Муниципалды менеджментті ұйымдастырылу ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Құрама Штаттарындағы федералдық деңгейдегі, штаттардағы, графтықтар мен муниципалитеттердегі басқару жүйесін, егер сіз осы жүйеде тәрбиеленсеңіз және оны мектепте оқысаңыз, оңай-ақ түсінуге болады. Бір шетелдік маман, мысалы, тіпті қала ауқымындағы саяси және әкімшілік құрылымның күрделілігі сондай, «тіпті ақылға симайды» деген еді. Ол «нағыз Чикагоның» өзіне 2 штат, 6 графтық, 40 ірі және шағын қала, 49 діни адамдар тұратын мекен және 110 деревня кіреді екен деп реніш білдіреді.
Осы күрделі кешен 235 салық және 400-ден астам мектеп округтеріне бөлінген…».
Алайда, барлық деңгейдегі басқару жүйесінің негізін салатын бірнеше басты принциптер бар. Біріншісі — «бір адам, бір дауыс»— заңгерлер сайлаушылардың тікелей дауыс беруі жолымен географиялық округтерден сайланады. Осыған сәйкес барлық сайлау округтеріндегі тұрғындардын, саны шамамен бірдей болуға тиіс.
Екінші негіздемелік принцип «баланстар мен шектеулер» жүйесі кезінде саясаттағы ымыраға келу таңдаудың емес қажеттіліктін, мәселесі екендігінде. Мысалы, конгрестің өкілдер палатасы бюджеттік шырындарға бақылау жасайды, ал бұл президент өзінің ұсыныстары мен бағдарламаларьш жүзеге асыру үшін өкілдер палатасының келісімін алуға тиіс деген сөз. Сондай-ақ президент конгрестің екі палатасының келісімінсіз соғыс жариялай алмайды. Қез келген сыртқы саяси шартты сенатта ратификация жасау талап етіледі, бекітілмейді екен, шарт та болмайды. Тәртіп мынадай «президент көздейді, ал конгресс билік етеді». Көбінесе президент бір нәрсені жасағысы келеді, бірақ амалсыздан басқа нәрсені жасайды.
Қонгресс федералдық үкіметтің заңдылық тармағы болып табылады, ол сенаттан және өкілдер палатасынан тұрады. Әр штаттан екі сенатордан сайланады, олар 100-ге жуық. Сенаторлардың үштен бірі әр екі жыл сайын 6 жылға қайта сайланады. Сенаторлар штаттың барлық халқының және оның мүддесін білдіреді.
Өкілдер палатасына 435 адам мүше. Олар әр екі жыл сайын екі кезеңге сайланады және конгрестің сайлауы өткізілген округтер халқының өкілі болып табылады. Әр штат екі округке бөлінген. Штат өкілдерінің саны оньщі халқының санына қарай анықталады. Мысалы, Калифорния бұл — халқы ең көп штат, 52 өкілі бар, ал Делавэр штаты болса онын өкілі біреу-ақ. Сенатордың немесе өкілдің екінші рет сайлану мүмкіндігіне шек қойылмайды.
Іс жүзінде Құрама Штаттарындағы барлық сайлаулар «жеңіскерге бәрі тиесілі» деген принципке негізделген. Яғни жеңіске жету үшін сайлау округінен ен көп дауыс алсаң жеткілікті.
Конгресс елдің барлық заңын қабылдайды және оның әр палатасының заңдық инициатива жасауға құқы бар. Әр палата басқа палата мақұлдаған заңдарға қарсы дауыс та бере алады. Өйткені заң жобасы оны екі палатада да мақұлдаған жағдайда күшіне енеді, бұл жағдайда олардың арасында ымыраға келудің болуы қажетті нәрсе. Конгресс салық салу жөнінде шешім қабылдайды және қаржынын, қалайша жұмсалатынын белгілеп береді. Сонымен қатар ол штаттар мен шетелдер арасындағы сауданы реттеп отырады. Қонгресс сондай-ақ шетелдіктерді американ азаматтығына алу тәртібін белгілейді.
Құрама Штаттардың президенті әр төрт жыл сайын екі толық мерзімнен аспайтын уақытқа сайланады. Сенаторлар мен өкілдер сияқты ол да тура дауыс беру жолымен сайланады (штаттардағы сайлаушылардың коллегиясы арқылы). Басқаша айтқанда, президент барлық кезде бірдей конгрестегі көпшілікке ие болып отырған саяси партиядан ұсыныла бермейді. Егер партиялардың бірі әр екі жылда өткізілетін аралық сайлаулардьщ барысында аталған көпшілікті жеңіп алса да және президенттің партиясы екі палатада көпшіліктен айырылып қалған жағдайда да президент өзінің қызмет орнында қала береді. Мұндай вариант — президенттің ол ұсынған заң жобалары конгрестен өтуі кезінде өз дегеніне жету, бірақ барлық кезде бұлай бола бермейді. Қандай жағдайда да президенті жүргізетін саясат ол заңдық күшіне ие болғанға дейін өкілдер палаталары мен сенаттың Қолдауына ие болуға тиіс.
