Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау туралы қазақша реферат

«Смак» ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын.

Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады. Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 1998-2001 жылдар аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар 1999 жылы сатып алынды. «Смак» ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. «Смак» ЖШС-гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан  Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.

Өзінің құрылтайшыларының  қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу, жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.

Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей қызметтерді орындайды:

–       сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;

–       импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;

–       шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды, қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен ұйымдастыру;

–       заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т.б. қызмет түрлерін көрсету;

–       Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;

–       жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;

–       Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;

–       Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын

–       жүргізу;

–       Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат

етілген және басқа да қызмет түрлері.

Ұйымның жарғылық капиталы 167670,1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік капиталы 25150,5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды жаңартады.

–       Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:

–       Жоғарғы мүше – Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;

–       Басқару мүшесі – Директорлар Кеңесі;

–       Атқарушы мүшесі – Басқарма;

–       Бақылау мүшесі – Ревизиялық комиссия;

–       Басқарма көмекшісі – Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент сайланады.

«Смак» ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, йогурт, балмұздақ, құймақ және сүт өнімдерін өндіреді.ҚазақстанРеспубликасының нарығының қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы – азық-түлік өнімдерін өндірумен айналыса бастады.

Алғашқы болып тізімге майонез бен сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер енген болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің төрттігіне кіреді. Компания нарық үлесінің  23 % құрайды.

«Смак» ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады. Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, кәсіпорынға маркетинг қызметі енгізілген.

Кез-келген жүйе сияқты маркетингте өзінің бағыттары, әдістері және өткізу жолдары бар. Кәсіпорындағы маркетинг қызметі коммуникацияға, табысты ұйымдастыруға, бағаны қалыптастыруға, өнім ассортименті мен сапа жағынан саясат жүргізуге бағытталған маркетинг қызметі, сапа бөлімі мен бақылау мүшесі бір- бірімен тығыз байланысты. Өндіріс үрдісінің әр операциясында қолданылып, бұйымның пішінін тексеру үшін осы бөлімде 10 жұмысшы жұмыс істейді.

«Смак» ЖШС-нің  сауда агенттері келесідей қызметтерді атқарады: жаңа тұтынушыларды тартады және іздейді, тауар бағасы мен ерекше қасиеттері жайлы ақпарат таратады, сусындарды көрсетеді (сыра,алкогольсыз сусындар), сатып алушылар мен өзінің қызмет ауданы жайлы кәсіпорынға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Сауда агенттерін таңдап болғаннан кейін оларды оқыту керек. “Смак” ЖШС-нің  үміткерлерін оқыту келесідей түрлерде болуы мүмкін:

–       кәсіпорынмен бастапкы таныстыру;

–       сауда техникасына үйрету, яғни алдын-ала дайындау, келіссіз жүргізу, мәміле жасау техникасын кіргізеді.

«Смак» ЖШС-нің жеке сатуды енгізіп, ол туралы қорытынды жасағанда, ынталандыру жүйесінде коммуникация жолы ең тиімдісі болып табылады, бірақ оны жүзеге асыру үшін күрделі еңбек дайындығы және белгілі бір қаржылық шығын керек.

Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Фирма өзінің дистребьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес  сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының деңгейі, бәсекеге қабілеттілігі.

«Смак» ЖШС өнімі көбінесе әр түрлі жақтар бойынша өткізіледі олар:

1) еркін сауда нарығында және Алматы қаласындағы;

2) облыстардағы сауда нүктелерінде сатылады;

3) сонымен қатар олар жалақы есебінде және бартер түрінде беріледі.

«Смак» ЖШС  өткізу бөліміне келесілер бағынады:

–     2 менеджер;

–     ұсыныс қабылдайтын 2 диспетчер;

–     5 машина жүргізуші – экспедитор;

–     өткізіү бөлімінде сонымен қатар келесілер жұмыс істейді:

–     потенциалды клиенттерге өнімді жеткізетін 7 машина жүргізушілер;

–     қор меңгерушісі.

