Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия тағы басқа жабдық – тұтынушылармен ара қатынасты орнату.
3. Келесі кезек өндіріс факторлары.
а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу.
б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз – бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі, жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
6. Қажетті информация – ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
7. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
8. Бастапқы капитал:
1) жиналған қор;
2) несиеге ақша алу;
9. Өндірістік істің қорытындысы.
Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда – жалпы түсім алудағы өндірістік және комерциялық шығындар. Жалпы пайда-бұл салық төлегенге дейінгі пайда.
10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды төленгеннен кейін қалған пайда – таза пайда деп аталады.
11. Кәсіпкерліктің финанс жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады.
Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер х100%.
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл-инновациялық кәсіпкерлік ,яғни тәуекелдік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым сыйымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәукелдік, тиімділікке кепілдік болмауы мүмкін.
3.2. Коммерциялық.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі-тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады.
Тауар биржалары мынадай қызмет атқарады:
— сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
— тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді,
— баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлар мен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу-сату операцяларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингтік талдау жасау қажет. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.