Орал қаласы

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік батыс аймағында орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань, Волгаград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен шекарасы бар.
Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Орал қаласы жақын маңдағы елді мекендерді қоса есептегенде 700 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен оңтүстікке қарай – 8 км, батыстан – 12 км. Қалада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала халқының жалпы саны – 240 мың адам.
Ағаш егістерінің жалпы көлемі 6000 гектар, тұрғын үй қоры – 4 млн. шаршы метрден астам.
Орал қаласы Жайық өзені ағыстарының орта оң жақ бойында орналасқан. Өзен бойы өте әдемі, көк орай шалғынды, ағаш, бұталы. Қала маңында ағып жайыққа келіп құйылатын Деркөл, шаған өзендерінің де табиғи ерекшелігітері мол. Зачаганск және Круглоозерное поселкелері арасында Свистун гора деген үстірттеу жер бірден көзге шалынады.
Орал жас көшеті мол қала, мұнда екі тоғай және үлкен бақ бар. Қала маңының флорасы өте бай. Көптеген өсімдіктің арасында дәрі-дәрмекке және емге қолданатыны бар. Бұл жерде түрлі саңырау құлақта өседі. Жануарлар әлеміне келетін болсақ ол да сан түрлі. Мұнда қоян, түлкі, қасқыр және күзен сияқты жабайы жануарлар мен қатар құстар да мол. Өзендері мен көлдері неше түрлі балықтың қоймасы іспетті. Мұнда шортан, ақбалық, жайын, майшабақ, ақмарқа және өзге балық түрлері көп.
Жергілікті ауа райы қыста қатты аязбен, жазда шыжыған ыстығымен ерекшеленеді. Күз айлары мен көктем айлары қыста біршама жылы болады.
Шежіресі тарихтың тереңіне кететін ертеден даңққа ие болған Орал қаласына 400 жыл. Еуразия даласының нақ ортасында орналасқан бұл қаланың тарихы неолит заманынан басталатын археологиялық олжалар көрсетеді. Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары көшпелі қоғам өркендеп тұрған уақытта мұнда савроматтар мен сарматтар тайпалары мекендеген. Алғашқы қалашықтардың пайда болуы Орал өзені бойында сармат-алан және оғыз-пешенег тайпаларымен байланыстырылады. 14-15 ғасыр ресей мемлекетінің құрылу кезеңі, феодалдық қатынастардың қарқынды дами бастаған шағы. Бұл кезде Жайық өзені, көптеген басқа жерлер сияқты қашқын шаруалар мен посад адамдар мекеніне айналады. Сол уақытта қалашықтар да салына бастайды. Шамамен, 1613 жылдары орал қалашығы да белгілі бола бастайды. Алғашында «Яицкий городок» деп аталатын қалашық тапша Екатерина бұйрығымен аты өзгертіліп Орал деп аталып келеді. Жайық өңірінде 1773-1775 жылдары Емельян Пугачевтің басшылығымен шаруалар соғысы басталып, Ресей патшалығын др сілкіндіріп өтті. Одан сәл кейін Сырым Датұлының басшылығымен көшпенді қазақтардың Ресейдің отаршыл саясатына қарсы көтерлісі басталып, патша өкіметі оны аса қатігездікпен басқан болатын.
Өткен ғасырдың аяғы мен ХХ басында Орал қаласы өнеркәсібі дамыған мәдени орталыққа айналады. 1905 жылы мұнда қазақ ұлттық және социал демократиялық ұйымдары пайда болады. Көп кешікпей патша өкәметі құлап оның орнына кеңес өкіметі билікке келеді. Азамат соғысы кезінде Орал қаласы кеңес өкіметінің арқа сүйер қалаларының біріне айналып мұнда көптеген күрделі мәселелер шешіліп отырды. Қаладағы саяси жағдай бұл кезеңде өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Оның басты себептерінің бірі мұнда қызылдар, ақ қазақтар, алашорда қозғалысы, кедей қазақ шаруалары мен жұмысшыларының бір жерде орналасуы еді.