Өнім өтіміділігіне байланысты  ұйымында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылып жатыр. Алматы қаласындағы  ірі дүкендермен келісім шартқа отырып, өздерінің өндірген өнімдерін нарыққа шығарады. Мысалы: «Рамстор», «Сити орталық», «Ардагер» гипермаркеттері және  әртүрлі ұсақ дүкендерге , базарларға сатуға береді..

Тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруыға байланысты  үлкен және  сәтті бағдарламаларды ойластырып, жүзеге асырылып жатыр. Айқын дәрежелерге жету үшін  компания әлеуметтік  сұрақтарды шеше білуі керек .

«Смак» компанияның азық-түлік қатары тұрақты өсуде және өнімдердің келесі топтары бүгін қосады: пастерленген сүт, сүт, айран, қаймақ, айран, сүзбе, ірімшіктер,  ұзақ сақталатын сүт,  кілегейлер, майонез, балмұздақ, қаймақтан жасалған май, қоюландырылған сүт .

Компания саясаты әрбір тұтынушыға дара жақын келу болып келеді, қажеттіліктерін қанағаттандыру оны еске асыру, сонымен қатар Отандық өнімдердің  мәртебесі көтеру.

Сатып алушылардың талаптарын түсінуіне және келешекте  барынша олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады .

Сауда жүйелері арқылы өнім қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз етуге ұмтылады, өңдеулер, сақтаудың және өтімнің, өнімге нормативті талаптар орындай және тиісті өндіріс ортанын қамсыздандырады .

«Смак» ЖШС қорлардың үйлесімді шығындауына ұмтылады және өнім өзндік құны төмендеуіне арналған құралдардың және бәсеке қабілеттілік қамтамасыз етуі. Компания мақсаты бәсекеде ең үлкен артықшылықтарға ие болу болып саналады. Фирманың философиясы деп мынаны айтуға болады: қол жетерлік және жоғары сапа. Ассортименттің кеңділігі,  ұсыныс жасай алады және жоғары сапа, немен бәсекешілерде . Фирма нарықта  белсенді орны алады. Сондай жағдайдың мономарки стратегиясы (барлық сүт өнімдерге арналған бірыңғай сауда белгісі) жоғарғы  табысқа жетуіне алып келеді .

Компанияға сондай-ақ  жаңа орама және өз сауда белгісі бар өнімдерді өндіруіне болады.

Болашақтар фирманың өндіретін өнімнің ассортиментінің маңызды анықтау :

—  компания перспективалы мұқтаждықтары;

—  мақсаттық базар , қайсы хабардар болу бәріне өнім түрлеріне;

—  маңызды позицияның қайсысы  сатып алушыларға әсер етеді.

Компания күшті жақтарымен келеді :

—     өнім сапа мен  орамасы  тұтынушылардың  қызықтырады;

—     дәм сапаның өнім — түрлеріне көбірек көңіл бөлуі;

—     тұрақты  жарнамалық жұмыстар өнімнің  өтімділігін арттырады ;

—     тұтыну деңгейі өндірістің көлемін арттырады;

—     компанияның қаражат  жайының тұрақтылығы.

Кәсіпорын қызметі тиімді жүзеге асып жатқандығын ,оның технико- экономикалық көрсеткіштері арқылы көруге болады, ол   4 — кестеде берілген.

4-кестедегі «Смак» ЖШС-нің берілген кестедегі қызметін талдасақ, ол жалпы тиімді болып келеді.     Өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте мағызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізіуден түскен табыс 2008 жылға қарағанда, 2009 жылы 45 548 598 теңге болып, 6 657 120 – теңгеге артты немесе 177,1 %.

Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2008жылы, 2009 жылға қарағанда 31 969 463 теңгеге өсті немесе 119,9 % деп айтсақ болады.

