Кластерлік жүйенің теория-әдістемелік негіздері дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе… 4

1 Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері… 8
1.1 Кластер түсінігі мен құрылымы және экономиканы дамытуда кластерлер жобасын пайдаланудың маңыздылығы….. 8
1.2 Туризм кластерінің даму ерекшеліктері. … 20
1.3 Туризм саласында кластерлік жүйені дамытудың шетелдік тәжірибесі. … 27

2 Қазақстандағы туристік кластердің дамуы мен туризм саласы-ның қазіргі жағдайын талдау …. 36
2.1 Туризмнің Қазақстан экономикасындағы даму тенденциясы және осы саланы дамытудың алғышарттары… 36
2.2 Туризм пилоттық кластері жобасын іске асыру… 44
2.3 Туризм саласы мен туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау (Алматы қаласы) … 51

3 Туризм кластерінің Қазақстан Республикасы экономикасын-дағы даму мәселелері мен перспективалары…… 66
3.1 Ұлттық туризмді дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары… 66
3.2 Туризм кластерін қолдау шаралары мен даму перспек-тивалары…. 74
3.3 Алматы қаласындағы туристік кластердің даму бағыттары мен өзекті мәселелерін шешу жолдары және дамытудың перспективалары… 82

Қорытынды 89

Қолданылған әдебиетер тізімі 95

Қосымшалар

Кіріспе

Бәсекелестік – нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуі үшін қажетті басты механизм. Әлемдік экономиканың жаһандануы мен халықаралық экономиканың бәсекелестігі жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетсіздігі әлемің алдыңғы қатарлы елдерінің даму деңгейімен айырмашылықты қысқартуға бағытталған барлық талпыныстарымызды жоққа шығара отырып, Қазақстанды әлемдік экономикадан тыс қалдыруы мүмкін. Сол себептен біз үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі өзекті болып табылады. Осыған орай мемлекетімізде алдыңғы он жыл ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылып отыр, сонымен қатар экономиканы әртараптандыруға бағытталаған және ұзақ мерзімді перспективаға негізделген индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру ісі бастау алды. Стратегияда экономикадағы жетекші салаларды  кластерлік үлгімен дамыту қарастырылған, сол себептен елімізде осы бағытта әр түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі кезде кластерлерлер елдердің, сол сияқты жекелеген аймақтардың экономикасын дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруде танымал әрі маңызды құрал болып табылады. Кластер – бұл қосымша құнды құру үрдісінде өзара байланысқан жабдықтаушыыр, өндірушілер, тұтынушылар, өнеркәсіптік инфрақұрылым элементтері мен зерттеу институттарының  жүйесі. Ол адам капиталы, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеттердің шоғырлануымен сипатталады, әйтпесе кластерлер тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бола алмайды. Кластерлік жүйе алдыңғы қатарлы елдер экономикасының көп бөлігін қамтыған. Күннен күнге кластерлер экономикалық дамудың ұлттық және аймақтық жоспарларының маңызды құраушысына айналуда. Дәстүр бойынша кластерлер теориясы көп жағдайда қызметтер секторының, оның ішінде туризмнің, жоғары қарқынен дамып келе жатқаны мен болашақтағы зор әлеуетіне қарамастан  өндірістік өнеркәсіпке бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен жасалған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде анықталған  жеті салада кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім қабылданды.  Оның ішінде туризм индустриясының ел экономикасындағы перспективті салалардың бірі және осы саланың өркендеуі мен дамуы үшін нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар екендігі анықталды.  Қазақстанның туризм үшін қажеті табиғи ресурстары бар бола тұра оны дамытуда өзінің мүмкінідіктерін толығымен қолданбайды деуге болады. Сол себептен «туризм» пилоттық кластерін дамыту мен оның перспективаларын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Еліміздің әлемдік туризм нарығында өзінің орнына ие болуына ерекше мүмкіндігі бар, ол үшін туристер үшін тартымды жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды қамсыздандыру керек. Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау  осы мақсаттағы тиімді әрі жедел жолдардың бірі.

Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Ол мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономиканың 32 саласының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстандағы басымдықты кластерлердің бірі – туризм кластерінің дамуына баса көңіл аудару маңыздылығы сөзсіз.

Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының, оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы мен туризм саласының басқа салалар дамуына тәуелді болуы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып, оның кластерлік әдіспен дамуының маңыздылығы өзекті. Кластерлер туралы білімді өсіріп, кластерлік тұжырымдаманың не үшін керектігін түсіну түрлі деңгейдегі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені бұл механизмді іске қосу арқылы кез келген субъект кластер құраушысы бола отырып  экономикалық өсу мен дамуға өз үлесін қоса алады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты туризм индустриясын дамытудағы кластелердің қалыптасу және даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және тәжірибиелік тұрғыдан негіздеп зерттеу және жалпы кластерлердің экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, жаңашылдықтың жоғары деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құрал ретіндегі рөлін ғана емес, сонымен қызмет сферасы үшін маңыздылығын ашып көрсету, туризм кластерінің  ел экономикасын дамытуда қолдану мүмкіндігін қарастырып, оның даму перспективаларын анықтау.

Көзделген мақcаттарға сәйкес дипломдық жұмыста келесідей  міндеттер қойылған:

—  кластерлердің түсінігін, құрылымын, даму ерекшеліктерін қарастырып және экономиканы дамытуда оларды қолдану маңыздылығын  айқындай  отырып, теориялық негіздерін ашып көрсету;

—  кластерлік жүйенің еліміздегі бағдарламасы мен оның ішіндегі туризм пилоттық кластерінің  жобасын қарастыру, негізгі даму бағыттарын анықтау;

—  мәліметтерге сүйене отырып Қазақстандағы туризм саласының даму жағдайын зерттеу және тенденцияларын айқындау;

—  Алматы қаласындағы туристік кластер дамуының жүзеге асуының алғышарты ретіндегі қаланың  инфрақұрылымын, туристер үшін тартымды объектілерді, қызмет көрсету субъектілерінің жағдайын талдай отырып, туризм ортасын зерттеу;

— Алматы қаласындағы туризм кластерін дамытуда оның қатысушылары алдында тұрған өзекті мәселерді анықтау, оларды шешудің мүмкін бағыттары мен жолдарын ұсыну ;

—                  Қазақстандағы туристік кластер мен жалпы туризм саласының дамуына кедергі болып табылатын тетіктерді айқындау және соның негізінде осы салада кластерлік жүйені дамытуды белсенді жүргізу, қалыптасып жатқан толыққанды нарықтық қатынастар шеңберінде оны жүзеге асыру бағыттарын анықтау;

—                  туризм кластерінің ел экономикасындағы даму персективаларын бағалау.

Зерттеудің пәні – туризм кластерін белсенді дамыту мен еліміздің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды анықтау және даму перспективаларын бағалау.

Зерттеудің нысаны – Қазақстанның туризм саласының көрсеткіштері, туризм кластерінің қатысушыларының қызметі мен осы салаға тиесілі инфрақұрылым жағдайы негізінде саланың бәсекеге қабілеттігінің деңгейі.

Дипломдық жұмысты жазу барысында кластерлер мен бәсекелестік теориясы жайында жазылған шетелдік және отандық  зерттеушілердің  еңбектері, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігінің, Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар мен  интернет сайттарының ақпараттары кеңінен қолданылды.

Жұмыста зерттеулердің логикалық, экономикалық-статистикалық, монографиялық және есептік, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық талдау  әдістері кеңінен пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, 9 бөлімшеден, қорытындыдан құралған, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар ұсынылған. Иллюстрация ретінде 5 кесте және 17 сурет келтірілген. Жұмыс 99 баспалық бетте орындалған.

 Дипломдық жұмыс / 97 бет