты болуы тиіс.

Екіншіден, бұл мәселені шешудің маңыздылығы бүгінгі таңда қалыптасқан күрделі саяси жағдаймен түсіндіріледі. Екі жүйенің күйреуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің туындауы және әлемдік экономикалық қатынастардың жаһандануы нәтижесінде қалыптасқан жаңа жаһандық жағдайлардың пайда болуы. Қазіргі кезде әлемдегі әскери-саяси шиеленістердің бірқатар төмендеуі, көптеген елдердің басымды болу пікірлерінен бас тартуы, мемлекеттердің экономикалық өсуі мен мәдени дамуына мүмкіндіктердің кеңеюі, соған байланысты елдердің халықаралық қатынастарға қатысуының күшеюі байқалады.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жолдауында «Біздің ары қарайғы интеграциялануымыз – бұл аймақтағы тұрақтылыққа, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке жүру жолы» дегенді атап көрсетті. Бұл әлемде жинақталған интеграциялық бірлестіктердің қалыптасу тәжірибесінің әрекет ету қажеттілігін туындатады. Бірақ та қазіргі кездегі ғылымда жаһандану, интернационализациялану және ХЭИ үрдістерінің әлемдік шаруашылық байланыстарға ықпал етуін бағалаудың ортақ қөзқарасы қалыптаса қоймады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Азия үшін де өзекті мәселе болып табылады. Мұнда 3,5 млрд-тан астам адам өмір сүреді, әлемдік ЖҰӨ-нің 55%-ы өндіріледі, әлемдік сауданың 40%-ы шоғырланған. Сонымен қатар бұл аймақ өте тұрақсыз аймақтың бірі болып сипатталады. Осы уақытқа дейін Азияда көптеген қақтығыстар, өзара сенімсіздік орын алып келеді.

Интеграциялық үрдістердің дамуы осындай экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы елдердің әрқайсысының саяси хал-ахуалын жақсартуға, оларда мекендейтін және тарихында көптеген ортақтығы бар халықтар достығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Сондықтан да, ТМД елдері үшін интеграцияның даму сатылары теориялық мәселелерін және осы үрдіске ықпал етуші факторларды зерттеу, сонымен бірге ТМД-да интеграциялық байланыстардың қалыптасуы тәжірибесін талдау үлкен мәнге ие болып отыр. Осыларға негізделе отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне арналумен қатар халықаралық экономикалық интеграцияның әлемдік тәжірибесін қарастырады. Алайда бұл ХЭИ сферасында біз осы елдер тәжірибесін көзсіз көшіруіміз керек дегенді көрсетпейді. Ол үшін біз елдердің ұлттық ерекшеліктерін, посткеңестік кеңістікте қалыптасатын тенденцияларды анықтап алуымыз керек, сонымен қатар  Батыс Еуропаның ХЭИ-сының элементтері мен механизмдерінің ішінен Қазақстан Республикасының  экономикасына белгілі бір дәрежеде тиімді болатынын таңдап алып, қолдануымыз керек. Менің ойымша, интеграция мәселелерін кешенді түрде зерттеу Қазақстан Республикасы қатысатын интеграциялық топтастықтар қызметінің механизмдерін жетілдіруге және әлемдік тәжірбие үлгілеріне сүйене отырып экономикалық интеграцияның тиімді жақтарын дамытуға мүмкіндік туғызады. Осындай жағдайда дипломдық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігімен және іс жүзінде қажеттілігімен ерекшеленеді.

Дипломдық жұмыс / 72 бет