Экотуризм түсінігі, мәні және оның түрлері дипломдық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе……5

1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері ….9
1.1 Экотуризм түсінігі, мәні және оның түрлері……9
1.2 Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары….17
1.3 Туризмнің табиғи туристік ресурстарға әсерін басқару……25

2. «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризм дамуының қазіргі жағдайы …..30
2.1 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмнің ресурстары мен даму әлеуеті……30
2.2 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмнің даму серпіні…….35
2.3 Туристік қызметтің экологияға және Бурабайдың санитарлы-гигиеналық жағдайына әсері…… 38

3. «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмді жетілдіру жолдары…..44
3.1 Туристік қызметті экологияландырудың негізгі бағыттары …..44
3.2 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмді дамытудың бастапқы бағыттары……49

Қорытынды……54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..57

Қосымша А…….59
Қосымша Ә……60
Қосымша Б……61
Қосымша В……62
Қосымша Г……63
Қосымша Ғ……64
Қосымша Д…..65

Кіріспе 

 Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің  шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.

Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ)  тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.

БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді,  даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі  ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.

Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.

Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді.

Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды.

Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:

—  табиғи – климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.

—  тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер [32].

Берілген дипломдық жұмыстың негізгі — мақсаты Экологиялық туризмнің Қазақстан экономикасының дамуына әсерін зерттеп, «Бурабай» ұлттық паркінің экотуризмінің дамуына анализ жасау, аймақтың экотуризмін одан әрі дамытуда ұсыныстар жасау.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген, кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.

Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынғы ТМД елдерінің ориентациясын сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиесілі бөлік шамасын үлкейтуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және бәсекелесуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Соның ішінде соңғы жобалардың бірі – TREDA болып саналады. Бурабайда, әсіресе, Қазақстан Республикасында бұл жоба аса маңызды роль атқаруда. Оның мақсаты Бурабай, Монголия, КХДР, ҚХР қатысушылар көмегімен туманная өзенінің маңайында аймақаралық туристік ортвалық ашылды. Ресей мемлекеті бұрынғы ТМД елдерінің және жақын орналасқан мемлекет туристеріне Қазақстан мәдениетін танытуға ерік білдірді. Бұл жобаның туризмді дамытудың 2005 жылға дейінгі бағдарламасымен сәйкес келеді. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті аймақ үшін болашағы зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі концепциясын қорытып шығарды [4].

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

—  экологиялық туризмнің мәнін ашу;

—  Қазақстан Республикасында экологиялық туризмнің даму тарихын ашу;

—  экологиялық туризм – аймақ пен экономиканы тұрақты дамыту құралы ретінде қарау;

—  экологиялық туризм – экономикалық тұрақты даму факторы ретінде қарастыру;

—  туристік қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау;

—  Қазақстан Республикасында экологиялық туризмнің даму жолдарын сипаттау және ашу;

—  Бурабайдағы экологиялық мәселелерді зерттеп білу мен оның тұрақты дамуына жағдайлар жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу;

—  Бурабайды экологиялық туризм орталығына айналдыру үшін қажетті шаралар қолдану;

—  аймақтың экологиялық туризмін дамытуда инновациялық стратегиялар пайдалану.

Зерттеу мақсатымен қойылған талаптар кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және библиографиядан тұратын жұмыстың құрылымынан тұрады.

Кіріспеде тақырып таңдалынып, оның маңыздылығы және объекті түрде зерттеуге жол ашылды. Мақсаты мен зерттеу жұмыстары анықталып, теориялық және әдістемелік негізі қарастырылып, жұмыстың теориялық негізі мен практикалық бағасы берілді.

Бірінші бөлімде авторлардың болжауы бойынша экологиялық туризмді дамытуға негізгі сілтеме қарастырылды. Жұмыстың екінші бөлімі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын мысал ретінде ала отырып, экологиялық туризмді дамытудың қазіргі замандағы қалпын зерттеуге арналған.

Үшінші бөлімде экологиялық туризмді дамытудың жолдары қарастырылады.

Соңғы бөлімінде негізгі қорытынды шығарылып және осы дипломдық зерттеуден шығатын нақты ұсыныстар жасалған.

Зерттеудің әдістемелік негізін ғылыми әдебиеттердегі талдау әдістері, статистикалық келтірулер және жалпы білім беру диалектикалық әдістері құрайды. Зерттеу қарсаңында қажетті ғылыми салыстырмалы-құқылы, жүйелік-құрылымдық әдістер қолданылды.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі Қазақстандық және шетелдік авторлардың туристік жұмыстары, Бурабай әкімшілігінің комитеттік материалы, индустриалық туризмнің американдық ассоциациясы жасаған публикациясы және жүргізген саяхаттары, мәдени танушылық туризмді дамытудың көп жылдық қорытынды тәжірибелері болып табылады.

Дайындық жұмыстарында ғылыми, білім беру, энциклопедиялық материал көздері, жарнамалық басылымдар қолданылды. Пайдаланылған әдебиетке толығымен нөмірленген беттерде көрсетілген. Қолданылған әдебиеттердің жалпы тізімі 34 атаумен берілген жұмыстың соңында келтірілген. Жұмысты қосымшалар аяқтайды.

 Дипломдық жұмыс / 65 бет