ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген « тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны арттты.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан-байтақ өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгага ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға ауасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады. Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз жазық дала орталық Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстікке қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады. Республика аумағы 4 аймаққа бөлінеді.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд. м³ ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты. Онсызда ауа алмасуы нашар қаланың құрылыстары оның жолына азын-аулақ бөгет болуда. Мысалы, тау аралық ауа қозғалысының долында тұрған аумаққа «Самал» ықшам ауданының салынуы осыны аңғартады. Оның орнына Фурманов, Достық көшелерінің аралығындағы Медеуден келетін ауа қозғалысының жолында тұрған осы ауданда үлкен бақ, парк жасаса, ол қаланың өкпесіне айналған болар еді.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деграцияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 проценті шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн га жайылым, 34млн га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясы, 60 млн га тұздану, 10 млн га химиялық және радиактивтік заттармен ластанған. Солтүстік облстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қара шірігінің 25-30 % жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы мың га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптің қалдықтарымен ластануы, ауыр метелдардың жинақталуы, радиоктивті элементтердің және ракета ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңа Дария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржолата жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойнша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклитпен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол Республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр. Соңғы жылдары байқалып отырған әлеуметтік климатттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейітті белдемдеріне әсерін тигізіп, егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агро-техникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендеттті. Топырақтың ауыр металлдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоктивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптен шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн тонннаға жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. Павлодар, Екібастұз, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және отты заттармен ластануға ұшыраған. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақсатан аумағында ядролық қарулар сыналған жердің көлемі Ақтөбе облысында- 4207,5; Атырау-2635,3; Шығыс Қазақстан-11,1; Жамбыл-2576,1; Батыс Қазақстан-1558,8; Орталық Қазақстан-19,6; Маңғыстау-21,4; Павлодар-717,0: Оңтүстік Қазақстан-8,1; Семей-941,2 мың га жерлерді қамтыған. Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидттерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Жер шарында орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Яғни, Республикамыздың барлық жерінің 3,35% құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша азая түсуде. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері- адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптарға жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі – дәрмектік өсімдіктердің, жеміс- жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. Ормандардың егістік алқаптарды қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын қасиеті де бар. Мысалы 1га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп щығарады. Яғни, ауаның құрамын толықтырып отырады. Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен – тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылым басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі- сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру. Сирек және дәрілік өсімдіктерді қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдікке бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың да саны азайып барады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан, сирек кездесетін өсімдіктердің азайюынан бүлінуде. Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесікатырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн га жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызап, қамқорлыққа алуымыз керек. Сирек өсімдіктердің қотарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, емен т.б. ағаштарды қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе, орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты- жасанды жолмен орман қорын көбейту. Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе — өрт. Өрт көбінесе адамдар жіберген ағаттығынан болады. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар- орман зиянкестері кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырауқұлақтар мен вирустар. Оларды жою химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады.