«БТА Банк» АҚ-ның лизингтік қызметін талдау туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияны жүргізудегі ерекшеліктерін түсіну үшін біз республикамыздың алдыңғы қатарлы банктердің бірі «БТА Банк» АҚ-ы мысалға алдық.
Бүгінгі күні «БТА ORIX Лизинг» компаниясы Қазақстанның 12 өңірінде лизингтік қызмет көрсетумен айналысып келеді. Қазақстандағы банктік лизинг бизнесінің алғашқыларының бірі ретінде «БТА ORIX Лизинг» компаниясының бастамасымен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының жанынан Қазақстандық лизинг берушілер қауымдастығы құрылды.
Сонымен қатар 5-суретте «БТА ORIX Лизинг» компаниясы арқылы «БТА Банк» АҚ экономиканың секторлары бойынша лизингтік мәмілелерді қаржыландыру құрылымын көруге болады.
0 |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
Жылдар |
«БТА ORIX Лизинг» компаниясының лизингтік қоржынының құрылымына талдау жасасақ, онда негізінен құрылыс саласы басым үлес алады. Оның себебі, 2009 жылға дейін Қазақстанда құрылыс секторының қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар біршама жоғары үлесті металлургия (15,2%), тау-кен өндірісі өнеркәсібі (9,2%) және көлік (8,76%) салалары алады
«БТА ORIX Лизинг» компаниясының лизингтік қызметі Қазақстанның барлық өңірлерінде оның құрған 22 филиалдары арқылы жүзеге асады. Олардың ішінде лизингтік қызметті белсенді түрде көрсететін филиалдарға: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Карағанды, Өскенмен қаласындағы бөлімшелер жатады. 2006-2008 жылы ең көп жасалған лизингтік келісім-шарттар жасаған филиалдарға Алматы – 19,1%, Астана – 16,2%, Атырау – 15,3%, Қарағанды 15,7%, Өскемен – 8,3% жатады.
«БТА Банк» АҚ «БТА ORIX Лизинг» компаниясы арқылы бүгінгі күні қаржылық және қайтарылмалы лизинг түрлері бойынша қызмет көрсетеді. Ең көп лизингтік мәмілелер қаржы лизингі бойынша жасалған. Лизинг беруші мен лизинг алушының салық салу тетігін оңтайландыруға бағытталған қайтарылмалы лизингтік келісім-шарттар да банктің несиелік қоржынынан кездеседі.
Бүгінгі күні шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қымбат құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкін емес екендігі белгілі. Лизингтік компаниялар мұндай жағдайда лизингке берілетін мүліктің құнын 90%-ға дейін қаржыландырады. Лизинг алушылар өз қаражаттарының аз мөлшерін салуға тиіс.
Лизингке берілген құрал-жабдықтар мен техникалардың көбі шетелден әкелінетіндігі белгілі. Мысалға, 2008 жылы берілген лизингтік мүліктердің төрттен үші импортқа әкелінген заттар болып табылған. Оны төмендегі 3-кестеден байқауға болады.
Кесте 3 − «БТА Банк» АҚ-ның жабдықтаушы елдер бойынша импортталған лизингтің көлемі, млн. АҚШ долларымен
Жабдықтаушы ел |
Сатып алынған лизинг заттарының жалпы құны |
АҚШ |
22 820 |
Ұлыбритания |
4 500 |
Германия |
18 320 |
Италия |
1 800 |
Финляндия |
6 500 |
Қытай |
53 000 |
Чехия |
48 000 |
Оңтүстік Корея |
8 730 |
Ресей |
19 360 |
Украина |
4 200 |
Өзімізге белгілі қазіргі таңда лизинг операциясымен айналысатын жиырма лизингтік компания нарыққа әйгілі, бірақ та оның ішінде бәрінің де қаржылық жағдайы бірдей емес.