Бо Пу туралы қазақша реферат
Бо Пу мен Ма Чжиюань, У Чанлин мен Ван Шифу Юань кезеңіндегі қытай ақындары мен драматургтарының негізгі тұлғалары болып табылады. Олардың туындылары жаңашылдық негізде де үлкен жинаққа енді. Бо Пудың «Сюаньцзунның күзгі түнінде шынарлардағы жаңбырдың қайғылы күйде болуы» атты трагедиясы тарихта болған сюжетке жасалды. Ол Сюаньцзунның керемет патшалық құруы мен кенеттен құлауы туралы оқиға негізінде болды. Бұл көптеген ақындардың назарын аудартты. Оқиға жаңашылдығы Ду Фуда әшкерелеу негізінде(«Ару», «Әскери доңғалақ» әңгімелері) бейнеленді. Бірақ өткендегі оның ендігі ойы лирикалық тұрғыда(«Өзен жағасында жылаймын» өлеңі) қарастырылды. Бо Цзюйинді де («Сынған қолды қария»), оның ақын достары сияқты әшкерелеу тақырыбы қызықтырды. Бірақ Чэнь Хунның аттас новелласы «Мәңгілік сағыну туралы әнінде» лирика жанрына сәйкес жазылды. Қайта өрлеу дәуірінің ақыны ретінде Бо Цзюйи әңгімеге бір мәселені қойды-сезімді махаббат. Ол сюжетті тек ғашықтардың қайғысы мен бақыты ретінде түсіндірді. Махаббаттың әлсіз әйелді мен Сюаньцзунның өзін де жаулап алғанын көрсетеді. Бо Цзюйи адамның шексіз билігін де аша көрстті. Новеллада әңгіме объективті тұрғыда жүргізілді. XIII—XIVғғ. сюжет дайын болды және түрлі мазмұнда қойылды. Бірақ Бо Пу бұл мотивтерді драматургтық мазмұнға аударуда бұрынғы әдіспен қолданған жоқ. Оның алғы сөзі болашақ бүлікші Ань Лушань көрінісімен басталды. Ол тапал бойлы, бірақ мықты адам кейпінде бейнеленді. Ол алты тілді меңгерген, қытайлықтарда қызмет еткен, өгей әкесінің қытай фамилиясын иеленді, бірақ өзін түрік деп санады және «ғажап көріністер» оның туғанынан бақытты болашаққа жетелейтініне кәміл сенді. Ұрыста кенеттен болған сәтсіздік үшін оны өлім жазасына кесті, жазаны бекіту үшін оны астанаға әкетті. Император жазаланушымен кездескенде оның жарамсақтығы үшін оған өмір сыйлады, ал кейін Ян Гуйфэйдің сұранысы бойынша оған қызықты қортықты «асырап алуға» берді. Бұл шексіз билікті адамның және ашынаның еркелігі болып табылады. Бірақ, кейін Сюаньцзун «жабайының зұлымдығы мен қаталдығын» біліп, оны шекараға жөнелтті. Қойылым Ань Лушаньның монологымен аяқталды. Ол ашынаның ағасынан кек алуды көздейді. Себебі ол оның сарайда қалуына кедергі жасаған болатын. Өзінің Ян Гуйфэйді жеңгенімен мақтанып, қойылымды мынадай кауіпті сөздермен аяқтады:
Тақсыр, жолбарыс аяғына жығылғанша дейін күлуші болма!
Ол сені өзінің қатал азуымен және тырнақтарымен қалтыратады!
