Менеджмент іс — әрекетінің бағыты туралы қазақша реферат
Менеджмент мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
- экономикалық
- әлеуметтік – психологиялық
- құқықтық
- ұйымдық – техникалық
Экономикалық бағыттың мәні — өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын кординациялау.
Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.
Басқарудың төменгі және орта деңгейіндегі менеджерлердің қызметі және жұмысшылар мен коллектив арасындағы дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.
Менеджментің құқықтың бағыты – фирманы құру бойынша заңдар, кедендік және салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық – техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдықтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т.б. қамтиды.
Менеджментің 3 кезеңі белгілі:
- стратегиялық басқару,
- оперативтік басқару,
- бақылау.
Стратегиялық басқару – менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау.
Оперативтік басқару – қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым және жетекшілік.
Бақылау – пайдаланбаған өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау мен бағалау.
Тиімді әрекет етуші мекеме менеджменттің барлық бағыттары емен кезеңдерінің бірлігін қамтамасыз етеді.
Пайданы қамтамасыз ету – менеджменттің басты міндетті.
Фирманың пайдалық деңгейі нарықпен анықталады, бірақ өнірістік ресурстарды рационалды пайдалану мен тиімді басқаруға тәуелді.
Менеджментің қазіргі және болашақтағы тәуекелдік деңгейін төмендетуге негізделген.
Менеджер еңбегінің заты ақпар және ұжымдағы қарым-қатынас.
Өнірістік басқаруда менеджер аз білімді болсада, басқару іскерлігінің қыр сырын жетік біліуі керек. Басқару негіздерін зерттеу мен оқу менеджерлер, кәсікерлер, бизнесмендердің қажет білім игеруіне мүмкіндік береді.