Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның бос уақытының көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: | Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы. Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. |
Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану. |
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Әрбір қоғамда адам қажеттіліктері шектеусіз, ал оларды қанағаттандыратын экономикалық игіліктер немесе ресурстар шектеулі . Экономикалық теория ғылымы шектеусіз адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үшін шектеулі ресурстарды қалай орналастырып жеткізу керектігін
зерттейтін ғылым.Экономикалық теорияда қарастырылатын, зерттелетін құбылыстар мәні экономикалық категориялар мен экономикалық заңдар арқылы бейнеленеді.
Экономикалық категориялар- экономикалық құбылыстардың мәнді жақтарын көрсететін түсініктер. Экономикалық заң- экономикалық құбылыстар арасындағы қайталанатын үздіксіз байланыс.
Қоғамдық өндірістің алғы нысаны натуралды шаруашылық. Натуралды шаруашылықта еңбек өнімдері өндірушілердің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұтынуға тікелей бөлу арқылы түсіп отырады.
Өндірістің натуралды формасы бүкіл экономикалық процестерді қатты тежейді, сыртқы байланыстарға жол бермейді, сондай-ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі өсуі өте баяу процесс. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе дамушы елдерде орын алуда.
Жалпы алғанда, натуралды шаруашылық тауарлы шаруашылықпен қатар дамыды. Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және натуралды шаруашылыққа тұп тура қарама-қарсы. Тауар өндірісі деп отырғанымыз, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір формасы ретінде, адамдардың экономикалық қатынастары нарық арқылы, еңбек өнімдерін сатып алу сату арқылы көрінетін процесс. Тауарлы өндіріс дегеніміз өнімді өндірушінің тікелей өзі тұтыну үшін емес, нарыққа шығарып сат үшін өніретін өндірісті айтамыз.
Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген тауарлы шаруашылықтың даму сипаты- нарықтың дамуына байланысты .