Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті төлемдер есебі

 Кәсіпорын жұмыскерлеріне есептелген еңбек ақыдан, еңбек шарты бойынша және қосымша жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан әр түрлі ұсталымдар жасалыды. Оларды екі топқа бөлуге болады:

Міндетті ұсталымдар

Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдар.

     Міндетті ұсталымдарға зейнетақы жарналары, табыс салығы, заңды және жеке тұлғаның есебіне жасалған нотариалдық кеңсенің жазбалары және атқару қағаздары бойынша ұсталымдар жатады.

Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдарғы: кәсіпорынның шеккен материалдық зиянның орнын толтыру үшін еңбек ұжымының мүшелерінен және жұмыскерлерден ұсталатын сомалар, есеп беруге тиісті соманың уақытысында қайтарылмаған бөлігі жатады.

Еңбек ақы есептеу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операция мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дт Кт
1. Еңбек ақы есептелді:

  • Құрылыс жұмысшыларына
  • Негізгі өндіріс жұмысшыларына
  • Көмекші өндіріс жұмысшыларына
  • Жалпы өндіріс қызметкерлеріне
  • Жалпы шаруашылық қызметкерлеріне
  • өнімдерді сатып-өткізумен шұғылданатын қызметкерлерге
 

2930

8010

8030

8040

7210

7110

 

 

3350

3550

3550

3550

3550

3550

2. Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталды 3350 3120
3. Еңбек ақыдан зейнетақы жарналары ұсталды 3350 3220
4. Еңбек ақыдан орындалатын құжаттар бойынша ұсталды 3350 3390
5. Еңбек ақыдан есеп берілуге тиісті сомалар бойынша қарыздар ұсталды 3350 1250