Қазақстан республикасындағы жергілікті өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы туралы қазақша реферат
Республикалық өзiн-өзi басқару тұжырымдамасына төмендегiдей жағдайларды енгiзу қажет:
— территориялық деңгейдегi мүдделер жүйесi және басымдықтар;
— өзiн-өзi басқарудың субъектiлер жиынтығы, олардың функциялары, — құқықтық негiздерi және iскерлiк қағидалары;
— өзiн-өзi басқарудың мүдделерiне жету үшiн өндiрiс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
— экономикалық кешеннiң тиiмдiлiгiн бағалайтын көрсеткiштер;
— мемлекеттiк басқару мен территориялық өзiн-өзi басқару мәселелерi үйлесiмдi болуы қажет.
Өзiн-өзi басқарудың нәтижесi нақтылы территориядағы тұрғындардың мұқтажын қамтамасыз ету деңгейi және сол өңiрдiң ұлттық табысқа қосқан үлесi. Осы екi өлшемнiң бiртұтастығы территориялық басқарудың үйлесiмдi көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік-шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өзбетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.