Экономикалық мәтіндерді ағылшынша-қазақша аудару курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе…..3

1 Экономикалық мәтіндерді аударудың теориялық негіздері
1.1 Қазақ тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің ерекшеліктері……4-6
1.2 Экономика мәтіндерін аударудың баламалық түрлері…7-12

2 Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
2.1 Экономикалық мәтіндердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі лексикалық құрамы және олардың аударма баламасына әсері….14-16
2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі экономикалық терминдерді құраушы компоненттердің бірінің грамматикалық өзгерісін талдау…..16-18
2.3. Экономикалық мәтіндерді аударудағы көпмағыналық пен көпнұсқалық……..19-26

Қорытынды….27
Қолданылған әдебиеттер…….29-30

Кіріспе

Бұл жұмыс  экономика сферасындағы ғылыми әдебиеттерді аударудың лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналады.

Экономика  облысындағы аудармаларды зерттеу – маңызды және өзекті тапсырма,   көптеген мәселелерді шешуде  көмек құралы ретінде болатын және  ғылымның соңғы жетістіктері облысында  мамандар мен  әр елдердің ғалымдары арасында ақпарат алмасуды жылдамдату, бара-барлық аударманың нәтижелеріне бағытталған.

Зерттеу объектісі:  қаржы-экономикалық тақырыптағы ғылыми мәтіндер,  ғылыми-техникалық мәтіндердің аудармаларындағы  лексико-стилистикалық ерекшеліктерді анықтау.

Зерттеу пәні:  ғылыми тақырыптағы  мәтіндер  лексикасы және   оның ерекшеліктерінің аударма тәжірибесінде ғылым сферасында  мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде ашылуы.

Жұмыстың өзектілігі:  әлемдік ғылыми  қауымдастықта ақпараттың таралуы және алмасуының тәсілі, ғылыми әдебиеттерді аударудың маңыздылығымен көрсетілді.

Зерттеудің  мақсаты :

  • ғылым сферасында  мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде  экономикалық мәтіннің жалпы параметрлерін анықтау.
  • Ағылшын тілінің, қазақ,  тілдерімен салыстырғандағы ғылыми стилінің ерекшеліктерін анықтау.
  • Ағылшын экономикалық мәтіндерінің мысалында терминологияны зерттеу.
  • Экономикалық  мәтіндедің терминологиясын аударудағы басты қиындықтарды көрсету және оларды шешу жолдарын анықтау.

Зерттеу дерек көздері:  экономика тақырыбындағы ағылшын мәтіндері,  British Telecom  шет ел компаниясының ағылшын тіліндегі қаржылық есебі.

Бірінші бөлім,   мәдениетаралық коммуникация  құралы ретінде,  ғылыми-техникалық мәтіндердің ерекшеліктерінің анализі,  және ағылшын,  қазақ   ғылыми-техникалық мәтіндерінің стилистикалық ерекшеліктері,  терминологияны зерттеудегі өзекті мәселелер.

Екінші бөлімде, экономикалық мәтіндерді мысалға ала отырып, экономикалық терминологияны ағылшын, қазақ тілдеріне  аударудағы өзекті мәселелердің нәтижесі және оның шешу жолдарының ұсыныстары.

Теориялық құндылығы:   ағылшынқазақ тілдерінің экономикалық терминдерін аударудағы  озық тәжірибелер зерттеулері, мақалалар,  мерзімді басылымдар (газет, журналдар, әдебиеттер, сөздіктер,  интернет көздері, қаржы-экономикалық есептер, талдаулар, халықаралық қатынастар, келісім шарттар және т.б. мәтіндер).

 Практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын тіліндегі экономикалық сөздерді қазақ тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда  қолдануға болады. Ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тіл ғылымындағы аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен, жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің теориялық курстарында, аударма теориясы және салғастырмалы грамматика пәндерін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын  жасап жинақтау барысында жан-жақты пайдалануға, сонымен қатар ағылшын-қазақ тіліндегі экономикалық сөздер сөздігі ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында ағылшын және қазақ тілдеріндегі экономикалық сөздердің теориялық бағыттары сөз болғандықтан сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, талдау әдістері қолданылды. Жұмыстың екінші тарауы жалпы аударма теориясы мен ағылшын тіліндегі экономикалық сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдеріне арналғандықтан онда  жүйелеу, сыни тұрғыдан баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі, жүйелі-кешенді талдау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (тоериялық бөлім), практикалық бөлімнен, қорытынды, қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 30 бет