Дарындылық мәселесі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……3
І. Негізгі бөлім. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары
1.Дарындылық туралы жалпы түсінік…….5
2. Дарындылық проблемасын зертте тарихынан…..15
3.Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы. Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері…23
ІІ. Практикалық бөлім
Қорытынды….29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..32
Қосымшалар…35

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не?  Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе  әлеуметтік шындық па?   Және дарынды балаларға қалай қарау керек?  Олар ерекше бағыт пен еркеше даму,  көзқарасты қажетсіне ме?

Дарындылық көптеген балалар үшін,  ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.  Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып,  ең алдымен оның шынайы байқаулары,  анықталу тәсілдері,  дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады.  Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық  —  бұл ертеңгі ғылым,  мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.  Қазіргі таңда  мұндай ерекше балаларды,  анықтау тәсілдері,  өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру   бағдарламалары бар.

Дегенменен,  дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар,  балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.

Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты.  Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі.  Ол американдық психологтар:  Дж. Гилфорд,  П. Торренс,  Ф. Баррон,  К. Тейлор.  Ал  психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды.  Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты [18,197].

Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді.  Олар: А. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде,  Шумакова Н.Б.  өзінің бірқатар еңбектерінде,  Чистякова Г.Д. өзінің  “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық”  атты мақаласында С. Юркевич  “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары”  еңбегінде баяндалады.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары

Зерттеу пәні:  бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын  анықтау.

Зерттеу мақсаты: бастауыш мектеп оқушылары дарындылығының психологиялық ерекшеліктерін  бейімделген өңделген әдістемелер көмегімен анықтап, айқындау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
  2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
  3. Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.

Зерттеу әдістері:

  1. Балалардың дарындылығын бақылау.
  2. Балалардың дарындылық ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
  3. Ата-ана,  балалармен жүргізілетін сұхбат,  сауалнама.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы,  А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы,  С. Юркевичтің,  дарындылықты анықтау еңбектері,  С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы.

Зерттеу болжамы:  Дарынды балаларды диагностикалау негізінде,  олардың танымдық  мүмкінідіктерін ажырату әрі дамыту арқылы мектепте олармен  жекелей жұмыс  жүргізіледі. Осы жүргізілген жұмыстар дарынды оқушылардың жан- жақты дамуына септігін тигізуі мүмкін.

Зерттеу жұмысының базасы:  Семей қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектептің 3 «А» сынып оқушылары.

Ғылыми- зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден,  екі бөлімнен,  қорытындыдан,  пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан  тұрады.

 Курстық жұмыс / 36 бет