Оқу процесінде оқушылардың мәдениетін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе….. 3-7
І бөлім. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлінің теориялық негіздері…. 8-28
1.1. Мұғалімнің социумдағы орны мен қызметі және оған қойылатын талаптар…… 8-19
1.2. Мұғалім – оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырушы ретінде…… 19-28

ІІ бөлім. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі….. 29-50
2.1. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру әдістері, формалары… 29-40
2.2. Тәжірибелі-эксперименттік жұмыс нәтижелері….. 41-50
Қорытынды……. 51-52
Әдебиеттер тізімі….. 53-55

Кіріспе

         Зерттеудің көкейтестілігі. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, мектептің жаңа жүйеге көшуі, әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың оқуға белсенділігі мен оқу мәденитені қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасында» білім беру саласын реформалаудың стратегиялық бағыты болып ойлауда инновациялық шығармашылық типі бар адамдардың жаңа генерациясын, дамыған дүниетанымдық мәдениеті бар, дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын мұғалімдерді қалыптастырудың қажеттлігі айқын көрінген [1; 2].

«Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді», — делінген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасында,

«Жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектеп мынандай міндеттерді шешуі керек: — жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеп дамуына, білімін арттырып жетілуіне көмектесу, сондай-ақ оқытудың сан алуан тиімді формалары мен әдістерін барынша кең қолдану арқылы әрбір оқушының бойына үнемі оқып-үйренсем деген ізденімпаздың қасиет дарыту, оларға білімін өздігінше толықтырып, тереңдету тәсілдерін үйрету» — делінген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерінде, концепция мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамыту, қалыптастыру мәселесін, шығармашылықпен шешетін жаңа формацияның кәсіби компетентті педагогын даярлау делінсе, міндеттеріне – «педагог-оқушы» жүйесінде іс-әрекетті басқаруға бағытталған кәсіби-педагогикалық әрекетті ұйымдастыра  алуды қамтамасыздандыру.

Жаңа формацияның мұғалімі – рухани дамыған, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдысы мен педагогикалық нышаны бар жаңалыққа ұмтылған шығармашыл жеке тұлға. Олай болса, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу білім беру жүйесіндегі жаңа формацияның мұғалімінің қолында болмақ.

Оқытудың жалпы теорияларының негізінде мұғалімнің рөлін қарастырған ғалым-зерттеушілер аз емес, мәселен Я.А.Коменский, И.Г.Песталоццин, А.Дистервеч, И.Гербарт, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, С.Т.Шацкий, П.П.Нечаев, М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, сондай-ақ ХХ ғ. ортасында өмір сүрген кеңестік және шетел ғалымдары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, И.Лингарт, И.Ломшер болған. Сондай-ақ осы аталған ғалымдардың зерттеулері негізінде  оқыту әрекетінің  психологиялық теориясы пайда болды.

Әр түрлі мамандықтар ішінде ерекше рөл, барлық іс-әрекет нәтижесі адам –азаматты дамып келе жатқан нарықтық қатынастың  барлық жағдайына төтеп беруге дайын тұратын, ол үшін өз қызығушылығын, бейімділігін, мінез-қлық ерекшелігін оқу мен кәсіби даярлық барысында өзінің таңдаған кәсібіне және өзінің ұмтылысына  толығымен сай келетін, кәсіпке жету мақсаты мен өз мүмкіндіктерін өзі бағалай білу іскерлігін сезіне білетін мұғалім мамандығына беріледі. Бұл тұрғыдан мұғалімнің педагогикалық еңбегі терең шығармашылыққа толы болуы керек. Қазіргі мектептің басты мақсаты — өз бетінше дами алатын, өз бетінше бағдарлама және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра білетін шығармашыл тұлғаны қалыпастыру.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІ-ші съезінде сөйлеген сөзінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевта осы мәселеге айрықша мән берген. Баланың бойында қалыптастырылуға тииіс қасиеттер алдымен мұғалімнің өз бойынан табылуы тиіс.

Ғалым-педагогтар В.Сластенин, И.Исаев, А.Мищенко, Е.Шяновтар «Мұғалімнің педагогикалық процесті басқарудағы теориялық және тәжірибелік даярлығының бірлігін, олардың мазмұнын жан-жақты талдайды». Қазіргі педагогикалық ғылымда озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері көптеп айтылуда. Мұғалімнің оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім берудегі көзқарасын қалыптастыруы, дүниетанымын дамытудағы еңбекке және қоғамға деген қатынасын тәрбиелеудегі рөлінің маңыздылығы белгілі педагогтар Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский, В.А. Сухомлинский, А.С.Макаренко және т.б. еңбектерінде көрініс берген, сондай-ақ шетел педагогтары Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцин, А.Дистервеч өз еңбектерінде мұғалім мамандығының қоғамдағы орнына мән береді [3; 4; 5; 6; 7].

Педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімнің педагогтық қабілеттілігі де бірқатар зерттеушілер еңбектерінде орын алды (Гоноболин Ф.Н., Данилов М.А., Якобсон П.М., Гальперин П.Я., Лемберг Р.Г., Занков Л.В.) [8; 9; 10; 11; 12].

Зерттеу барысында қарастырылған педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау мұғалім мамандығының қоғамдағы орнын, олардың зерттеу нәтижелерінің қоғамда кеңінен қолданылып жүргенін, дегенмен қарастырылып отырылған оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы  мұғалімнің рөлі мәселесінің бұл еңбектерде кең түрде қарастырылмағандығын  дәлелдейді. Демек, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігі мен бұл мәселенің мектептегі қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі мектеп мұғалімінің  педагогикалық процесс барысында оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру  мүмкіндіктері мен оларды педагогикалық процесте оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру  мақсатында жүйелі пайдаланбау арасында; оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы  арасында қайшылықтардың бар екендігі бпайқалады. Осы қайшылықтардың шешімін қарастыру  бізге тақырыпты «Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың сабақта оқу мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

         1) мұғалімнің социумдағы орны мен қызметін және оған қойылатын талаптарды теориялық тұрғыдан қарастыру;

2) мұғалімнің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ашып көрсету;

3) мұғалімнің сабақ үстінде оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу;

4) оқу мәдениетін қалыптастыруда әр оқушының жеке дамуын зерттеу тәсілдерін нақтылау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңды-нормативті құжаттары: Білім туралы заң, «Білім мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы 2015-ші жылға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, мұғалімдердің іс-тәжірибелері.

Зерттеу әдістері.  Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық әдебиеттерге талдау, мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып үйрену, оқу процесін бақылау, әңгімелесу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін педагогтар мен психологтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттеудегі көзқарастарын ашып көрсететін тұжырымдамалар  құрайды.

Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағиадалармен зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу нәтижелерін қорытындылаумен, жалпы білім беретін мектепте олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыздандырылады.

Зерттеудің базасы: тәжірибелі-эксперимент жұмысы _______________ өткізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық және әдіснамалық  негіздері, зерттеу көздері мен әдістері, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі  баяндалады.

«Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлінің теориялық негіздері»  атты бірінші бөлімде мұғалімнің социумдағы орны мен қызметі және оған қойылатын талаптар, сондай-ақ мұғалімнің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлі теориялық тұрғыдан қарастырылады. Мұғалімнің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалады.

«Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі» атты екінші бөлімде сабақ үстінде оқушылардың оқу мәдениетін  қалыптастыру мазмұны, әдістері мен формалары негізделеді, тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижесі баяндалады.

Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері, қорытынды және нұсқаулар беріледі.

  Дипломдық жұмыс / 54 бет