Қазан төңкерісі «барлық адамдарды бірдей жарылқаймыз, бақытты қыламыз, теңдік орнатамыз» деген ұранмен жасалған болатын, алайда уақыт адамды жұмаққа күштеп апаруға мүмкін еместігін дәлелдеді, ал Қазан төңкерісінің қанды қылышы миллиондаған адамдардың өмірін қиып өтті. Бұлардың ішінде тек ғана В. И. Чапаев, М. В. Фрунзе, И. С. Кутяков, Б. Қаратаевты, Г. Жуковты ғана атап кетсек тарихқа қиянат жасар едік, себебі бұл есімдермен қатар Жанша мен Халел Досмағанбетовтер, М. Бородин, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин т. Б. Болған еді. Олар да жоғарыда аталған мақсат-мүддені ұстанды, ерекшелігі бұл мәселені бейбіт жолмен шешуді армандады.
1920 жылдың тамыз айында Қазақ автономиялық республикасы құрылып, оның көш басында біздің жерлестеріміз М. Мырзағалиев, С. Меңдешев, О. Исаев сынды азаматтар болды.
1932 жылғы наурыздың 10-да Батыс Қазақсатан облысы құрылды, оның орталығы орал қаласы болып бекітілді.
Ұлы отан соғысы кезінде Орал қаласы Сталинград майданының ең жақын орналасқан тылы болды. Мұнда орталық аймақтардан 14 қорғаныс кәсіпорын, 20 госпиталь келіп орналасты. Сонымен бірге мұнда көптеген әскери құрылымдар ұйымдастырылып соғысқа аттанды. Олардың қатарынан 39 адам Совет Одағының Батыры деген атаққа ие болды. Ал Орал әуе клубының түлегі Л. Беда бұл атақты екі мәрте алды. Шығыс әйелдерінің арасындағы екі батырдың біреуі М. Мәмбетова – біздің жерлесіміз.
Қаланың сырт келбеті де бірегей, өзінің қайталанбас кескіні бар. Ең алдымен бұл ретте тарихи ескерткіштерді атар едік, олардың ішінде: Е. Пугачев үйі, әкімшілік орналасқан ғимарат, ескі собор.
Қазіргі келбетіне сән беріп тұрған ғимараттар да баршылық – Абай, М. Мәметова ескерткіштері, әуе және темір жол бекеттері, ықшам аудандар, биік үлгідегі салынған ғимараттар.
Бүгінгі күнде Қазақсатандағы ең көне қалалардың бірі болып саналатын Оралдың тарихи мұрасын сақтап қалу үшін көптеген игілі істер жүзеге асырылуда, алайда талай мәселе өз шешімін күтуде.
Орал мәдениеті бұл өңірде ғасырлар бойы өмір сүрген көп ұлттардың рухани жиынтығы. Ол өзінің шырқау биігіне ХІХ ғасырда жетті. Сол кезде Орал қаласы қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның ең ірі қаласы болатын.
Сауда мен өнеркәсіп саласының дамуымен бірге мұнда ірі-ірі мәдени ошақтар пайда болды. Олардың қатарында театр, музей, кітапханалар бар. Бұл кезде басылымдар да пайда болды.
Халық композиторлары Дәулеткерей мен құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да орындаушылар Орал өңірінің мақтанышы. Оған дарынды орал казактарының фольклорын қосыңдар. Туа біткен дарындарға толы өлкені орыстың, батыс елдерінің ғылымдары зерттеп, халық өнеріне жоғары баға берген, оның өзге жұртқа танылуына себепкер болған. 1833 атақты орыс ақыны А. С. Пушкин келіп Қозы Көрпеш – Баян Сұлу дастанын жазып алған. Орал өңіріне келіп зерттеулер жүргізген Ресей ғалымдары А. Левшин, П. Рычков, шетел ғалымдары – П. Палмас, Ч. Георги, Д. Эльтон мен Д. Касталь.
Орао қаласына әр жылдары келіп кеткен атақты жазушылар мен ақындар арасында Г. Державинді, В. Жуковскийді, Т. Шевченконы, А. Плещеевті, Л. Толстойды, В. Короленконы атап кетейік.
Татар классигі Ғ. Тоқайдың шығармашылық өнері Оралдан басталған еді. Атақты мысал жазғыш И. Крыловтың балалық шағы осы қалада өтті. ХХ ғасырда да мұнда мәдениет пен өнер дамып, биік дәрежеге жетіп отыр.
Бүгінде қалада орыс және қазақ драма театрлары, филармония, 4 мұражай, 6 кинотеатр, 11 мәдениет сарайы мен клубы жұмыс істейді. 24 кітапхананың кітап қоры 1 миллион томнан асады.