Жинақтаушы зейнетақы қорына аударым

Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпорын зейнетақы төлем көзі болып табылатын еңбекақыдан белгіленген көлемде аударуды жүзеге асырады. әр қызметкерге Әлеументтік жеке код (ӘЖК) беріледі. Ол мыналарда пайдаланылады:

  •   Қызметкерлер шотындағы шоғырланбалы қаражаттарға есеп жүргізу;
  •   Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтаушы зейнетақы шотының және жеке зейнетақы шотының есебін жүргізу;
  •  әр аалушыға өзінің жеке зейнетақылық төлемдерін бақылауға мүмкіндік тудырады.

ҚР Үкіметінің 29.12.1999ж. бекіткен №1671 «Есептеу, ұстау (есептеу) және міндетті зейнетақы қорына аудару тәртібі» Қаулыына сәйкес міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және төлеу қызметкерлердің ай сайынғы табысының он процент мөлшерінде жүргізіледі. Мұнда қызметкерлердің ай сайынғы табысы ең аз деңгейдегі бір айлық еңбекақының 75 еселеген мөлшерінен аспауы керек. Ұсталынған міндетті зейнетақы жарнасы жинақтаушы зейнетақы қорына келесі айдың табысын төлеу үшін айдың 15-ші күніне дейін аударылады.

Жарнаны аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлем жллымен жүргізеді. Жарнаны аудару барысында банкте әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалар тізімі жазылған екі немесе үш жанадан төлем тапсырысы беріледі. Онда қызметкерлердің жеке әлеументтік коды, аты-жөні, әкесінің аты, туған күні, аударуға жататын жарна сомасы мен кезеңі (ай, жыл) жазылған. Төлем тапсырмасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, ал қабылданғаны туралы банктің белгісі қойылған төлем тапсырмасы мен тізімнің екінші данасы агентке қайтарылып беріледі