3-кесте – 2008-2009ж.ж «Смак» ЖШС-нің  өндірістік қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

өлш.бірлік

2008 ж

2009 ж

Ауытқу %

11

Өнімді өткізуден түскен табыс

Тг 38 891 478 45 548 598 177,1

22

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Тг 26 645 541 31 969 463 119,9

33

Жиынтық (жалпы ) табыс

Тг 12 245 937 13 579 135 110,8
44

Кезең шығындары

Тг 9 472 366 10 989 501 116,0
55

Негізгі өндірістен түскен табыс

Тг 2 773 571 2 589 634 99,3
66

Негізгі емес өндірістен түскен табыс

Тг 1 459 801 1 336 354 91,5
77

Салық салуға дейінгі табыс

Тг 4 233 372 3 925 988 92,7
88

Таза табыс

Тг 2 963 360 2 748 191 92,7
99

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны

тг

 

517 862,3 502 360,2 97,0
110

Персоналдың орташа жылдық саны

Адам 67 84 125,3
111

Еңбек ақы қоры

мың тг 37418,2 52962,2 141,5
112

1 жұмысшының орташа айлық жалақысы

тенге

 

46540,1 51320,0 110,2
113

Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны

Тенге 0,92 0,94 102,2
114

1 жұмысшының еңбек өнімділігі

 Тг 580 470 542 245 93,4

Жиынтық табыстың соммасы 2008 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1333198 теңгеге өсті, яғни 110,8 %.

  Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 157 135 теңгеге өсті немесе 116,0 пайызды құрады.

Келесі көрсеткіш — таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2009 жылы таза табыс -215 169 теңге кеміген.

Еңбек өнімділігі — өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2009 жылы -38 225 тенгеге кеміген.

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны — бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 502 360,2 тенгені құрады. Негізгі капиталды қолдану деңгейі біріншіден, кәсіпорындағы қордың қалыптасуы мен, техналогиялық саясаттың қалыптасуына байланысты, ал екіншіден- өнімді шығаруды ұйымдастырумен  өндірістік технологиямен байланысты .

Орташа айлық жалақы 10,2 %-ға өсіп, 2009 жылы 51320,0 тенгені құрады, сонымен қатар жұмысшылардың саны 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 17 адамға келді.Талдау кезіндегі экономикалық көрсеткіштің жақсаруы тек 2009 жылы кәсіпорындағы өндірілген өнім көлемінің ұлғайуына және өнімді өткізу 2008 жылдың кері өскеніне байланысты болды.

Басқарудың осындай жағдайында негізгі құралды осы және басқа  уақытта қалай қолдану  керектігін білу керек. Осы мақсат үшін негізгі капиталды қалай қолдануын сипаттап бағалайтын көрсеткіштердің толық жүйесі бар. Соның ішіндегі ең тиімділері, ол қор сыйымдылығы мен қор қайтарымдылығы.  Қор қайтарымдылығы өнімді өткізуді, негізгі құралдардың орта жылдық құнының қатынасына тең. Қордағы негізгі капиталды қолдану көрсеткішінің талдамы келесі 5-кестеде берілген.

5- кестеде көрініп тұрғандай, өнімнің қор қайтарымдылығы 2008 жылы 75 тг, ал 2009 жылы- 90,6 тенгені құрады. Қор қайтарымдылығының көрсеткіші, басқарушыларға белгіленген қордан алынатын табыстың көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өнімнің қор сыйымдылығын, яғни өнімнің 1 данасына неше негізгі қор кететінін білу керек.

Қор сыйымдылығы — ол экономикалық капитал салымымен, оны ұлғайтумен органикалық байланысқан, өте маңызды көрсеткіш. Талданылып жатқан кәсіпорынның қор сыйымдылығы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өзгеріс қалды. Кәсіпорындағы 1 жұмысшыға келетін еңбекпен қарулану қоры 2009 жылы – 5841,3 тенгені құрап, 1887,9 тенгеге төмендеді.

