Мазмұны
Кіріспе.……3 – 5
I тарау Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі.
1.1 Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты………………………………….6 – 12
1.2 Махамбет өлеңдеріндегі дыбыстық үндестік…………………………………13 – 16
1.3 Махамбет поэзиясындағы табиғат элементтері………………………………17 – 26
II тарау Махамбет поэзияларының әдіс – тәсілдерінің түрлеріне сипаттама
2.1 Сабақ жоспары. Махамбет Өтемісұлы «Тарланым»..27 – 30
2.2 Зерттеу жұмыстарын талдау және қорытындылау….31
Қорытынды……….32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…….33
Қосымшалар…….34
Кіріспе
Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Лирикалық сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.
Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі.
«Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл — өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.
Ал біздің бұл жерде айтпағымыз — ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Махамбет поэзиясы – аса күрделі дүние. Ақынның өткен заман шындығын, белгілі бір ортаның мәдени, саяси, әлеуметтік сипатын, ұлттық болмысын, ділін, танымын әр алуан көркем образдар арқылы таныта білген экспрессивті поэзиясы біраз зерттелгенімен, ақын тілінің өзіндік табиғаты, терең ұлттық-мәдени, тарихи мәні толық танылып, мән-мағынасы ашылып болған жоқ. Сондықтан да ұлттық мүддеге негізделген Махамбет шығармаларының поэтикалық өрісін қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен ұштастырып (лингвостилистика, лингвопоэтика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика тұрғысынан), арнайы қарастыру – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Екіншіден, белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды, қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен қарасын (өмір – өлім, қуаныш – қайғы, сенімділік – опасыздық, әділдік – әділетсіздік, дос – жау т.б.) танытуымен, адам жанын жандандырып, «ұлттық идея», «намыс», «ерлік», «ақиқат», «өршіл рух», «елім, жерім» деген ұғымдарды айшықтай түсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген Махамбет ақынның шығармашылық тілін зерттеу – көркемдік шеберлігімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, бейнелі де экспрессивті тілімен айырықша келетін көркем мәтін тілін зерттеу деген сөз.
Үшіншіден, тақырыптың зәрулігі Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің тілі, оның ішінде коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің қолданылуы арнайы қарастырылып, көлемді түрде зерттеу объектісі болмағанынан туындайды.
Зерттеу нысаны. Көркем сөз шебері Махамбет ақынның ұлттық-танымдық, тарихи, прагматикалық сипатымен ерекшеленетін поэтикалық тілі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Коннотация құбылысының ерекшеліктерін айшықтап, лингвистикалық табиғатын нақтылап дәйектейтін Махамбет лексикасының үстеме мағынасын ашуға байланысты ақын шығармашылығындағы коннотаттық семантиканың орын алу деңгейін, мақсатын, жүзеге асу жолдарын анықтау – жұмыстың негізгі мақсаты. Белгіленген мақсаттың орындалуы төмендегідей міндеттердің шешілуін қажет етеді:
— коннотация құбылысына арналған теориялық еңбектерге шолу жасау;
— коннотация микрокомпоненттерін нақтылау;
— ақын тіліндегі екінші дәрежелі коннотаттық сема (К2) мазмұнын қамтитын тілдік бірліктерді мысалға ала отырып, семантикалық деривация мен коннотация категорияларының байланысын көрсету;
— Махамбет шығармашылығы негізінде коннотаттық компонент және астарлы мәтін арақатынасын анықтау;
— коннотаттық мағына мазмұнына тең келетін сөзқолданыстардың коммуникативтік-прагматикалық мәнін түсінудегі пресуппозицияның рөлін көрсету;
— ақын тіліндегі мәдени коннотация мазмұнын қамтитын тілдік бірліктерді тақырыптық топтар тұрғысынан саралап, көркем мәтіннің лексикасын ұлттық-танымдық тұрғыдан қарастыру;
— нақты тілдік деректер негізінде Махамбет поэзиясындағы көріктеуіш құралдардың қызметін прагматикалық үстеме мағына және мәдени ақпарат таныту тұрғысынан сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі — оның бір сырлы, сегіз қырлылығында ақпараттық технология арқылы еркін жазу стратегиясын қолдану аясын зерттеу.
Зерттеу көздері: «Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясының екінші кітабында жарық көрген Махамбет Өтемісұлының өлеңдер жинағы (Алматы: Арыс, 2001. – 160бет), Махамбет ақынның тарихи лексикасымен сабақтас халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының тілдік қолданыстары, ғалымдар зерттеулерінің деректері (Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Мұқаметқанов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Әнес, Харузин А., Досмұхамедұлы Х., Ы.Шөрекұлы, Аманшин Б., Кенжалиев И., Құлкенов М., Отарбаев Р., Ә.Сараев т.б.), қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық, аймақтық сөздіктері.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, сипаттама, салыстыру, топтау, талдау (компоненттік, семантика-стилистикалық, контекстік, этнолингвистикалық, салыстырмалы-тарихи, дефиниционалдық), қорыту т.б. әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Тіл біліміндегі лексикалық мағынаның коннотаттық компонентін, поэтикалық тіл ерекшеліктерін тануға байланысты В.И.Говердовский, В.И.Шаховский, М.М.Копыленко, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, Б.Шалабай, М.Оразов, Ғ.Әнес т.б. ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары басшылыққа алынды.
Зерттеу базасы: Жаңақала ауданы, №2 Жаңақала жалпы орта білім беретен мектебі.
курстық жұмыс / 35 бет