Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары туралы қазақша реферат
Дағдарыс кезеңінен кейін Қазақстан экономикасы дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне кіреді, ол өсуді қалпына келтіру кезеңі және экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі кезеңінен тұратын болады.
Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайын, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың даму болашағына қатысты болжамдарын есепке ала отырып, Қазақстан экономикасын қалпына келтіру өсімінің кезеңі 2012 жылға аяқталуы мүмкін.
Әлемдік экономиканың жандануына және Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына орай, резервтік қуаттарды іске қосу есебінен өнеркәсіп өндірісінің өсуі қалпына келеді. Сөйтіп, металлургия саласында және тау-кен өнеркәсібінің ілеспе салаларында белсенділік артады. Бұдан басқа, 2011-2014 жылдарда Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің арттыруынан көрінетін мұнай және табиғи газ өндіру салаларында белсенділік байқалатын болады.
Қалалық атқарушы органдардың қызметін тиімді үйлестіру жолымен Ақтөбе қала әкімінің аппаратының қызметі мен жұмысын мүлтіксіз жағдайға жеткізу жүзеге асырылады.
Қалалық мемлекеттік мекемелерде және селолық округтерде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша стандарттарды енгізу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін жауапты тұлғалар тағайындалды.Қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында қала әкімі аппараты өз қызметінде қалалық қызметтермен, шаруашылық кәсіпорындармен және авариялық-құтқару қызметтерімен өзара іс-әрекет етеді, азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығулар жоспарлап, ұйымдастырады, төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Қалалық әкім аппаратында көптеген жаңа жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірістік іс- тәжірибеден өту барысында басқарманың құжаттары бойынша мемлекеттік мекемелермен, министрліктермен байланыса атқарған жұмыстарды атқара білдік.