Лизинг қызметіндегі тәуекелділіктерді басқару туралы қазақша реферат
Кез-келген инвестициялық қызмет түрі сияқты банктік – лизингтік қызмет те тәуекелмен тікелей байланысты. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі бір шешімдерді қабылдау үдерісі соңғы нәтижелердің белгісізділік жағдайында іске асырылады. Тәуекелдерді басқару мәселесі экономиканың кез келген саласы үшін тән. Сондықтан да мәселенің лизингтік қатынастар орнату кезінде де өзектілік мәні өте жоғары.
Жалпы зерттеу барысында ұсынылатын банктік лизингтік қатынастардағы тәуекелдерді басқарудың қазіргі кезге сай келетін блок-сұлбасын 7-суреттен көруге болады.
Ішкі факторлар: таңдалған стратегиялар, өндірістік потенциал, шаруашылық және экономикалық байланыстар, қаржылық жағдай математикалық есептеу әдістерін талдау |
Тәуекелдің түрлерін анықтау |
Тәуекелдерді бағалау |
Тәуекелдерді талдау |
Тәуекелдердің деңгейіне әсер ету әдістерін талдау |
Өзін-өзі сақтандыру және ақша қаражаттарын резервтеу |
Серіктестіктерді таңдау туралы қосымша ақпарттар жинау |
Тәуекелдерді бөлу |
Сақтандыру |
Қажетті қаржылық ресурстар көлемі анықталды |
Лизинг объектісі нақты анықталады, лизингтік келісімшарт, және сатып алу-сату келісімшарты жасалады |
Тәуекелге қатысты шешімдер қабылдау |
Лизингтік қатынастарға қатысушылар арасында, олардың міндеттемелерін анықтау және бөлу |
Тәуекелге тікелей ықпал ету |
Лизингтік келісімшарт объектілерінің және субъектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекелге ықпал етудің түрлерін анықтау |
Пайда болған шығындар және оларды азайту бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттар алу |
Алдағы уақыттағы іс-әрекеттердің анықталған шығындар мөлшерін бақылауға, сондай-ақ кездейсоқ оқиғалардан сақтануға ықпалы |
Тәуекелді бақылау |
Лизингтік катынастардағы
|
Сыртқы факторлар: инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар т.б.
|
Тәуекелді талдау – бұл тәуекелді басқару үдерісіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Оның мақсаты жасалынатын экономикалык келісімдердің ерекшеліктері және оларды жүзеге асыру барысында кездесетін тәуекелдер туралы қажетті ақпараттарды жинақтау. Тәуекелді талдау олардың түрлерін анықтау және бағалаудан тұрады. Тәуекел түрлерін анықтау кезінде лизингтік қатынастарға әсер ететін барлық тәуекелдер нақты анықталынуы қажет. Осы кезеңдегі басты қағида – тәуекелдің барлық түрлеріне лизингтік қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, толық сипаттама беру.
Лизингтік мәміле барысында туындайтын тәуекел мен дефолтты анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге мыналар жатады:
— EL (Expected Loss) – күтілетін шығындар;
— UL (Unexpected Loss) – күтілмейтін шығындар;
— PD (Probability of Default) – дефолттың болу ықтималдығы (орташа жылдық);
— EAD (Exposure at Default) – тәуекелге ықтимал қаражаттардың шамасы (төленбеген лизингтік төлемдер сомасы).
Мұндағы басты міндет лизинг берушінің немесе жабдықтаушының ықтимал тәуекелін бағалау болып табылады. Қазіргі кезде тәжірибеде лизинг берушінің ішкі қаржылық көрсеткіштеріне және басты бизнес-факторларына қарай оның рейтингін сапалық және сандық бағалау әдістері қолданылады. Қалған әдістер лизинг алушының дефолттығы туралы белгілі бір кезең ішіндегі ақпараттарға негізделгендіктен, қазіргі кезде олардың жоқтығына байланысты есептеуде қиындықтар туғызады.
Лизингтік мәміледен туындайтын несиелік тәуекелді төмендету кезеңдері мыналарды қамтиды:
— жобаның алдыңғы сатысында лизинг алушының несиелік-қаржылық жағдайына талдау жасау;
— құрал-жабдықты жабдықтаушыны тексеру;
— құрал-жабдықты сатып алу құнының нақтылығын тексеру;
— лизингтік мәмілені дұрыс құрылымдау;
— лизингтік құжаттарды жасау және жинақтау;
— лизигтік құрал-жабдықты қабылдау, тіркеу және сақтандыру;
— лизингтік қоржынға ағымдық мониторинг жүргізу;
— лизингтік келісімшарттың орындалуын қадағалау.
Банктің қызметіндегі лизингтік тәуекел несиелік тәуекелдің бір түрі ретінде қарастырылады. Банк ісінде лизингтік тәуекел — банктік лизингтік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
Банктік лизингтік тәуекелдерді келесідей төрт топқа бөлуге болады:
1) Лизинг затын қайтармау тәуекелі бұл лизинг келісімшартының бұзылу барысында лизинг берушіге лизинг алушы лизингке алған затын қайтаруына байланысты міндеттемені орындамауын білдіреді.
