Загрузка...

Қонақ үй ғимаратының орналастырылуы

Загрузка...

Қонақ үй  ғимаратының орналастырылуы туралы қазақша реферат

                Классификациясы туралы түсініктер

Туристікқонақ үйтипіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға  байланысты. Олар функционалды және экономикалақ, архитекруралық шарттарға тікелей байланысты.

Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй мекемесі туристерге мынандай шартармен қамтамассыз ету керек;

-Жоғары дәрежелі қызмет;

-туристердің барлық контингентіне  шартарға байланысты жағдай жасау;

-қызмет түрінің жүйелігі;

-қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спортты қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар;

-құрлысқа және сол құрлысты жүргізуге жіберліген шығындар.

Кез келген туристік  мекеменің функционалды сұраныстарын айқындау кезінде, бірнеше басты классификациялық факторларға байланысты:

А) қызмет көрсетілетін контингенттің, олардың жас ерекшелігіне байланысты социалды құрымына байланысты, бос уақыттарына  байланысты ерекшеленеді. Көбінше туристік қонақ үйлер туристерге көрсететін  қызметті бір ыңғайлылықпен жүргізуге әрекеттенеді (оқушылар каникул уақытында, балаларымен келген ата-аналар жаз мезгілінде, ауылшаруашылығы аудандарынан келген туристер қыс мезгілі). Сияқты уақыттарға бөлінеді.

Қонақ үй және  мотелдердің жұмыс бағыты жыл бойына жоспарланады, турбазалар және приюттар-жыл бойы  және жазға жоспарланады. Кемпигтер-тек жаз  айында қолданылады. Турбазаларда жаз айлары кезінде туристер саны 50% асады осыған байланысты бұл мекемелерде қосалқы палатка, үйшіктер жалға беріледі, бұл әрине олардың жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар жаз айларында мұндай  туристік мекемелер орын сандарына байланысты, өртке сай іс-шаралар жүргізеді.

В) туристік мекемелерде туристердің орны, сыйымдылығы мезгілдерге байланысты жоспарланады.

Қонақ үй мекемелерінде орын саны мынандай болғаны шарт:

Туристік қонақ үйлерде 300,500,800,1000;

Туристік базаларда 500-ден 1000;

Мотельдерде  300-ден көп емес;

Кемпингтерде 500-ден көп емес;

Туристік приюттарда 50-ден 100-ге дейін.

Туристік мекемелерде және оған қатысты жайларда орын саны және қабылданатын  турист саны Мемлекеттік Азаматтар Құрлысы заңдарымен бекітіледі.

Қызмет көрсетушілер саны кезкелген туристік мекемедегі орын санына байланысты қабылданады. Туристік қрнақ үйлерде және мотелдерде (СТО-сыз) 0,4 турбазаларда 0,35 кемпингтерде 0,15.

Туристік комплекстерде туристердің сыйымдылығы мынандай көрсеткіштерге сай болған жөн деп қарастырылады: теңіз маңы аудандарда 2-ден 7 мың орын; орман маңы және өзен маңы аудандарда 3-тен 5 мың орын; таулы аудандарда 2-ден 5 мың орын.

Туристік мекемелердің классификациялық белгілері жеке және тәжірибелік бағыттарға байланысты бөлінеді.

Жабдықталғандық-бұл жай ғана ыңғайлылықтың жыйыны деп түсінеміз. Кез келген зеттың жоғары дәрежеде жабдықталғандығын  сипаттаған кезде біз оның ыңғайлылық денгейіне баға береміз.

Жоғары дәрежеда жабдықталу туристердің барған жерінде өзін жақсы сезіну, өзін жақсы сезіну үшін күш-жігер жұмсатпау.

Қазақстан Рестубликасының Мемлекеттік концепциясының  бекіткен құрлыс нормалары бойынша қонақ үйлер үшін жеті разряд тағайындалған:

«Люкс» (5*,4*,3*) «жоғары дәрежелі А», «Жоғары дәрежелі Б», І, ІІ, ІІІ, ІV (кесте 1). Сонымен қатар туристік кешендерді қолдану үш разрядқа бөлінеді турбазалар, приюттар және  кемпингтар: А,Б және В (кесте 2). Мұндағы разряд түрлері қонақ үйлердегі сияқты бір біріне сай келеді.