4-кесте –  «Смак» ЖШС-нің негізгі капиталды қолданудың жылжу көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер өлшем

бірлігі

2008ж 2009ж Ауытқуы

(+,-)

%
1 Өткізілген өнімнен түскен табыс

тг

38891478

45548598

6657120

177,1

2 Қызметкерлердің тізімдік саны

адам

67

84

17

125,3

3 Негізгі құралдың орташа жылдық құны

мың тг

517 862,3

502 360,2

-15 502,1

97,0

4 Амортизация нормасы

%

16,6

15,9

-0,7

95,8

5 Айналым құрал-дардың орташа жылдық құны

мың.тг

85856,2

94759,4

8903,2

100,3

6 Қор қайтарымдылығы

тг

75,0

90,6

15,6

120,8

7 Қор сыйымдылығы

тг

0,01

0,01

0

0

8 Қормен қарулануы

мың. тг

7729,2

5841,3

-1887,9

75,5

9 Амортизация соммасы

мың .тг

85965,1

79875,2

-6089,9

92,9

   Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін, жалпылама, жеке және қосымша көрсеткіштер жүйесін қолдану керек. Жалпылама көрсеткіштерге 1 жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік пен орташа сағаттық өнім өндірісі жатады, сондай-ақ  құндылық күріністегі 1 адамның орташа жылдық өнім өндіруі жеке көрсеткіштер – белгілі бір өнім бірлігін өндіру үшін кеткен уақыт шығыны (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе 1 адам-сағат немесе адам-күн үшін натуралды көріністе белгілі бір өнім шығарылымы. Қосымша көрсеткіштер бір бірлік уақыт ішінде белгілі бір орындалған жұмыс түріне немесе орындалған жұмыс көлеміне кеткен уақыт шығынын сипаттайды. Еңбек өнімділігін жақсырақ сипаттайтын көрсеткіш , ол 1 жұмысшының орташа жылдық  өнім өндірісі. Оның көлемі, жұмысшылар құрамындағы жұмысшының сыбағалы салмағына және орташа жылдық еңбек өнімділігіне байланысты. Еңбек өнімділігінің есептеулері келесі 6- кестеде берілген.

Кесте 5 —  «Смак» ЖШС-нің орташа жылдық өнімділігінің көрсеткіштері

         № Көрсеткіштер

өлшем

бірлігі

2008 ж

2009 ж

Ауытқуы

%

1 өнімді өткізуден түскен табыс

мың тг

38891478

45548598

177,1

2 Жұмыс істеушілердің орташа тізімдік саны

адам

67

84

125,3

3 Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі

мың тг

580469,8

542245,2

93,4

4 1 жұмысшының істеген орташа күн саны

күн

205

234

114,1

5 1 жұмысшының істеген орташа сағат саны

Сағат

1640

1872

114,1

6 Жүмыс күнінің ұзақтығы

Сағат

8

8

100

7 1 жұмысшының күндізгі өнімділігі

Теңге

2831,6

2317,3

81,8

8 1 жұмысшының сағаттық өнімділігі

Теңге

354

290

81,9

Бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі мен оның сыбағалы салмағы көп болған сайын, соғұрлым оның орташа жылдық жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі көп болады. 6- кестеде көрсеткендей 1 жұмыс істеушінің орташа жылдық өнімділігі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 38224,4 тг немесе 6,6  % кеміді. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны 2009 жылы 17 адамға, 25,3 % өсті. Бір жұмысшы үшін орташа жылдық өнімділік 2009 жылы 542245,2  тг, 6,6 % азайды, ал жұмысшылардың орташа тізімдік саны 67-ден 84 адамға дейін өсті және 17 адамға, 1 жұмысшының күндізгі өнімділігі 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 514,3 тг қысқарды. 1 жұмысшының сағаттық өнімділігі 64 тг, 18,1 % қысқарды.