Ішкі істерде де, сыртқы саясат мәселелерінде де президенттің, тіпті оның партиясы екі палатада да көпшілік орынға ие болып отырса да, бірден конгрестің қолдауына ие бола қоюы сирек кездесетін жағдай. Ол өзінің көзқарасының дұрыс екеніне өкілдер мен сенаторлардың көзін жеткізуге, келісім мен ымыраға келуге жол іздеуге тиіс. Американдық жүйенің мемлекет басшысы партияның немесе көпшілік партиясының өкілі болып табылатын парламенттік жүйеден негізгі өзгешелігі міне осы. АҚШ-тың атқарушы өкіметінің шеңберінде бірқатар департаменттер жұмыс істейдi. Қазіргі кезде бір мемлекеттік департамент және қорғаныс, қаржы, заң, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, сауда, еңбек, денсаулық сақтау және адам ресурстары, тұрғын үй және қаланы өркендету, транспорт, энергетика және білім беру департаменттері. Әрбір департаментті құру туралы шешім заң негізінде қабылданады.
Ал олардың атаулары сол департаменттердің қызмет саласын көрсетеді. Әрбір департаменттің басшысын президент тағайындайды, ал бұл тағайындауды сенат бекітуге тиіс.
Тағайындалған хатшылардың бірде-бірі (әдетте департамент басшысын осылай атайды) өзінің қызметін конгрестегі немесе басқа да мемлекеттік органдағы қызметтермен қосып атқара алмайды. Олар тікелей президентке бағынады және өзінің қызметін президент белгілеген мерзімде атқара алады. Яғни департаменттің хатшылары мемлекет басшысының оның «кабинетін» құрайтын көмекшілері мен кеңесшілері болып табылады. Бір президенттер шешім қабылдаған кезде өзінің кабинетіне жиі арқа сүйейді, ал екіншілері анда-санда болмаса, оған көңіл де бөлмейді.
Мемлекетте үшінші билік заңдық (конгресс) және атқарушы (президент) биліктерге қосымша федералдық сот жүйесі болып табылады. Оның негізгі құралы — АҚШ-тың жоғарғы соты — қалған екі билікті қадағалау қызметін атқарады.
Ол аталған биліктердің заңдары мен актілері конституцияға қаншалықты дәрежеде сәйкес келетінін шешеді. Конгресс судьялардың санын белгілей алады, бірақ ол жоғары сотқа конституция берген өкілетті өзгерте алмайды. Жоғарғы сот бас судьядан және сот мүшелерінен тұрады. Оларды президент сайлайды, бірақ сенат мақүлдауы керек. Алайда, бекітілгендер өз қызметін дүниеден өткенше атқарады. Жоғарғы соттьщ шешімі жөнінде қандай да бір сотқа шағым жасалынбайды. Президент те, конгресс те жоғарғы соттың шешімін өзгерте алмайды. Бұған қосымша конгресс 11 федералдық апелляциялық сотты ал олардың қарамағында 91 федералдық округтік сотты құрды.
Жоғарғы сот тікелей юрисдикция құқына екі жағдайда ие болады: іс шетелдік дипломаттарға қатысты болған жағдайда және тараптардын, бір мемлекет болған кезде. Жоғарғы сотқа түскен барлық басқа сот істері төменгі инстанциядағы соттарда тыңдалған істер жөніндегі апелляция болып табылады. Жоғарғы сот олардық қайсысы тыңдауға қабылданатынын белгілейді. Көпшілік істер конституцияны түсіндірумен байланысты болады. Жоғарғы сот, сондай-ақ соттық қайта қарау құқына да ие, яғни оның федералдық, штат ішіндегі және жергілікті үкіметтердің заңдары мен шараларын конститу-циялық емес деп жариялауға құқы бар. Конституцияда айтылмағанымен, бұл ереже кейіннен бекітілді.
Конституция қызметтері айқын ажыратылып көрсетілген үш билік тармағын қалыптастыруды көздейді. Олардың әр қайсысына берілген өкілеттіктер қалған екеуінің өкілеттіктерімен теңдестірілген. Әр билік басқаларды шектеп отырады, олардың шектен тыс күшейіп, өзінің жағдайын пайдалануына жол бермейді. Схемада олар қалай өзара жұмыс істейтіні және бір-біріне қалай тәуелді екені көрсетілген.
Конгрестің заңдарды қабылдауға өкілеттілігі бар, бірақ президент конгрестің кез келген әрекетіне вето қоя алады. Конгресс, өз кезегінде, әр палатанық үштен екі дауысымен бұл ветоны жоюға, сондай-ақ президентке ол сұраған қаржыландыруды беруден бас тартуға құқысы бар.
Президент үкіметтегі маңызды қызметтерге лауазымды адамдарды тағайындайды, бірақ бұл тағайындауларды сенат қолдауға тиіс. Соттар конгрестің барлық заң актілері мен президент әрекетінін конституциялығын анықтайды және конституциялық еместерін алып тастайды.
Баланстар мен шектеулер жүйесі ымыраға келу мен келісімдерді іздеуде қажетті. Ымыраға келу Құрама Штаттардағы билік тармақтарының барлық деңгейінде ымыраға келудің өмірлік маңызы бар, өйткені бұларды қандай да бір заңсыздықтардан қорғайды. Бұл мысалы, жаңа президенттер үкіметтің саясатын өзінің қалауынша түбірінен өзгерте алмайды деген сөз. Демек, американдықтар үкімет деп әдетте тұтас жүйені, яғни атқарушы билік пен президентті, конгресс пен соттарды атайды. Іс жүзінде президент (яғни әкімшілік басшысы) АҚШ-тан тыс жерлерде түсінетіндей соншалықты құдіретті күшті емес үкіметті көпшіліктің партиясы құратын басқа мемлекеттердің басшыларымен салыстырғанда АҚШ президентінде билік айтарлықтай аз.