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы  мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің  келісімділігімен  туристерді орналастырумен  айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі  мақсатына адамдардың  материалдық  сипатына, ұлттық құрамына географиялық  жағдайына  және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен  классификацмялауды бірнеше ортақ  белгілері бойынша ұлттық  тұрғыдан қарастыруға  болады. Мысалы: нарық жағдайына байланысты қызмет  көрсету деңгейі алуан түрлі. Жекеменшік  басқару формасы жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне  де байланысты.

Қазіргі қонақ үйлерді  классификациялау жүйесі  мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоциясының  үлгісі  бойынша және сертифациялық ережелерінің заңдастыру материалдық  базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға,қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.

Қонақ үй классификациясы  әр елдерде әртүрлі  категорияларға бөлініп отызға жуық атауға ие. Біртекті классификациясы келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді. Оларға  мемлекеттердің тарихы мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудің ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді.

1,2,3 жұлдызды қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассртименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі. Ассортименттері мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығын бірнеше типтерге бөлуге болады (14)

Арзан қонақ үйлер немесе қызмет көрсету сервистерімен  шектелген (мотельдер, үнемдеу класына жататын қонақ үйлер және т.б.) – қызмет көрсетудің  кейбір түрлері ғана ұсынылады. Кейде, кейбір қонақ үй шаруашылықтары, қызмет көрсету түрлерін кең көлемде ұсынады, бірақ орташа деңгейде.

Орташа деңгейдегі қонақ үйлерді (курорттық қонақ үйлер, жекеменшік қонақ үйлер және т.б.) – кез келген әлеуметтік деңгейі орташа туристер тобы таңдай алады. Бұл жерде  қызмет көрсету түрлері орташа.

«Люкс» отельдерде (толық қызмет көрсететін  қонақ үй түрлері, жоғары класты қонақ үйлер және т.б.) – фешенебельді  декормен,  жоғарғы деңгейдегі жиһаздармен жабдықталған, қоғамдық бөлмелерімен  қамтамасыз етілген, салондары жақсы жабдықталған. Жоғарғы деңгейдегі қонақ үй шаруашылығында, нөмірлердің салдарына (кейбір кездерде, олар бір-біріне сәйкес келеді) байланыты қызмет көрсетушілердің пайызы жоғары.

Люкс-отельдерде 100-ден 400-ге дейін нөмерлер болады. Қаланың ортасында орналасқан, жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетумен  сипатталады, бағасы жоғары, туристтерлің құрамында лауазымды адамдарға арналған, қымбат бөлмелері  бар және қонақтардың тұрақтауы үшін элиттік деңгейдегі жағдай жасалынған, негізінен ірі мекемелердің  жетекшілері,  жоғарғы деңгейдегі кәсіби мамандар, конференцияға қатысушылар үшін арналған.

Курорттық қонақ үйлерде 100-ден 500-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, олар теңіздерге, мұхитқа, көлдерге, тауларға жақын орналасқан, қала маңында, қызмет көрсету түрлері ұсынылады, қалалық қонақ үйлерден қымбаттырақ. Саны жағынан, спорттық кешендер көбірек, қымбат мейрамханалары, банкет залдары, кездесулерге арналған жолдары және туристердің категориясына байланысты салынған.

Үнемдеу класына жататын қонақ үйлерде нөмірлік фондына немесе қорына байланысты 10-нан 150-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, қалаға  жақын арада орналасқан, кішігірім қызмет  көрсетушілер штаты бар, қазіргі заманға  сай орташа баға ұсынылады, нөмірлері жақсы жиһазбен жабдықталған, бірақ тамақтандарусыз. Тұрғындары  негізінен жұмыс бабымен келгендер және туристер.

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, әртүрлі елдерде қонақ үй шаруашылығының комфорттылығына байланысты комфорттылығына  байланысты, әртүрлі классификация  жүйелігі қолданылды. Солардың арасында кең тарағандары жұлдыздың жүйе.

Жұлдыздық жүйе Францияда, Австрияда, Венгрияда, Мысырда, Қытайда, Ресейде және т.б. елдерге қолданылады.

1.Әріптік жүйе. Грекцияда қолданылады.

2.Тәжілік жүйе. Ұлыбританияға тән.

3. Разрядтық жүйе және т.б.

Загрузка...