Бірінші және екінші қойылымның алғы сөзінде бұлтсыз аспанды жиектей қара бұлттар пайда болады. Оның бас кезінде бүлікшілер былай айтады: жорыққа шығуға оның сылтауы да дайын, оны «опасыздарды жазалау үшін император шақырған сықылды». Бұндай дауыл алды атмосферада бірінші қойылымда Сюаньцзун мен Ян Гуйфэйдің мәңгі махаббатта серт беріскен жыныстық көріністері қойылды; екінші қойылымда мерекенің өтуі, ашынаның би орындауы «қанаттан жасалған көйлек, киім-шұғыла». Кенеттен болған жайттар логикалық тұрғыдан жақталды: бүлік туралы, тәжірибелі қолбасшының жеңілуі, қолдағы әскердің болмауы… Үрейле император өзінің барлық сарайымен алыс таулы бекініске көшу туралы шешім қабылдайды. Бірақ үшінші қойылымда тақсырдың жолын басқа күштер тежейді: олар оның халық алдындағы ақсүйек қарызын есіне түсіреді, және әскерлер қолбасшылар емес, қарапайым әскерлер қалғанын айтады. Сэаньцэун балаларымен туған отанын қорғауға дайын қарияларға әскер, мықты қолбасшылар мен өзінің мұрагерін қалдырады. Бірақ әскерлер қатардан шығудан бас тартады, және ашына мен оның ағасын опасыздық үшін жазалау керектігін талап етеді. Император ғашығының ағасын зорлық-зомбылыққа беруге мәжбүр болады. Император Ян Гуйфэйді «өзін өзі өлтіру» бұйрығымен сақтап қалады, бірақ әскерлердің аттары оның барлық денесін басып тастайды. Бұл даулардың шешіміне былайша қорытынды жасалады: халық мұрагер мен әскерлер көмегімен бүлікшілерді жаныштайды. Сондықтан да үшінші қойылым халыққа жеке адамдардың қайғысына қарамастан жабайыларды жеңуде үміт береді. Бірақ бұл мерейтой сахнаның артында қалады. Соңғы қойылым Сюаньцзун тағынан бас тартқан адамға арналады. Өткір оқиғаларға толы тарихи жағдайлар драматургке өзіндік мақсат емес, ол тек басты кейіпкердің уайымын ашу құрал ретінде қолданды. Сюаньцзунды монарх ретінде бейнелей отыра, драматург одан елге деген жауапкершілігін алмады. Оның қолбасшылар мүмкіндіктері, олардың кездейсоқ опасыздықтары, Ань Лушаньмен айтылған жалған өсектер, Ян Гуйфэйдің онымен ымырасы да жүгін жеңілдетпеді. Басқаша айтқанда бұрын басқалар айыпталған істері үшін соңында өзі кінәлі болып қалды. Бірақ император еріктен айырылмаған, өз міндеттерін орындай алады: Ань Лушаньді қызметтен босату туралы үкім шығарды, билікті мұрагерге беруді жөн көрді. Және империяның дағдарыс кезеңі бұрын өз күшінде сенімді болған шексіз билікті адамның жанына іріткі салды. Кейіпкердің ішкі әлемінің талдамасы алғы сөзден басталады. Сюаньцзун өзінің бірінші монологында жиырма жыл бұрын барлық ел үшін жеңіс пен бейбітшілікке қол жеткізгені туралы айтты. Сұлу Ян Гуйфэйге ғашық болғанын да айтқан. Бірінші және екінші қойылымдарда «мемлекет істерінен шаршағанын» және барлық ойы тек Гуйфей туралы болғанын мойындады. Жағдай қарқынының өсуімен оның шынайылықты айтуы жиілейді: «адамдарды дұрыс айыра алмадым», «сарай қабырғасында» өмір сүріп бәленің жақындағанын байқамадым деген сөздері айтылады. Әскерлердің бағынбауынан, өзінің мінез-құлқының өзгергенін байқады: «Сенің бұйрықтарың мықты —әскерлер саған адал, сен әлсіздік көрсетсең—әскер әдепсіз бола бастайды». «Ішкі сарайдағы гүлдер» атты ән өзгерістің себептерін аша түседі. Яғни, махаббат арқылы барлығы да ұмытылады. Шарықтау шегінде қарыз үшін өз махаббатын жеңуде барлық күшінен айырылды. Отан үшін құрбан болған Ян Гуйфэйді еске алып қайғырумен өтеді. Соңғы сөзін былайша айтқан болатын:
Ешкім де ешқашан да бұлай қатал болмаған,
Әйел адамды тұяқпен құмға таптау-бұл не деген сұмдық!
Енді Сюаньцзун, билік басынан кетіп өзінің ғашығын бейіттің алдында жоқтайды. Ол Бо Цзюйи мен Бо Пудан гөрі ғашығын осы әлемде іздеп таба алмайды, ал түсінде ғашығы Сюаньцзуньүшін шынайы болып табылады. Автор дидактикадан алшақ жүргенді қалайды. Ол кейіпкердің тұтас көрінісін өзінің қайғысымен ұштастыра бейнелейді: түстерде Гуйфэймен ұқсастықтар байқалады, ал жаңбыр жасында өзінің тағдырымен ұқсас кездерін көрсетеді. Бо Пу реңктердің ерекше байлығын көктем тамшылары мен жаздың нөсері арқылы бейнелейді. Сюань-цзун-монархтың некесін бұзып, Бо Пу оны адам ретінде жоғары көтерді. Гуманист, Ань Лушаньның дөрекі күші мен алаяқтығына Сюаньцзунның қайырымды сезімдері басшылық етеді. Махаббат сезімімен толған ішкі әлемді бейнелеуде драматург «Жаңару» дәстүрін қайта қалыптастырды. Қарыз бен сезім арасындағы дауды жаншуда Бо Пу өзінің жаңашылдығымен ерекшеленді.