Франчайзингтің маңыздылығы

Франчайзингтің маңыздылығы туралы қазақша реферат

        Франчайзингтің маңыздылығы – жүйелі келісім — шарттық қатынастардың болуы. Жасалған келісім-шарт бойынша, франчайзер           ( франшиза ұсынушы) франчайзиға (франшизаны сатып алушы)  технологиясын пайдалану құқығын сатып, оны шектеулі территорияда қолдануын және қойылған шарттардың орындалуын қадағалайды.   

ҚР-ның кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заңына сәйкес, франчайзинг — лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет. Ал,  лицензиялық кешен  деп бірқатар санаткер меншік обьектілеріне (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету таңбасына, патентке, ноу-хауға , өндіріс құпияларына) құқықтарды айтамыз.

       Жалпы мағынасында, франчайзинг — тауарлар мен қызметтерді өткізу, материалдық және қаржылық ресурстарды коопарациялау негізінде нарықты жаулап алу және дамыту тәсілі ретінде, сондай-ақ, шағын және орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады. Яғни, танымал ірі компаниялардың шағын фирмалар мен кәсіпкерлерге өзінің тауарлық белгісін пайдалану құқығын сату арқылы шағын кәсіпорындар торабын кеңейту мен қызмет тиімділігіне әсер ету мүмкіндігін айтамыз.

       Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі бір төлем негізінде өз атынан іс жүргізу құқығын беретін « ноу- хауды» иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі компания франчайзер (лицензияр) деп аталады. Ал, өндірістік және қызмет көрсетуші операциялар технологиясын, сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып, бұл құқықты алатын шағын фирма нмесе кәсіпкерді франчайзи (лицензиат) деп айтамыз.

        Франчайзер мен франчайзи арасында қарым қатынас франшиза деп аталатын лицензиямен реттеледі.

 Франшиза:

        біріншіден, франчайзерге тиесілі тауарлар мен қызметтердің айрықша атауын пайдалана отырып, франчайзиге келісілген кезең ішінде белгілі бір бизнес пен айналысуға рұқсат етеді немесе міндеттейді;

       екіншіден, франчайзерге бизнесті жүргізуді бақылауға құқық береді;

       үшіншіден, франчайзерге кәсіпорынды ұйымдастыру, персоналды оқыту, сатуды басқару т.с.с. бойынша франчайзиге көмектесу міндетін жүктейді;

       төртіншіден, франчайзерге франшиза үшін бастапқы жарна мен жүйелі аударымдарды (рояльти) төлеу франчайзидің міндеті болыптабылады.

     Франчайзер– тауар белгісі бар компанияөзінің тауарлық белгісін, атауын белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға қолдану құқығын ақылы түрде береді.

     Франчайзи  —  компания немесе жеке тұлғо болып табылады, ол франчайзердің саудалық белгісі мен атауын  анықталған келісім шартта ақылы түрде қолданады.

 Франчайзинг қандайда бір кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуде, сол кәсіпорында жоқ болуы мүмкін, елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді.  Франчайзи, франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалай отырып қамтамасыз етеді.

Франчайзинг екі жаққа да тиімді, бір жағынан лицензия берушіге  — франчайзерге, екінші жағынан лицензия алушыға – франчайзиға. Себебі, лицензия үшін, консультациялық көмек үшін, сонымен қатар сауда маркасын (франшиза) пайдалануға, франчайзи, яғни екінші кәсіпкерлік иесі, адам франчайзерге төлем ақша (роялти) төлеп отырады.

       Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны кәсіпкерлер қызметінің белсенділігін арттырады, ал бұл жағдай өз кезегінде әріптестер арасында басқару функциясын үлестіру бойынша өзара қатынастың қағидасы мен мәдениеті бойынша, бірігіп қызмет атқарудың барлық үрдісінің ақпараттық қамтамасыз етілудің негіздемесі мен әзірлемесін қажет етеді.