Франчайзингтің түрлері және ерекшеліктері

Франчайзингтің түрлері  және ерекшеліктері туралы қазақша реферат

         Франчайзингтің дамуы және түрлері

Өріс алушы нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:

1. Тауарлық франчайзинг

2. Өндірістік франчайзинг

3. Іскерлік франчайзинг

       Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы:  «TEXACO»,  « Chevron»,                                 « Procter&Gamble»,  «Coca-Cola».    

      Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды  пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары.

     Іскерлік франчайзинг —  жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады.

         Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:

  1. 1.     Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг.

Мысалы, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды.

2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca — cola» және «Pepsi»  компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.

3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг.  Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері.

4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады.

 

             Франчайзингтің ерекшеліктері

Франчайзингбизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады.  Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:

1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.

2. Салық салыну базасының қысқаруы.

Франчайзер үшін артықшылықтар:

—         өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;

—         шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;

—         меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;

—         лицензияны сатудан түскен табыс;

—         франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;

—         меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту;

—         жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

 

Франчайзер үшін кемшіліктер:

—         өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;

—         франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін;

—         франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы;

—         франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы

—         франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;

—         жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;

—         коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;

 

Франчайзи артықшылықтары:

 — шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;

 — дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады;

— материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;

— бизнес пен менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.

 

Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:

—         қызмет ету бостандығының шектелінуі;

—         сервистік төлем;

—         қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;

—         франчайзер компаняға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи-кәсіпорын үшін де тән болуы;

—         франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.

        

          Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:

—         инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;

—         жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардыңпайда болуына септік етеді;

—         бар өндірістерді дамытып, және жаңа өндірістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;

—         шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуілуіне тұғыр болады;

—         жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді;

—         елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;

—         қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді.

 Франчайзингтің дамуына, экономикадағы рөліне экономикалық талдау

                            Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау

             Қазіргі кезде франчайзинг жүйесі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту АҚШ-та, Еуропада жоғары дәрежеде дамуда. Халықаралық  франчайзинг ассоциациясының деректеріне сүйенсек,  қазіргі уақытта франчайзинг АҚШ-та ұдайы даму үстінде.  АҚШ-та   1500 франчайзерлік  жүйеде 350000 франчайзилік шағын және орташа сауда орындары дамуда. Ондағы франчайзингтік жүйе арқылы жылдық сатудың көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Саудада жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40% -тен астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді (болжам бойынша, 2010 жылы олардың саны 50%-ке деін жетуі тиіс ). Саудадағы франчайзинг жүйесі АҚШ-тың Жалпы Ішкі Өнімінің 15%-тін береді.  Жалпы Ұлттық Өнімнің 60% астамын шағын және орта кәсіпорындары береді, олардың 50% астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді.  Басқа мемлекеттерде де, франчайзинг айтарлықтай дамыған,  мысалға Еуропалық Одақ мемлекеттерінде 4000-нан астам франчайзилік жүйелер бар, ол жерде 1,5 млн-нан астам адам жұмыс атқарады,  ал жылдық айналымы 120 млрд. доллардан асады.

                 Әлемдегі франчайзингтің қолдану көрсеткіштері

 

Мемлекет

 

 

Франчайзингті

қолдануды бастаған жыл

Басты фирмалардың саны (франчайзерлер)

 

Кәсіпкерлердің саны (франчайзи)

 

 

 

Сату көлемі(млн.доллар США)

 

Австралия

1989

230

1033

Австрия

1988

30

1360

Бельгия

1987

77

4045

2,0

Канада

1993

1000

45000

38,4

Дания

1989

60

500

3,31

Франция

1990

675

29698

10,0

Ресей

1994

180

9000

3,38

Италия

1994

197

11560

2,10

Япония

1995

812

122450

32,7

Голландия

1988

244

8252

3,6

Норвегия

1989

120

850

0,3

Испания

1990

215

20000

 Швеция

1993

60

1000

1,5

Ұлыбритания

1994

385

19800

5,5

          Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарап, франчайзингтің бизнесті жүргізудің тиімді түрі екенін көруге болады.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты елдердің бюджетінің үшке жуық бөлігін ШОБ атқарушы франчайзингтік компаниялар қамтамасыз етуде. Жақын арада Халықаралық франчайзинг саласы осыған дейінгі қарқыннан да жоғары деңгейде дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер шетелдерде, сонымен қатар, Қазақстанда әлеуетті франчайзилерді іздестіруде, ал, көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар өздеріне белсенді түрде басқа елдерден әйгілі  компаниялардың лицензиясы мен құқықтарын, олардың қаржылық демеушілігінің арқасында, өндіріс пен қызмет көрсету технологиясын игеру кезінде пайдалы бизнес құру үшін франчайзерлерді іздестіруде.