Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру.Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.
Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:
— меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
— тәуекелдің соңын ойлау керек;
— аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.
Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын тиіс:
— берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;
— оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
— олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.
Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.
Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:
Кр = У / С,
мұндағы Кр – тәуекел коэффициенті;
У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;
С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі.

Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді
Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:
— диверсификациялау;
— таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
— шектеу;
— сақтандыру;
— жабу;
— хеджирлеу және т.б.
Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді.
Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.
Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады /7,181б./.
Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.