2) Көзге көрінбейтін және қосымша шығыстар тәуекелі бұл лизинг объектісіне энергия құрылымын қосу, лизинг затын орналастыратын аумақтың талабына сәйкес келтіру шығыстары және т.б. шығыстармен байланысты зияндарды сипаттайды.
3) Лизинг затының бүліну, құнын жоғалту тәуекелі – әр түрлі сақтандыру шаралары қолданылатын ықтимал оқиғалардан туындайтын шығыстар.
4) Валюталық тәуекел бұл жылжымайтын мүлік лизингіне байланысты немесе ұзақ мерзімге валюталық несиемен берілетін лизинг объектілеріне байланысты туындайтын тәуекел.
Лизингтік операциялар тәуекелдің деңгейін неғұрлым жоғары операциялар қатарына жатқызғандықтан лизингтік катынастарды сактандыру сұрағы өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып табылады.
Тәуекелді сақтандыру – бұл белгілі бір тәуекелдерді сақтандыру компаниясына беру. Лизингтік компания немесе лизингке алушы лизинг объектісінің толық құнын сақтандыру компаниясы арқылы сақтандырады. Сол арқылы тәуекел деңгейін төмендетеді. Лизинг объектісін лизингке алушы тұлға сақтандырған жағдайда, ол өзіндік қаражаттар есебінен сақтандыру компаниясына сақтандыру сыйақысын төлеп отырады, ал лизингке беруші тұлға лизинг объектісін сақтандырған жағдайда ол сақтандырумен байланысты шығындарды, әдетте лизинг төлемдер сомасына кіргізіп отырады. Жалпы әлемдік тәжірибеде, лизинг объектісін сақтандырушылардың 40 пайызы лизингтік компаниялар, 60 пайызы лизингке алушылар болып келеді.
Бұл жерде мынадай тәуекелдер бойынша сақтандыру шаралары жүзеге асырылады:
— техногендік тәуекелдер (өрт, жарылыс, радиоактивтік қалдықтар және т.б. ықпалынан зардап шегуі);
— оқыс оқиғалар салдарынан туындайтын тәуекелдер (жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.);
— қарсы болатын үшінші бір тұлғаның әсерінен туындайтын тәуекелдер (вандализм, бұзақылық, біреудің мүлкін қасақана бүлдіру);
— сақтандырылған мүлікке ұшатын объектінің немесе оның сынықтарының құлау тәуекелі;
— жер бетіндегі көлік құралдарының соғылуынан туындайтын тәуекелдер.
Демек, несие беруге байланысты лизингтік тәуекелді сақтандырудың ең маңыздысы бұл лизинг мүлкін сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте банкіге берілген несиенің қайтарылуына кепілдік беріледі.
Осы екі түрлі лизингтік тәуекелдерді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады. Ең бастысы мақсаттарына байланысты:
— қарыз алушы-лизингтік компанияның тәуекелін басқарудың мақсаты несиені қайтармаған жағдайда банктің шығынын азайту және қарыз алушының банк алдындағы келісім-шартта көзделген міндеттемелерін орындалмай қалу ықтималдығын азайту болып табылады;
— лизингтік қоржынның тәуекелін басқарудың мақсаты банктің лизингтік операцияларын ұйымдастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде қолдап отыру.
Лизингтік қоржынның тәуекелдерін басқару әдістеріне мыналар жатады: диверсификациялау, яғни банк несиесін әр түрлі лизинг затына бағыттау немесе оның қазіргі формасы аутсорсинг; лимиттеу, яғни шығындар құрылымына, мерзіміне, объект түріне қарай шек қою; резервтер немесе провизиялар құру немесе өзін-өзі сақтандыру; сақтандыру; секьюритизациялау; хеджирлеу.
Қазіргі кезде, лизинг қатысушылары арасында тәуекелді үлестіретін келісім-шарттық механизмдерін және синдицирленген несиелеуді пайдаланудың лизингтік тәуекелдерді коммерциялық банктер арасында бөлуді және қатысушылардың міндеттерін қамтамасыз етудің сақтандыру принциптерін пайдалану қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде несиелік немесе лизингтік тәуекелді әртараптандырудың оңтайлы жолдарының біріне лизингтік операцияларды үйлестірілген тауарлы-ақша сызбасымен жүргізу тиімді. Мұнда инвестор ретінде лизингтің үш субъектісі болады: өндіруші, банк, лизинг алушы. Мұндай сызбамен лизингтік мәмілеге банктердің қатысуы олардың өз кезегінде лизингтік тәуекел түрлерін басқаруға арналған әдістерін дұрыс таңдауына көңіл аударуды қажет етеді.
Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын. Еліміздегі 80%-ға дейін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады.
Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Лизинг – шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.