Экономикалық өсудің перспективалары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының аумақтық аспектісі өзара байланысты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Бірінші – олардың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда өңірлерде экономиканың басым секторларының өндірістерін ұйымдастыру.

Екінші – елдің қалыптасып жатқан мегаполистерінің және оларға іргелес аумақтардың негізінде басып оза  өсу  аймақтарын құру.

Қарастырылып отырған кезеңде индустриялық жаңғырту негізінен экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі салаларын, сондай-ақ өндіріс  факторларын  қарқындату негізінде осы секторлардың сұранысына бағдарланған ілеспе салаларды дамытумен айқындалатын болады.

Қалыптасқан оқшаулау орталықтарында дәстүрлі және секторлардың ішкі сұранысына бағдарланған өндірістерді орналастыру шикізат, электр энергиясы және көлік инфрақұрылымына немесе өткізу нарықтарына жақын көздеріне байланыста жүзеге асырылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп және туризм саласында экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту осы секторлардағы қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және елдің еңбек ресурстары ұтқырлығының салыстырмалы түрде төмен болуын ескере отырып, ірі қалалардың базарларына бағдарлана отырып, осы салалар үшін дәстүрлі өңірлерде немесе еңбек ресурсы жоғары өңірлерде жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың ұзақ мерзімді және сапалы  өсу  перспективалары жоғары технологиялы, инновациялық жаңа өндірістердің қажетті ғылыми-техникалық және білім беру әлеуетіне, коммуникациялық  инфрақұрылымға ие қалыптасып жатқан Астана және Алматы агломерацияларына және оларға іргелес аумақтарға  шоғарылануымен айқындалатын болады.

Еңбек пен капиталдың ауқымынан, ұтқырлығынан үнемдеуде көрініс тапқан агломерациялық әсер, өндіріс  факторларынан  қайтарымдылықты ұлғайту жиынтығында осы қалаларда елдің қалған өңірлері үшін жаңа мүмкіндіктердің мультипликациясымен экономиканың баса оза өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бизнестің, мемлекеттің салалық және аумақтық органдарының іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік беретін тұрақты түрде өзектендірілетін құрал өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы елдің өндірістік әлеуетін оңтайлы орналастырудың құралына айналады.

Бұл ретте Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, сондай-ақ басқа да қала құрылысы құжаттарын (аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтың қала құрылысын жоспарлайтын кешенді схемалар, елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу үшін негіз болып табылатын Қазақстанды аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының құрамдас бөлігіне айналады.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес сараланған ірі қалалар агломерация әсері негізінде мультипликативтік ауқымда бәсекелі артықшылықтарды реттей отырып,  экономикалық   өсу  орталықтарына айналады.

Қазақстанда негізгі сауда-саттық жолдарында орналасқан Астана және Алматы қалалары осындай әлеуетке ие. Олар сауда, қаржы, технология және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесіндегі аса маңызды орталықтарға айналуы тиіс.

Осы мақсаттарда Астана және Алматы қалалары мен оларға іргелес Алматы, Ақмола облыстарының аумағында мынадай жартылай функционалдық аймақтар қалыптастыру ынталандырылатын болады: технологиялар трансфертіне бағдарланған жоғары технологиялы өндірістер, озық шетелдік компаниялардың процессингтік орталықтары (БК, филиалдар);инновациялық даму (Алматы қаласындағы «Алатау» АТП, Астана қаласындағы Nazarbayev university); жалпыұлттық және перспективада орталықазиялық дистрибуция (сауда және қызметтер);

перспективада Орталық Азиядағы аса ірі сауда-логистикалық орталықтар (Сингапур, Гонконг үлгісінде), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көліктік-логистика және логистика-процессингтік қызметтер;туристік-рекреациялық мамандану – Алматы және Ақмола облысының аумақтарына іргелес рекреациялық ресурстардың ірі шоғырларының, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының негізінде (мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск – Бурабай аймағында ойын бизнесі орталықтарын құру);спорттық мамандану (Алматы қаласын қысқы спорт түрлерінің халықаралық орталығына айналдыру); медициналық және білім беруде мамандану (Алматы және Астана қалаларында ұлттық, кейіннен өңірлік деңгейдегі орталықтар қалыптастыру); бизнесті ұйымдастыру және жүргізу (Алматы және Астана қалаларына халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, аса ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын көшіруді ынталандыру);азық-түліктік мамандану (мегаполистердің азық-түлік белдеуі).

Перспективада Алматы агломерациясы  өсу  орталығы ретінде өзіне Қапшағай бағытындағы серіктес қалаларды қамтитын болады.

Астана қаласын  өсу  полюсі ретінде дамыту даму дәліздерін қалыптастыру және перспективада кейіннен оған Қарағанды агломерацияларының қалаларын және Щучинск – Бурабай курорттық аймағының тарту негізінде  өсудің  желілік аймақтарын қалыптастыруға айналуы тиіс.

Негізінен сервистік функциялардың шоғырланыумен қамтамасыз етілген Астана және Алматы қалаларын жеделдете дамыту ішкі сұранысқа бағдарланған секторлар үшін мультипликативтік әсер етеді.

Экономикалық   өсу  орталықтарын қалыптастыру мақсатында Астана және Алматы қалаларын дамытуды қолдау  экономикалық  белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың түрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.